Ұстаз
аты биік, әрі мәңгілік
Адам
баласы болғандықтан өмірде сан қилы
жол болады. Сол сан қилы жолдан жақсы
өту үшін бізге ең алдымен жүрек қалауын
сезе білуіміз қажет. Әр адам ерекше бір
тұлға. Тұлға болып қалыптасқаннан кейін,
әрине бізге өз мамандығымыз керек.
Өмірдегі ең басты қасиеті адамның
мамандығын дұрыс таңдай білуі деп
білемін. Мамандық деген сөзді естісек
бізге бірден алдағы өміріміз көз
алдымызға елестейді. Оның бәрі әрине,
жүрегінін түбіндегі мамандықты көз
алдына елестету. Кейбір адамдардың
көздеріне дәрігер, аудармашы, технолог
елестесе менің көз алдыма «ұстаз» болу
елестейді. Әрине ол өз қалауым. Ертеңгі
күнге қойған мақсатым. "Ұстаздық
еткен жалықпас үйретуден балаға"
демекші, менің ұстаз болғым келеді.
Балалардың көңіліне білім нәрін ұялатсам
деймін. "Ұстаз" ол ең бір ерекше
қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандық.
Менің
өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен
ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана
айта салмаймын өйткені бұлай айтуым –
маған үлкен жауапкершілік жүктейді.
Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол
– адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір
қоғамға бейім, білім нәрімен терең
сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі
адам өмірге үлкен мақсаттар қойып,
талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға
аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы
әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын,
келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен
мұны мақтаныш сезіммен айта аламын.
Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз
Қазақстанның толыққанды азаматы болып
шықса, одан артық менде қайдан арман
болсын. Міне,осындайда «Ұстаз - ұлық
емес ұлы қызмет» деген Бауыржан
Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан
есіме аламын..
Ұстаз
ретінде мен тек қана жалаң білім беріп
қоюмен шектеліп қалмауға барынша
тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы
ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
беру керек, тәрбиесіз берілген білім –
адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты
сөзі шыққан емес.
Менің
ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз
пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де
тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала
қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол
зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп,
баланың басқаға ұқсамайтын ерекше
қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан
дүниесіне жол таба білу – біздердің,
ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші,
ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы
жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен
рухани қуат беруі керек. Мейірімділік,
шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең
жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне
сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау
тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім
өз мәртебесін көтере алады.
Үшінші,
балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен
мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның
астарында не бір қағидалар бар: баланы
жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын
шама жеткенше ұйымдастыру, баланың
бойынан өзінің балалық шағын зерделі
көзбен көру.
Төртінші,
мұғалім әр оқушының мінез - құлқын, көз
қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын
зерделеп, әр баланың өз шамасына сай
дамуын қамтамасыз ететін тәрбие
сағаттарына бейімдеу қажет. Бұл сағаттар
– ғибратты да әсерлі болуы тиіс - ақ.
Менің
педагогикалық саладағы ұстанымым
– үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы
қатардан көріну және әр оқушының
бойынан жақсылық тауып, бұлақтың
көзін ашу арқылы биік мақсаттарға
жетелеу. Бүгінгі әлемде білім беру
ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын
айта келіп, Қазақстан Республикасының
президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді:
«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның
білімінің көрсеткішімен белгіленеді».
Сондықтан да педагог және психолог
болу мен үшін жай ғана мамандық емес,
ол – адам бағдарын жасаушы деп білемін.
Әрбір оқушы өзгерістерге толы қоғамға
бейім, білім нәрімен терең сусындаған,
тәрбиелі де ізгі жүректі адам болып,
өмірге үлкен мақсаттар қойып, өзің
бойындағы барлық қабілеттерін толықтай
пайдалана біліп жоғары белестерден
көрініп жатса, әрине, ол мен үнін ғана
емес баланың ата-анасы, достары үшін
үлкен жетістігі болар еді.