Материалдар / "Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
қашықтықтан соңғы қоңырау өткізуге арналған презинтация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
488
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандық сыры: ұстаз болу оңай емес 20.10.2020 ж

«Бекітемін»

Е.Әуелбеков атындағы дарынды

балаларға арналған №4 облыстық

мектеп-интернатының

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары: С.Жүсіпова

«____» _________2020 жыл


«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» жобасы аясында

9 - сыныбында «Мамандық сыры: ұстаз болу оңай емес» тақырыбында өкізілген кездесу кешінің бағдарламасы


ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕРІ: Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған

4 облыстық мектеп-интернаты

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 3 қазан, сағ. 17.20

ҚАТЫСАТЫН: Оқушылар, пән мұғалімдері

І. Ұйымдастыру кезеңі

Көшбасшылық әлеуметтік жобамен таныстыру

ІІІ. Негізгі бөлім

  • Көшбасшы тұлғаның өмір жолы туралы

  • Өнегелі ұстаз жетістері

  • Шеберлік шыңына шыққан ұстаздың логикалық есептеріне шолу

ІV. Қорытынды

Пікірталас кезеңі, ой бөлісу

















Сабақтың тақырыбы: үздік педагог өмірі мен шығармашылығы.

Сабақтың мақсаты:

    • Оқушыларға көшбасшы ұғымының мағынасын түсіндіре отырып, маңызды

іс-әрекеттер арқылы машықтандыру;

    • Қызылордалық көшбасшы тұлғалармен танысу;

    • Ш.Бейсенованың өмір жолы мен жетістіктерін, шығармашылығын таныстыру;

Күтілетін нәтижелер:

  • Көшбасшылықтың мағынасын ұғынады;

  • Оқушылардың көшбасшылық қасиеттері анықталады;

  • Мектебіміздің көшбасшы тұлғасымен танысады;

Сабақтың түрі: Кездесу кеші

Сабақтың әдістері: Пікір алысу, сұрақтар шеңбері, ой бөлісу

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Көшбасшылық әлеуметтік жобамен таныстыру

ІІІ. Негізгі бөлім

  • Көшбасшы тұлғаның өмір жолы туралы

  • Өнегелі ұстаз жетістері

  • Шеберлік шыңына шыққан ұстаздың логикалық есептеріне шолу

ІV. Қорытынды

V. Пікірталас кезеңі, ой бөлісу

Cабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау

І I. Көшбасшылық әлеуметтік жобасымен таныстыру

Тәрбиеші сөзі: Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, оқушылар! Рухани жаңғыру және «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» әлеуметтік жобасы аясында өткізгелі отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік»

М ақсаты: Оқушылар бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, жігерлі жастардың ішкі әлеуетін ашу.

    • Елбасымыздың 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «100 жаңа есім» жобасы іске асыру жүктелген. Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына үлес қосқан, алайда есімдері тасада қалып қойған замандастарымыздың жетістіктерін ескеру қажет.

    • Айтулы жобаға екі мыңнан аса үміткер қатысқан. Солардың ішінен өң бойы озық шыққаны – 102 адам. Яғни бұлар – елдің көп дауысын иеленгендер.

Осы жоба біздің мектебімізде де қолға алынып, мектебіміздің «100 жаңа есім» жобасына шебер ұстаз, аяулы ана, олимпиадалар жүлдегері, үздік физик кім? Оқушылар: Бейсенова Шакизат Аманжоловна

А л, енді балалар көшбасшы жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға екені барлығымызға белгілі.

ІІІ. Негізгі бөлім

Көшбасшы тұлғаның өмір жолы туралы


Бейсенова Шакизат Аманжоловна, 1971 жылы 9 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1973-1988 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы №45 қазақ орта мектебінде білім алған. Оқушылық кезеңінде үздік оқушы екенін көрсетіп, әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1988 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетіне оқуға түсті. 1993 жылы педогогикалық институтты бітіріп, «физика-информатика және ЕТ мұғалімі» квалификациясы бойынша диплом алды.

Кәсіби қызмет барысында 1994 жылдың ақпан айында Қызылорда қаласындағы №70 қазақ орта мектебіне мұғалім болып, ұстаздық еңбек жолымды бастады. Ал, 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында физика-информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2009 оқу жылында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2012 оқу жылында қосымша білім беру педогогы қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары» қызметін атқарып келеді.



ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ ЖЕТІСТЕРІ


  • 2013 жыл, 14-24 қазан. Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Физика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға, ғылыми жобаларды дайындауға баулудың әдіснамалық негіздері» атты курс, сертификаты

  • 2012 жыл маусым, Республикалық білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыру институты «Электронды оқыту жүйесін (е-Learning) енгізу жағдайында білім контенттерін жасау технлогиясы» сертификаты

  • 2013 жыл, «Интерактивті құрылғыларды мектеп сыныптарында қолдану» сертификаты

  • 2015 жыл, тамыз. Корея Республикасы, Кёнги білім департаменті, Ақпараттық тағлымдаманы бітіру сертификаты

  • 2013жыл, маусым. «Деңгейлі бағдарламалар аясында негізгі (екінші) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы» ІІ деңгей, сертификаты

  • 2013 жыл, қазан. «Қазақстандық оқушылардың оқу жетістігінің TIMSS, PIZA, PIRLS халықаралық зерттеулер аясындағы сапасы» сертификаты

  • 2014 жыл, қаңтар. «Тұлғаның стресске төзімділігін қалыптастыру. Шиеленісті басқару» сертификаты

  • 2014 жыл, ақпан. «Ағылшын тілі» курсы, сертификаты

  • «РАSCO құрал-жабдығын оқу процесінде пайдалану» тақырыбындағы өткізілген облыстық семинарға қатысу, іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат





