«Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырығы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын оқушылырға түсіндіру,рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет, презентациялық көрініс. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай. «Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин. «Барлық істің басшысы — білім мен ұғым» Ж.Баласағұни. Адамның адамшылығы... жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев Маған мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол — кемел ұстаз. К.Д. Ушинский
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік»

Мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырығы, оқу — инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынысын оқушылырға түсіндіру,рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, газет, презентациялық көрініс.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.

«Өнер-білім бәрі де оқуменен табылған» Ы.Алтынсарин.

«Барлық істің басшысы — білім мен ұғым» Ж.Баласағұни.

Адамның адамшылығы...  жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев

Маған мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин.

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол — кемел ұстаз. К.Д. Ушинский

Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо

Мұғалімділік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырғы мол рухани жан дүние үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылды.В.А. Сухомлинский.

«Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер, білім бәрі де

Оқуменен  табылған.

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ  табылар Ы. Алтынсарин

М — Мейірімді

Ұ -  Ұлағатты

Ғ — Ғазиз

А - Ақылды

Л - Лайықты

І  - Іскер

М — Маман

І жүргізуші:

Армысыздар, Ұстаздар — әз жандар

Білім іздеп инемен  құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би де билеп, әнде бүгін шырқалад.

ІІ жүргізуші:

Ұстазым — саф алтын, діңгегім,

Мәңгілік өзіңмен біргемін

Бүгінгі мереке күніңе

Сәл ғана құрметім бұл менің.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар 6- сынып оқушыларының  ұйымдастыруымен  "Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік" атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер.

І жүргізуші:

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай , шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

ІІ жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

Бірге : Мерекелеріңіз құтты болсын. !

І жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Мелек? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық — өнер, тағлымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын  ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек .

ІІ жүргізуші: Мен осы сөзің дәлелді  бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы- деп  ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу — бұл нағыз шеберлік емес?!

Балалардың өлең шумақтары:

Ұстаздар туралы қаншама мақтау сө айтсақ та тауса алмаспыз.

Ендеше , қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең шумақтарына кезек берелік.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы — ұлы жол. Өткен жолдарыңызға  көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге  бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мекбіңізден  қандай өзгерістерді байқадыңыз?

4 қонаққа сұрақ: «Ұстаз —мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.

І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік сынып сағатымызды аяқтаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.12.2021
1483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі