400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз - ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күні мерекесіне арналған іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздар күніне арналған сценарий. Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты: Балаларды педагогтерге құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

Жүргізуші:

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ-жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгінгі шарамызды «Күншуақ» тобының әнімен бастайық.

Ән: «Ал, балалар тұрмайық»

Жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз!

Жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін балабақша басшысы Ұлмекен Мұратбаевна және Мереке Мырзағұлқызына береміз.



Жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі кезекті «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің биіне береміз.

Жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың

«Құлыншақ» тобы қыздар биі.

Жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын.

Кезекті «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндерінің құттықтауында тақпақтарға кезек береміз.


Ән салғызып билетіп,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақтыда үйретіп,
Ойнатады, күледі. АСМА

Тәрбиеші ұстаздар,
Күлімдеңіз, жайнаңыз.
Балаларды тәрбиелеп,
Тиіп елге пайдаңыз. БЕКСҰЛТАН

Тәрбиеші апайлар,
Сіздердей жан ғажайып.
Кенеліңіз шаттыққа,
Бар жақсыға сіз лайық. АҚЫРЫС

Тәрбиеші ұстаздар,
Баланың бал тілісіз.
Ән айтқызар, билетер,
Жүрек жарды үнісіз. ҚАЙСАР

Жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

Жүргізуші: ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.



Кезекті «Күншуақ» тобының бір топ бүлдіршіндерінің әніне береміз.

Ән: «Қуыршағым»

Жүргізуші: «Құлыншақ» тобы балапандарының орындауында заманауи ұлдар биі.

Жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.



Ертеңгілігімізді «Күншуақ» тобы «Кіп-кішкентай торғай» әніне кезек береміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 сәуір
76
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі