Материалдар / "Ұстаз - ұлы есім" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұстаз - ұлы есім" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұстаз - ұлы есім" тәрбие сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдасы тиер деген ниетпен жариялап отырмын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
2565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы есім»
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Жүрісі: 
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

1-жүргізуші:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:
- Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы.

1-жүргізуші:

Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. 

2-жүргізуші:

Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас, 
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы...

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы, 
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

2- жүргізуші:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, 
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

  1. жүргізуші:

Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берейік.
 

1-оқушы: 
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, 
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып, 
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы
Жалын атып, от боп, бірге жанасың, 
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен, 
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың 
3-оқушы: 
Мұғалімді анамдай жақсы көрем, 
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне, 
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
4-оқушы:
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, 
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын, 
Көкіректе көретұғын көзім бар 

5-оқушы: 
Мұғалім-ұстазысың балалардың, 
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

6-оқушы:
Өткізіп өз алдыңнан талай бала, 
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, 
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға 
7-оқушы
Атағым Алатаудай болып биік, 
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

2-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз, 
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, 
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 
Ән: «Ұстазым» Орындайтын: сынып оқушылары

1-жүргізуші:
   Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2- жүргізуші:
-    Ия, расымен де, солай ғой. Ал ендеше осындай жүректі де сабырлы жандармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар? - Әрине жасайық.
-  Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте  қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
8. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
9. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
10. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Жүргізуші:
-    Көп рахмет сізге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергеніңізге ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыз, соны мына "смайликтер" арқылы көрсетіп, қайталап берсеңіз дейміз. Және бір өтініш, сізге ұнаған сұрақты қойған оқушыға мына сыйлықты қолтаңбаңызбен табыс етсеңіз дейміз.
(қонақ берілген сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, оқушыға табыс етеді)

Ән: Бала тілегі

1- жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
2- жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар, 
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп, 
Айналайын білім берген ұстаздар- деп оқушылар құттықтауына кезек берейік. 

8-оқушы
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында  
9-оқушы
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек, 
Сен өмірдің ұстазы боласың да! 

10-оқушы: 
Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен, 
Сен ұялдың кір болса менің жейдем. 
Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп, 
Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең 
 
11-оқушы: 
Алғаш рет оятқансың санамды, 
Алғаш рет ұстатқансың қаламды. 
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін 
Түсіндірген жақсы менен жаманды. 
12-оқушы: 
Ұстаз бізді білім беріп өсірген 
Қатемізді әрқашанда кешірген 
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым 
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.  

13-оқушы: 
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, 
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың 
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, 
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

1-  жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма, 
Арқаң деп сенің ұғамын 

2- жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. 

Ән: «Ұстазым» 

Оқушылар кезектесіп айтады:

М -мейірімді, Ұ- ұлағатты, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л- лайықты, І-іскер, М- маман Бұл кім, балалар? Әрине - МҰҒАЛІМ

Жүргізуші:

Дария судың ағыны,

Құрметтеген шәкірті.

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!


«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ

Келісемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары:

________ А.М.Смагулова

_______ Д.Т.Нуркасымов

« » қазан 2018ж.





«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ»

3 «А» сыныбы





Сынып жетекшісі: Нугуспанова Ш.Т.



















2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!