  • «Дарынды балаларға білім берудің вариативті және таңдау курстарына арналағн оқу бағдарламалары: мазмұны мен сапасы» облыстық семинар-практикумда «Физика пәнінен қиын есептерді шығару жолдары» тақырыбында бағдарламасымен таныстырып, облыстық деңгейде іс-тәжірибе таратқаны үшін сертификат

  • «Білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты талаптарына сай физика пәндерін оқытуды дамыту жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама оқығаны үшін сертификат

  • 2014ж, мектепішілік «Үздік мұғалім -2014» конкурсы

  • Жалпы білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері арасында өткізілген «Үздік физика пәнінің мұғалімі - 2015» облыстық байқауының жеңімпазы (І орын)

  • Физика пәні бойынша мұғалімдердің республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін сертификат

  • 2016ж «Үздік педагог -16» республикалық байқау жеңімпазы



Бұл жетістік төккен тер, еткен еңбектің жемісі. Шакизат апайға айтарымыз бағындырар белестеріңіз көп болсын. Сіздің құрметіңізге оқушылардың орындауында «Ұстаз» әнін қабыл алыңыз.

Тәрбиеші сөзі:  Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?: -Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Шакизат апайға арналған емтиханымызды бастаймыз. 
Сұрақтар: 
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?
№6 билет. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
№7 билет. «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
№8 билет. «Ұстаз аты- биік, әрі мәңгілік» деген сөзді қалай түсінесіз?
Көп рахмет сізге, емтиханның барлық сұрағынан сүрінбей өттіңіз.

Қорытынды: Сонымен, оқушылар! ұстаз шәкіртін саналы, білімді, тәрбиелі азамат ретінде танығысы келеді: «Атаның ұлы емес, адамның ұлы бол» деген.

Адами қасиеттерің зор болып, білім биігінен көрініңдер. Ұстаз атына кір келтірмей, ұстаз сенімінен шыға беріңдер.

Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Болашақ кілті жастарда» деген, олай болса заманалық биікке самғаңдар!

Ал, Шакизат апай, сізге: «Бүгінгі күн құшағыңыз гүлге толсын,

Деніңіздің саулығы мықты болсын»-дей отырып, еңбегіңізге табыс, отбасыңызға бақыт тілейміз!












«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Көшбасшылық» жобасы аясында

9- сыныбында «Мамандық сыры: ұстаз болу оңай емес» тақырыбында өкізілген кездесу кешінің хаттамасы

Күн тәртібінде:

  1. «Мамандық сыры: ұстаз болу оңай емес» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспары мен мақсат-міндеттерімен таныстыру

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Серікбай Майра сөз алып, оқушыларды «Мамандық сыры: ұстаз болу оңай емес» тақырыбындағы тәрбие сағатының жоспарымен және жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып өтті. Жалпы сабақтың мақсаты: Оқушылар бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, жігерлі жастардың ішкі әлеуетін ашу. Рухани жаңғыру және «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы–тәрбие үдерісінде бірнеше жобалармен жұмыс жасауда. Бүгінгі өткізілетін тәрбие сағатымыз «Көшбасшылық» әлеуметтік жобасымен байланысты екенін айта кетті.

Елбасымыздың 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «100 жаңа есім» жобасы іске асыру жүктелген. Тәуелсіздік жылдары елдің дамуына үлес қосқан, алайда есімдері тасада қалып қойған замандастарымыздың жетістіктерін ескерген. Айтулы жобаға екі мыңнан аса үміткер қатысқан. Солардың ішінен өң бойы озық шыққаны – 102 адам. Яғни бұлар – елдің көп дауысын иеленгендер. Осы жоба біздің мектебімізде де қолға алынғанын айтып, мектебіміздің «100 жаңа есім» жобасына шебер ұстаз, аяулы ана, олимпиадалар жүлдегері, үздік физик кім? – деп ортаға ой тастады. Оқушылардың барлығы Бейсенова Шакизат Аманжоловна,- деп хормен айтты.

Көшбасшы жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға екені барлығымызға белгілі екенін айта отырып Шебер ұстаздың өміржолына тоқтала кетті. Шакизат апайдың өмір жолына қысқаша шолу жасайтын болсақ, 1971 жылы 9 қазанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 1973-1988 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы №45 қазақ орта мектебінде білім алған. Оқушылық кезеңінде үздік оқушы екенін көрсетіп, әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 1988 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетіне оқуға түсті. 1993 жылы педогогикалық институтты бітіріп, «физика-информатика, және ЕТ мұғалімі» квалификациясы бойынша диплом алды.

Кәсіби қызмет барысында 1994 жылдың ақпан айында Қызылорда қаласындағы №70 қазақ орта мектебіне мұғалім болып, ұстаздық еңбек жолымды бастады. Ал, 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында физика-информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2009 оқу жылында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2012 оқу жылында қосымша білім беру педогогы қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары» қызметін атқарып келеді.

Келесі кезекте, Шакизат апайға арнап «ұстаз» әні шырқалды. Сабақтың қортындылау мақсатында Шакизат апайға арнайы әзірленген сұрақтар қойылып, көңілге тұшымды жауаптар алынып, оқушылармен бірге еркін сұхбат жүргізілді.

Сабақтың қорытынды бөліменде Шакизат апайға сөз кезегі беріліп, тәрбиеші, «Жақсы сөз жарым ырыс» демекші жақсы тілекпен сөзін тәмәндады.

Қаулы:

  1. 8 «а»- сынып тәрбиешісі Серікбай Майраға «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» атты тәрбие сағаты аясында ұстаздарға құттықтау хатын жолдау тапсырылсын.


Хатшы: Ж.Алдаберген

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!