400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз ана-шуағымсың»

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта 8 наурыз мерекесінде ұстаздар ұлықталды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары: Б.В.Айдилдаев

Күні:06.03.2025ж

Тақырыбы: «Ұстаз ана-шуағымсың»

Мақсаты:

  • Оқушыларға ұстаздың еңбегін таныстыру, құрмет көрсету;

  • Ұстаз еңбегін бағалауға, сыйлауға тәрбиелеу;

  • 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұстаздарға құрмет көрсету.

Өтетін орны: математика кабинеті

Кешке қатысушылар: Г.Әбішова, №38топ студенттері

КЕШ БАРЫСЫ: Әсем ән орындалады

Жүргізуші :

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?

Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,

Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Бүгінгі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған ұстазбен кездесу кешіне қош келдіңіздер!Анаға, ұстазға, әйел затына құрмет көрсету – біздің парызымыз. Ұстаз – әрқашан мейірімді, білімді, шәкіртінің жүрегіне жылу ұялатушы жан. Бүгінгі кешіміз – осындай асыл жандарға арналған!

Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміздің қадірменді қонағы Әбішова Гауһар апай 33жыл коллежмізде балаларға мейіріммен қарап,білім нәрімен сусындатып келе атқан ардақты ұстаз.

Алғашқы құттықтау сөзді колледж директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Айдилдаев Бақтыбай ағайға береміз



Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!.дей келе сұрақ-жауап айдарына кезек берсек

Апай сізге ұстаздық еңбек жолыныздан сұрақтар қойсақ

  1. Ұстаз болуды қашан және не үшін таңдадыңыз?

  2. Мұғалім ретінде ең алғашқы сабағыңыз есіңізде ме? Қандай сезімде болдыңыз?

  3. Ұстаздық жолыңызда сізге ең көп әсер еткен оқиға қандай болды

4.Шәкірттеріңізден сізді ерекше таңғалдырған оқиға болды ма?

5.Қазіргі оқушылар мен бұрынғы оқушылардың айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?

6.Сіз үшін ең есте қалған шәкіртіңіз кім болды және не себепті?

7.Мұғалім ретінде оқушыларға қандай кеңес берер едіңіз?

8.Ұстаздың ең басты қасиеті қандай деп ойлайсыз?:

9.Егер мұғалім болмағанда, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

10.Өміріңізде сіз үшін ең қымбат нәрсе не?

11.Болашақ ұрпаққа қандай өсиет айтқыңыз келеді?

8. Қорытынды сөз

Құрметті Гауһар апай Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспіз.

Хор: 38 топ студентері орындауында «Мама»әні

Топ жетекші:Г.Темірбекқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі