Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұстаз -ұлағаттың бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұстаз-ұлағаттың бастауы

Мақсаты:

а) Оқушыларды, ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

ә) Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

б) Ұстаз еңбегін арқашан бағалай білуге үйрету. Оқушылардың бойына дамыту, әрі дарыту. 

Міндеті :

а) Ардагер ұстаздар жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді атаның батасын, ата-ананың алғысын ала білу.

ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.

Түрі :  Кездесу кеші

Әдісі : пікір алмасу, сұрақ-жауап, зерттеу

Көрнекілігі : Тақырыпқа сай жазылған қанатты сөздер; гүлдер, шарлар, «Бәйтерек» макеті, тостерлер т.б.

Техникалық құрал : Мультимедиа

Сынып сағатының жүрісі :

Эльбира Жүргізуші : Армысыздар; құрметті қонақтар! ардақты ұстаздар; оқушылар!

Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне орай 5 «а» сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған « Ұстазым – ұлағаттым» тақырыбындағы ардагер-ұстаздармен кездесу сағатына қош келдіңіздер!

1 оқушы :

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман!

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.

Өмірді алға қарай өрлететін,

Сендер де ұлы Отанның болашағы.

Жүргізуші Эльбира :

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,.

Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.

Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.

 

Ән : « Ұстазым » орындайтын хор . сынып ұжымы

 

2 оқушы Атажан : «Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» - деп ғұламалар айтқандай, кез-келген адам ұстаз бола алады. Себебі, ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

 

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтары ардагер ұстаздарымызға берейік. Өз өмір жолдары; ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.

Сұрақ – жауап.

Жүргізуші : Көп рахмет !

Ұстаз жолы қиынырақбасқадан,

Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.

Шаршаса да, осы жолдың бойында

Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.

3 оқушы Шұғыла

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,

Сендерде ғалымдардың қиялы бар.

Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады.

Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар

Жүргізуші : Ұлы ғұлама, ғалым, ұстаз Әбу-Насыр Әл-Фараби сөзінде:

«Ұстаз ......... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқынышпен жасқану дегенді білмеітін батыл, ержүрек болуы керек.

 Ұстаздарға сұрақ – жауап

Жүргізуші : Бүгінгші кешімізге 5 сынып оқушылары « Мұғалім» сөзіндегі әр әріпке шешуін жазып, ұстаздарға арнап өлеңдер әкелген екен. Тыңдайық :

М  - мейірімді

Ұ – ұлағатты

Ғ – ғазиз

А – ақылды

Л – лайықты

І – іскер

М – маман. 

4 оқушы Каусар

Анамдайсыз менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап

Болашаққа бір жол сілтеп нұсқадың

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап қудық бізде сан арман

Сіздец адам Үміт апай дүниеде көп болса,

Балалардаң бақыты үшін жаралған

 

5 оқушы : Нұрислам

Ұстаздың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы

Шәкіртінен ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

6 оқушы : Айқын

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін

Оңай, Мөлдір, Сәнтөре апайлар !

7 оқушы Асыл

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,

Сары далада сайрап жатқан сары ізбіз

Аттары да аталмаған ұстаздар !

Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз

8 оқушы Шерхан

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы

Қасиетіне бас иелік мәңгілік ! 

Жүргізуші : Ұстаз – ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықты қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды.

Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.

Ұстаз – ол әке , шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды.

Ұстаз – ол ана, шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, қиындықтар мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.

Ән : «АНА» орындайтын: Даражат Айназ 

9 оқушы Жанерке

Бүгінгі күн ұстаздар – ұлағаттым !

Дендеріңнің саулығы мықты болсын!

Білімімен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

10 оқушы Ерасыл

Ел тыныш жүріп жатсыз ортамызда

Құрметпен қол жаямыз батаңызға

«Шүкір» дейді ақ шашты ардагерлер

Айналар өмірі үлгі, аты аңызға !

Жүргізуші : Ұстаз – ұлағатты есім !

Шәкіртеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт- бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар ! дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз!

Қорытынды  Мұғалім сынып жетекшілері: құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! « Ұстазым – ұлағаттым» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. « Жапырағын жайған бәйтерек, тереңге тартқан тамырын»  - демекші, ардагер ұстаздарымыздан бәйтерек ағашына оқушыларға арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.

«Батамен ел көгерер» (Ардагерлерден бата алу)

Хор: «Мектебім».





































  • 0

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2019
707
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12