400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Ұстаз - ұлылықтың, адалдықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрине мамандықтың бәрі жақсы, дегенмен әр мамандықтың өзіне тән қиындықтары да болатыны сөзсіз. Соның ішінде ұстаздық мамандығының жауапкершілігі өте жоғары. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші ұстаздан алған білімін пайдаға асырып, өмірде өз орнын тауып жатса ұстазға бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Халқымызда «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар» деген терең мағыналы даналық сөз бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз - ұлылықтың, адалдықтың символы.

Ұстаз – ұлы тұлға. «Ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік, үлкен жауапкершілік жатыр. Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейтіні анық. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, білім беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен сізді құшақ жая қарсы алатын аяулы жан ол әрине ұстаз. Шәкіттеріне өз білгенін үйретіп қана қоймай, оларға алдағы өміріне бағыт - бағдар беріп, үнемі ақыл кеңесін айтып отыратын да ол ұстаз.

Әрине мамандықтың бәрі жақсы, дегенмен әр мамандықтың өзіне тән қиындықтары да болатыны сөзсіз. Соның ішінде ұстаздық мамандығының жауапкершілігі өте жоғары. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші ұстаздан алған білімін пайдаға асырып, өмірде өз орнын тауып жатса ұстазға бұдан асқан бақыт жоқ шығар. Халқымызда «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар» деген терең мағыналы даналық сөз бар. Ұстаз да білім берген, тәлім – тәрбие берген шәкірттерін қайда жүрсе де алаңдап, болашағына уайымдап отыратыны айдан анық. Ұстаздан шәкірт озар дегендей шәкірттері биік белестерді бағындырып, алған білімдерін ақтап жатса ұстазға бұдан артық бақыт жоқ сірә.

Ғалым да, шахтер де, тіпті әнші, күйші, биші де, мейлі ол спортшы болсын, мейлі ол дәрігер болсын барлығы ұстаздан сабақ алады. «Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл сәлем бер» деген халқымызда ұлы сөз бар. Білім берген, тәрбие берген ұстазды барынша құрметтеу шәкірттің міндеті. Ұстаз шәкірттерін өз баласынан артық көрсе көреді, кем көрмейтіні анық. Олар үшін әрдайым жаны ашып, алаңдап, уайымдап отыратына анық. Болашақта ел қорғайтын, жер қорғайтын үлкен азамат болса екен деп отыратыны сөзсіз.

Ұстаз- ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, адамгершілік рухта бағыт –бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор деп ойлаймын. Сондықтан да ол әрқашан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.





Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы

Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Имамуратова Дилфуза Маркабаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.02.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі