400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз -ұлы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы есім»
Мақсаты: Оқушыларды  ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Назар :Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ата- аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында 2 сыныптар арасында өткелі отырған «Ұстаз – ұлы есі

Нұрсая
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!м» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Нұрсұлу Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы, 
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған


АршатҰстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, 
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Әйгерім

Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, 
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып, 
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Ән ұстаз ана

Балым
Жалын атып, от боп, бірге жанасың, 
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен, 
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың 
Балнұр
Мұғалімді анамдай жақсы көрем, 
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне, 
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Інжу
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал, 
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын, 
Көкіректе көретұғын көзім бар 

 Айбар
Мұғалім-ұстазысың балалардың, 
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Айқын
Өткізіп өз алдыңнан талай бала, 
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, 
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға 

Бейбарыс
Атағым Алатаудай болып биік, 
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп, 
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Гүлдана

Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз, 
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді, 
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. 
Ән: көңілді күн

 11-оқушы:  Әйгерім
Алғаш рет оятқансың санамды, 
Алғаш рет ұстатқансың қаламды. 
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін 
Түсіндірген жақсы менен жаманды. 
Дарын
Ұстаз бізді білім беріп өсірген 
Қатемізді әрқашанда кешірген 
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым 
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.  

Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, 
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың 
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, 
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың

Дилназ
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.


Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
Бекзат
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

Айқын
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,

Ойын ұстаздарға арналға

Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік достар!

Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
деп ашық тәрбие сағаты

мызды аяқтаймыз.







































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі