«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» тәрбие сағаты кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

атты кеш сценарийі

Мақсаты: Оқушыларды ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіре отырып, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге , сыйлауға, қадірлеуге баулу.
Жүру барысы:

І жүргізуші:Армысыздар, құрметті де, ардақты қонақтар, аяулы ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Бүгінгі «Ұстаздар күні» мерекелеріңізбен құттықтай отырып, «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»атты мерекелік кешті бастауға рұқсат етіңіздер!


І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Дастан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер

«ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Медина.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен
шын жүректен құттықтаймыз.



І жүргізуші:

Бүгінгі аяулы ұстаздарымызды төл мерекелерімен құттықтау үшін сөз кезегін мектебіміздің басшысы Жанат Алмабайқызына және Жосалы ауылдық округінің әкімі Владимир Жақсылықұлына береміз.

ІІ жүргізуші: Ардақты ұстаздар, орындалар ән сіздерге арналады.

3-сынып оқушысы Бекнұр «Ұстазым» әні

І жүрг: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтау үшін, мектебіміздің

3-сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.

І жүргізуші: «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз құдайға шүкірлік –баршылық. «Ақсақалы бар ауыл адаспайды» дей отыра келесі орындалар әнді қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші:2-сынып оқушысы Қырмызының орындауында «Ата-әже» әні.

ІІ жүргізуші: Сөзді өзімізге ардақ тұтар ардагерлерімізге береміз.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Мектеп оқушыларының ардагер-ұстаздарымызға арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар

І жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

ІІ жүргізуші: Иә, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұстаздарымыз ортамызда отыр.

І жүргізуші: Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп.

ІІ жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына арнап 8-сынып оқушыларының дайындаған құттықтау тілегіне кезек береміз.

8-сынып шығады.

І жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Медина? Менің ойымша, кез – келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

ІІ жүргізуші: Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ендеше келесі кезекті «Ұстаз-ана» әнімен 5-сыныптың қыздарына береміз.

І жүргізуші: Ұстаздардың шаршамайтын еңбегіне таң қалам,

Ұлылықпен, даналықпен өмір заңын талдаған.

Талай ғасыр құпиясын ашып келген ғаламның

Сол арқылы сүйемін мен қасиетін даламның.

ІІ жүргізуші:Сол ұстаздың мерекесі елім бүгін тойлайтын,

Жақсы тілек, адал ниет ұстазға әркез ойлайтын.

Мен де қосам сол тілекке биіктерден асатын

Бақытты боп жанұясы, ұстаз мәңгі жасасын.

7-сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әні

І жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,

Тарап демде кетеді шаршауыңда.

Бал – бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер.

Тұрғанында солардың қоршауында.

ІІ Жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да,

Қанша терің төгіліп жол ашуға.

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да! 

Мектептің жас ұстаздары Арай апай мен Лаура апайымыздың орындауында «Біздің мектеп» әні

І жүргізуші:Тіршіліктің тылсымын ашу үшін жаралған,

Ұстаз қымбат, ұстаз биік қадірлейтін бар адам.

Ұстаз берген өнегемен өлшенеді дүние

Ұстаз берген өнегемен қаланады бар арман.

ІІ жүргізуші: Әл – фараби, Абайлар да осы ұстаздан нәр алған,

Ұстаз қымбат бұл өмірде, ол – ерекше жаралған.

Абыройы асар биік, төбесіне күн тиген,

Өлеңменен кім бар екен ұстаз орнын таба алған.

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің мерекелік кешіміз осымен аяқталды. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын!

ІІ жүргізуші: Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер азаматтар болып өссін!

Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2025
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі