Ұстаз – мектеп жүрегі

Тақырып бойынша 27 материал табылды

Ұстаз – мектеп жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз 4 әріп - шексіз құрмет. Әлемде қаншама бағыттағы түрлі - түрлі мамандықтар бар, бірақ барлық мамандық иелерін оқытатын, тоқытатын, өмірге жол сілтейтін, қызығы мен шыжығы қатар жүретін, үлкен жауапкершілікті талап ететіні – ұстаздық! Өмірде кім атанбасақта бәрімізде бала кезімізде мұғалімнің алдынан өтіп, білім нәрімен сусындап, болашаққа қанат қағамыз. “Педагог мамандығы – барлық мамандықтың анасы”- деп бекер айтпаса керек. Яғни, әр балаға қалам ұстатып, әріп танытатын, бағыт - бағдар беретін осы - мұғалімдер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз – мектеп жүрегі


Ұстаз 4 әріп - шексіз құрмет. Әлемде қаншама бағыттағы түрлі - түрлі мамандықтар бар, бірақ барлық мамандық иелерін оқытатын, тоқытатын, өмірге жол сілтейтін, қызығы мен шыжығы қатар жүретін, үлкен жауапкершілікті талап ететіні – ұстаздық! Өмірде кім атанбасақта бәрімізде бала кезімізде мұғалімнің алдынан өтіп, білім нәрімен сусындап, болашаққа қанат қағамыз. “Педагог мамандығы – барлық мамандықтың анасы”- деп бекер айтпаса керек. Яғни, әр балаға қалам ұстатып, әріп танытатын, бағыт - бағдар беретін осы - мұғалімдер.

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы. Ұстаз болу– мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы”- дей келе бұл саланы тиянақты алып кету екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес екендігін айтқым келеді. Қандай да бір жетістіктің жемісі ұстаздардың еңбегінің арқасы. Педагогика жан - жақты біліктілікті, шыдамдылықты, қатаңдықпен қатар аса қамқорлық пен мейірімділікті талап ететін мамандық. Шындық пен еңбекқорлықтың бастауы – мектеп. Ал сол мектептің негізгі күші – мұғалім. Елімізде ұстаздың мерейі асқақтаған сайын білім - ғылымның, мәдениеттің деңгейі артары сөзсіз. Ұстаздар әр шәкірттің жүрегіне жол таба біліп, шәкірт бойындағы дарындылықты байқайтын қырағылығы болуы керек. Алайда, бала тәрбиесі мен баланың өмірде өз орнын табудағы жауапкершілігін түбегейлі тек мұғалімге ысырып тастауға болмайды. Бұл жерде ұстазға деген ата - ана тарапынан үлкен қолдау мен түсіністік керек. Себебі тәрбиенің басты діңгегі, темірқазығы - отбасы. Отбасыда дұрыс тәлім тәрбие алған бала үлкенге құрмет дегенді, ұстаз мәртебесі дегенді сөзсіз түсінері хақ.

Қазіргі заман ұстазы бұрынғы түсініктегі ұстаз бейнесінен ерекшеленеді. Себебі қазіргі заман балалары мүлдем бөлек, өмірлік түсінігі мен ой саналары басқаша. Қазіргі оқушылармен дос болып, олармен ашық сөйлесе алу керек. Оқушының қызығушылығын анықтап, барынша өзіндік бейіндерін арттыруға көмектесуі қажет. Әр оқушының қабілетін ескере отырып, әрқайсысының шығармашылық өсуіне, білімін жетілдіруге, сыни ойлай алуына жеке - жеке мүмкіндік берілуі тиіс. Қазір қоғам сенім мен толеранттылыққа негізделген, еркіндік пен мәдениетке жол бастаған, Яғни баланың жеке тұлға болып дамуын, саналуын талап етеді.

Бүгінгі ұрпақ – ғаламтор, әлеуметтік желілер, онлайн оқыту кезеңдерін бастарынан өткізген. Тым жылдам дамып кеткен заманда жаңа ақпарат астында қалған балауса жас бүлдіршіндердің зейіндері тұрақсыз, ұмытшақтық, алаңғасырлықтары басым. Көп көлемдегі ақпаратты бірден сіңіру жаңа форматқа үйренісу оқушыларға қалай қиын болса, аянбай, бар білгенін үйретіп жатқан мұғалімдерге де қазіргі жас буынмен жұмыс жасау оңай емес. Мұғалімдер өз істерінің майталмандары, қажымас қайратты, қайтпас қайсарлы, икемді, шебер, ізденімпаз тұлға екендіктерін қашықтықтан оқыту тұсында дәлелдеген. Заманауи мұғалімдеріміз барынша адами құндылықтары қалыптасқан, өз елінің мәдениетін бағалай білетін, әлемнің дамуына үлес қоса алатын тұлғаларды тәрбиелеп жатыр. Қазіргі ұстаздар – баланы бәсекеге қабілетті жан - жақты дарынды болуға баулуда, тырысуда. Қорыта келе айтарым, бүгінгі таңда жас ұрпақтың мәдениеттілігі, тұлға болып қалыптасуы тікелей - педагогтарға байланысты. Сөзімнің соңын мына әдемі, терең мағыналы өлең жолдарымен аяқтағым келеді: “Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі