Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз- мектептің жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, оқушыларға тәрбие сағатына көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:05.10.2018ж

Сыныбы: 8,9

Тақырыбы:   « Ұстаз- мектептің жүрегі»

Мақсаты: Әр баланың екінші анасындай көретін ұлағатты ұстаздардың ерен еңбектерін бағалау, құрметтеу. Оқушылардың өлең шумақтары арқылы ой-өрістерін дамыту, ұстаздарына деген құрметін сезіндіру.

Күтілетін нәтиже:Ұлағатты ұстаздар еңбегін  бағалай біледі. Өлең шумақтары арқылы ұстазға деген сезімдері оянады.

Көрнекілігі: Сахналық безендіру жабдықтары, бейнежазба, презентация, гүлдер.

Барысы:  1. Ұйымдастыру барысы

               2. Кіріспе сөз

           Ұстаз... Қандай қасиетті сөз!

Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.  Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі-Ұстаз.

          Ұстаз деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін көрген»деген сөздермен ұштасып жатады. Ұрпақ тәрбиесі- ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Армысыздар, ардақты ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

8-9 сынып оқушылары дайындаған «Ұстаз-мектептің жүрегі» атты ашық тәрбие сағаты сіздерге арналады.

1-жүргізуші:         

 Ұстаз деген-жарқын күні ғаламның,

 Ұстаз деген- анасы ол адамның.

Бүкіл әлем  мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бүкіл әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

 

2-жүргізуші: 

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрер кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген- ұлылылардың ұлысы.

Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

 

 Хор: «Ұстазым менің»

 

1-жүргізуші: 

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,

Мұғалімді ардақтайды барша жан.

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған,

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Бала десе қалайды ол әрқашан,

Шәкірттердің өзінен де озғанын.

 

2-жүргізуші: 

Ұстаздар!  Қандай ғажап   халықсыздар!

Шәкіртке  шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

 

1-Жүргізуші: Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыздың қәдірменді, ардақты, аяулы ұстаздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық! (Ұстаздарды ер балдар қошеметпен ортаға алып шығады)

  1. Мың бұралған басқан әрбір қадамы,

Жанарымен баурап алар баланы.

Қалдыгүл апай, мақтанышы мектептің

Есіміңіз жүректерде қалады.

  1. Сабырлы мінезімен көпке сыйлы,

Үйреткен бізге сырлы тарихты.

Ботагөз апай тілейміз сізге бақыт

Алдыңда бар шәкіртің бас иіпті.

  1. Жайдары жаны жайсан күліп жүрер,

Қазақ тілдің қыры мен сырын білер

Гүлнафистей апайымыз ортаңызда,

Шәкірттерің көп болсын тілек тілер!

  1. Түрлі есептің шығаратын жолдарын,

Көпке мәлім абырой мен атағын.

Зина апай құрметті жан біз үшін,

Ізгілікпен ата берсін әр таңын!

  1. Бала жанын түсінер бар қалпымен,

Ол апайдың ақжарқын, пейілі кең.

Бастауыштың маманы Рыскүл апай,

Танылған ортасына еңбегімен!

  1. Ұстаз- Ана, өз ісінің шебері,

Заманға сай ағылшын қазір керегі

Нұржамалдай апайымыз үйреткен,

Ағылшынның мол гой бізге берері.

  1. Он саусағы өнерге бай киелі,

Бала десе ашық әркез жүрегі

Мира апайдың еңбегін тұтып,

Әрбір шәкірт басын иіп жүреді.

  1. Мінезі асыл, жүрегі кең жомарт жан,

Мейіріммен баланың бабын тапқан.

Күміс апай –алтын адам мектепте,

Сіздей болсын ұжымыңда барлық адам.

  1. Тиянақты, әр ісі тындырымды,

Сол қалпымен ұжымда көпке үлгі.

Ұлбосындай апайға мерекеде,

Арнаймыз жылы -жылы бар тілекті!

Вальс: Нурболат Абдуллин

-Аяулы ұстаздар мына вальс сіздерге арналады! Мерекелеріңіз құтты болсын!

1- жүрг. Алмара, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

2-жүрг. Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Алдарыңызда «Мереке» әнімен . (слайд)

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Алмара? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Алмара, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Ұстаздарға арнау

9 «А» Гулжаухар, Ақжүніс, Еркежан

8 «В» Жауқазын, Айнел (ақын жазушылардың өлеңдерінен үзінді образға кіріп 4-5 оқушы)



Қойылым: «Бала махаббаты»

  1. 1 –жүргізуші:

-  Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз.Осы гүлдердің ішінде түстес парақтары бар ұстаздар бір топқа топтасасыздар.

«Сыр – сұхбат» айдары. Қызыл түстес стикерлер бар ұстаздар сіздерге сұрақтар қойылады. Сіздер ойларыңызды білдіруіңізді сұраймыз!

1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?

3. «Ұстаз - мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

4. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.

5. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

6. Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?

Екінші жасыл стикерлі топ! «Әуенді тап», айдарына қош келдіңіздер!Сіздер отандық киноларымыздың саундтректерін тыңдап, соны табуларыңызды сұраймыз!

Үшінші сары стикерлі топтар!«Ұстазға теңеу» атты айдарда сіздер ұстазға теңеу сөздер жазасыздар!

«Ұстазға теңеу»

«Ұстазға теңеу»

Ұстаз – ұлы есім

Ұстаз – мектептің жүрегі

Ұстаз – ана

Ұстаз – дана

Ұстаз – бағбан

Ұстаз –жарық

Ұстаз – тәрбиеші

Ұстаз – нұр

Ұстаз – білім беруші

Ұстаз – күн

Ұстаз – ақылшы

Ұстаз – сенімді дос

Ұстаз – гүл

Ұстаз – қамқоршы

Ұстаз – мейірімді жан

Құрмет(ті ұстаздар сіздермен жақсы көңіл көтердік! Тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіздің қошеметіне бөлене беріңіздер деген тілек білдіреміз!

Ән: «Ұстазға арнау» орындайтын Жауқазын мен Ринат

2 -жүргізуші:

Ең аяулы есім ғой “Ұстаз” деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұстазды жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем.

1 -жүргізуші:

Ұстаз мейірі –АНА мейіріне пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Көп жасаңдар, бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын, білім берген ұстаздар!

«Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі. Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-дегендей өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. 



(сахнаға үш тілде құттықтау оқитын студенттер тобы шығады)

Қазақша: Гаухар

Орысша: Дильназ

Ағылшынша: Мөлдір

(оқушы)

1-жүргізуші: 
Ұстаз бізді білім беріп өсірген 
Қатемізді әрқашанда кешірген 
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым 
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.  

2-жүргізуші: 
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, 
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың 
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, 
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Күй: Айтмағанбет Ардақ «Түркімен »

  1. Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Әзіл – қалжың отауы. Жандос пен Айнел

ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Неге бармайсың?

Баласы шешесіне айтады:

- Мен енді мектепке бармаймын!

- Неге бармайсың?

- Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!

- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

Суретші”

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

- Сіз оны айтасыз, — дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

* * *

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

Асан:

- ???

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

- Асан:

- ???

- Мұғалім:

- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?

Асан:

- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.

Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

1- Жүргізуші: Алмара, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

2- жүргізуші: Дұрыс айтасың Мадияр!Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

1- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

2- жүргізушіЕндеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.

/Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

1-жүргізуші : Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер

Ән: «Сен мықтысың!» Алмара

Оқушылар кезектесіп айтады:

М -мейірімді, Ұ- ұлағатты, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л- лайықты, І-іскер, М- маман Бұл кім деп ойлайсыздар? Әрине – МҰҒАЛІМ

Қорытынды:

1-Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар! Сіздердің жас ұрпақ үшін еткен өлшеусіз еңбектеріңді бір ғана тәрбие сағатпен ақтай алмасымыз анық. Алайда, өздеріңіз салған сара жол, өздеріңіз берген тәлімді тағылыммен болашаққа жолымызды бағыттаймыз. Бізге берген тәрбиеңізден алған ұлағатты бағдаршам етіп жүрсек, ұлы көштен адаспайтынымызға нық сенімдіміз. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын!

2-Жүргізуші:

Ұстаз ! Қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.

Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.

Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!



Хор: «Ұстазым»







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.11.2018
3346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12