400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз -ұлы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар күніне дайын сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жүрегі - ұстаз

1-жүргізуші:    Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,
                        Күмбірлейді қайың, шырша, терегі
                        Балбұлақ та қоңырау болып кеткендей,
                        Бүгінгі күн-ұстаз күні себебі.

  2- жүргізуші:  Желпіндіріп, желіктірген күш қандай?
                         Балғында шат, шаттық нұрын құшқандай.
                         Бүгінгі күн – Ұстаз күні содан ба
                         Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.                                            
1- жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар!
2- жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
         Күз мезгілінің алтын шуағымен бүкіл елімізде салтанатты түрде Ұстаз күні аталып өтіледі. Бұл мереке біздер, шәкірттер, үшін ерекше күн. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, он бір жыл бойы бізді білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар – аяулы ұстаздарымыз.
1- жүргізуші: Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 - жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-саналы
                        Жиын десе, той десе жан салады.
                       Ұстаздардың мерекесі құрметіне
                       Әуелеген әсем ән де жолданады.
Ән: «Ұстазым менің ұстазым» Дінмұхамбетті қарсы алыңыздар .

1- жүргізуші:    Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де,
                        Кім көрінген ілікпейді жүлдеге
                        Мүсіндеуге келешектің келбетін
                        Күн-күн сайын шығады ол мінбеге.
дей отырып ортаға алғашқы құттықтау сөз сөйлеу үшін мектеп директоры Қоңқабаев Мейрамғали Аңсағанұлын және бастауыш ұйым кәсіподақ төрайымы Ағытаева Жұпар Әлиасқарқызын шақырайық.

(Директор сөйлеп марапаттаулар тапсырады)

2 - жүргізуші: Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз.

Ән: « » Саламат

1- жүргізуші:   Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»
                         Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
                        Құрметтеген бар адамзат баласы
                        Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
                        Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
                        Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Барша ұстаздар қауымын бүкіл мектеп оқушылары атынан құттықтау үшін 11 сынып түлектері атынан сөз берейік.

2- жүргізуші: Бітіруші түлектерге алғысымызды айта отырып, салтанатты кешімізді ары қарай жалғастырайық.

1- жүргізуші: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –

(Оқушылар тақпақтарын айтады)

2- жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.

Би: «қазақ биі»
1- жүргізуші: Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз бүгін ортада отыр. Кенжебике апай және Рәш апай сіздердің де мерекелеріңіз құтты болсын .

2- жүргізуші: Құттықтау сөз кезегін ардагер ұстаздардың атынан Кенжебике апайға берейік.

Ойындарға кезек берейік.

Ән: «Аяулы ұстазым» Дінмұханбетті қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:Аяулы ұстаздар, Сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге отбасы шаттығын, ана бақытын, әке бақытын және де шығармашылық табыс тілейміз! Хормен мерекелеріңіз құтты болсын.

1-жүргізуші: Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін!    Ұстаздық – от, күн барда ол сөнбейді,
   Шәкіртінен жаңбыр боп та селдейді.
  Шәкіртінің шәкіртімен  жалғасып
Екеуі қосылып: Ұстаз мәңгі өмір сүрер өлмейді

.хормен Ұстаздарға мың алғыс
2-жүргізуші:
Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтары мен патриоттары болып өссін дей отырып, мерекелік кешіміздің екінші бөлімі мерекелік дастарханға шақырамыз!

Хор : «Ұстазым»
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.06.2024
230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі