Материалдар / Ұстаз-Ана тәрбие сағаты 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз-Ана тәрбие сағаты 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: Ұстаз-Ана. Жас ерекшелігі 6-сынып оқушыларына арналған. Материал сынып жетекшілерге арналған. Тәрбие сағаты ұстаздарға арналады. Тәрбие сағатында ұстаз туралы хор, әндер айталады және де қазақ биі биленеді. Ұстаздарға, мектепке арналған тақпақтар жинағы, видеоролик қойылады. Сынып жетекшілерге дайын сценарий болып табылады. Кеш соңында ұстаздарға арналған гүл шоқтары табысталып, әр оқушы өз тілектерін айтады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
1945
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Талдыбұлақ орта мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі














Shape1

ТӘРБИЕ САҒАТЫ







Тақырыбы: «Ұстаз – ана»












6-сынып жетекшісі: А. Р. Досанова










2018 – 2019 оқу жылы





























Сыныбы: 6 Күні, айы, жылы: 01.10.2018 ж


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұстаз – ана»


Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.


Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, слайд, шарлар.


Басталуы: Оқушылар сахнада тұрады. Қолдарында шарлары бар оқушылар алдыңғы қатарда тұрып, тақырыбын іледі, тәрбие сағатының тақырыбы ашылады.


Ұ – ұлағатты

С – сабырлы да салмақты

Т – таусылмайтын қазына

А – ақылды

З – заман талабына сай білімді

А – ашық мінезді

Н – нағыз қамқор адам

А – аяулы да менің ардақты ұстаздарым!


Аяулым: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі «Ұстаз – ана» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!


Оралбек: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.


Хор: Ұстаз-ана

Аяулым: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Оралбек: Дұрыс айтасың Аяулым. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Аяулым: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Оралбек: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады. Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

Аяулым: Мың бұралып билеген,

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға.

Кімдер басын имеген – дей отырып, келесі кезекті 6-сынып қыздарының орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.


Оралбек: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігі кезекті ұстаз туралы ұлағатты сөздерге береміз.


Малика: Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.


Динара: Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.


Арзу: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Мөлдір: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Аян: Мұғалім — мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.


Аяулым: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін. Ән: Камила, Шара, Тоғжан.


Оралбек: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар! (Тақпақтар)

 Шара: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!



Жалил: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.



Сабина: Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.


Нұрасыл: Мен алғаш мектепке  келгенімде,

Алдымнан күле шыға күткеніңде.

«Білім берер ұстазым» деп таныдым,

Үйретуден жалықпаған перзентіне.

 Қосу қосып, азайтқан есебіне,

Жазу жазып, үйреткен сөздеріне.

Білім біліп, үйренуге ұмтыламыз,

Өйткені бұл біздің ұстазымыз.

 Ұстаз деген қасиетті киелі,

Оны барлық адамдар да біледі.

Айтып қана қоймайықшы сыйлайық,

Ата-анадай болған жанды құрметпен.


Байкен: Тойлайды бұл күнді көптен,
Біздің байтақ, бақытты ел.
Ұстаздарын шын жүректен
Құттықтайды шәкірттер.
Арналады ұстаздарға,
Құрмет деген, төр деген.
Біздің елде адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген.
Мерекемен құттықтаймыз,
Мұғалімін әр пәннің.
Ұстаздарды көреміз біз,
Шұғыласындай әр таңның.

Еңлік: Лапылдаса қызулықпен от-жаның
«Сабаңа түс, саспа»- дейді, “тоқтағын”
Бағыт беріп бейне темірқазықтай,
Көңіліңе сызар өмір соқпағын.
Болашақтан сенім жібін үзбеген,
Халыққа тек жарық таңды іздеген,
Құлазитын жалғыз қалса көңілі,
Бақыты оның оқушымен, бізбенен.
Ақ түссе де шаштың әрбір талына,
Жүк түссе де нар көтермес жанына,
Жаңарады жаңа оқу жылымен
Тосар сені жеткен кезде сағына.
Дүниеде таусылмайтын сырды ашып,
Кейде алатын құрдасындай сырласып,
Кейде қатал – тезге салып алатын,
Кейде күндей – күлімдейді нұр шашып.
Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз-ана дана бола алады.
Ең бастысы, ұстаз мынау өмірде
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.


Тоғжан: Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.
Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,
Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.
Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,
Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.

Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,
Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.
Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!
Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.
Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,
Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады.
Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,
Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!



А. Диана: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
 Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.



Серік: Хан бол, мейлі қара бол,
дарын бол,мейлі ,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Аманат жүгін көтерген,
Ұстаздық оңай іс емес.
Шаршауын шәкірт өтеген,
Ұстаздар осал күш емес.



Аяжан: Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!
Ардақтаймыз ұстазды ұлағатты,
Жас жанға мейір нұрын ұялаттың.
Өзіңдей абзал жанды мақтан тұту,
Міндеті деп әркімнің ұран айттым!!!


Алмас: Болса кейде сабақ пен дәптерде мін,
Кейде ақталмай жатса да төккен терің.
Кешіріммен қарадың шәкіртіңе,
Жөн сілтедің,бірақ та жек көрмедің.
Ұстаз деген ұлық ат-сендегі есім,
Балғындардың бәрін де тең көресің.
Балалықпен күн сайын жүздесесің,
Тазалықпен бетпе-бет сен келесің.
Сәулесіне шомылып жүрек нұрдың,
Талай мәрте таңы атты түлек күннің.
Шығарып сап сапарға,сен солардың
Жақсы азамат болғанын тілеп тұрдың.

Оралбек: Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз – оқушыларды білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді. Ұстаз деген есім - аз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға оралтады.


Аяулым: Әнім сізге қалықтай,
Қиялменен шарықтай
Құттықтаймын мен сізді
Арнаймын осы әнімді.
Ән: «Ұстазым» Аяулым.


Оралбек: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты
 ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан


Аяулым: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.


Оралбек: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы тақырып аясында дайындалған музыкалық қойылымымызды бірге тамашалайық!
Музыкалық қойылым. Ә. Тоғжан, Камила.


Аяулым: “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.


Оралбек: Иә, Аяулым дұрыс айтасың. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып, жамандығымызды жасырып, жақсымызды асырып жүрген ұстаздарға мың алғыс!


Аяулым: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда сыныбымыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
(Үнді биі)


Оралбек: Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!


Аяулым: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

Оралбек: Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің
 ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің
 ұстазы боласың да! Келесі әнімізді қабыл алыңыздар.


Хор: «Ұстаз»

Аяулым: Тек жүректен арналған сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіміз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз






дей келе мектеп директоры Юнусова Алима Аштаевнаға сөз беріледі.


Аяулым: Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!


Оралбек: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін!

Көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

Тілектермен ұлғайсын мерекеміз

Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс

Осымен аяқталды концертіміз.

Осымен «Ұстаз – ана» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!