Материалдар / "Ұстаз аты ыбиік әрі мәңгілік" 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұстаз аты ыбиік әрі мәңгілік" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1067
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ












«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

мерекелік кеш сценарийі



11 сынып










Дайындаған: Нұртаева Қ.М.

















2017-2018 оқу жылы

«Бекітемін»

Мектеп директоры Б.Ж.Темирбеков

«Тексерілді»

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Магзиева




«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» мерекелік кеш сценарийі


Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, смайликтер, шарлар.

Кеш барысы:

Бейнеролик қосылады

Арманай: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Дана: Дұрыс айтасың Арманай. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Медина: Иә, қыздар. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Арманай: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін!

БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Медина: С днем учителя сердечно поздравляем! Спасибо за ваш благородный труд, за самоотдачу и душевную чистоту! Желаем солнечного настроения, пусть школьные будни будут наполнены добром и позитивом!

БІРГЕ: С ПРАЗДНИКОМ!!!

Дана:A good teacher is like a candle, it consumes itself to light the way for others.

БІРГЕ: HAPPY TEACHERS DAY!

Арманай: Бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелік кешімізді ашу үшін мектеп басшысы Болат ағайға сөз кезегін береміз. Рахмет, ағай!

Дана: Ән: «Ұстаз - ана» қабыл алыңыздар.

Медина: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Арманай: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

Дана: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

Медина: Олай болса, келесі кезекті ұстаздарымыздың еңбек жолынан алынған суреттер жинағына кезек берсек!

Арманай: Біздер үшін әр кезде биік бағаң,

Бойыма жиып-теріп үлгі алам.

Тіреуі басшысы мектебімнің

Аман жүрсін ауырмасын Болат ағам.

Майлиннің ірге тасын тік ұстаған.

Директорым тек сізбенен мақтанам.


Дана: Ұстазым ұлағатым үлгі өнегем,

Бәйтерекке сізді мен теңер ем.

Орны ерекше тұлғасы бөлек біртуар

Бану апай сізді күнге теңер ем.

Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,

Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.

Айтарымыз өзіңізге мың алғыс

Есептеуді талмай бізге үйреткен.


Медина: Қайыпхан аға мейірімді,

Ақ пейілді жүрегі.

Шәкірттердің әрдайым,

Қамын ойлап жүреді.


Арманай: Тарих деген түп қазығым тамырым,

Тамырымды білу менің парызым.

Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен,

Гүлзат апай көп қой сізге қарызым


Дана:Музыкамен, әсем биге үйреткен,

Жамандықтан, надандықтан жиренткен.

Асықпай басып, ақылменен саралап,

Алмагүл апай, алғыс айтамыз құрметпен.


Медина: Қазақ тілім, өз тілімң ана тілім,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.

Осы тілдің ұқтырған терең сырын

Толқын апай әр кезде аман болсын

Әр кездерде біздерге берген білім.


Арманай: Келер ұрпақ балаға,

Сөз асылын дарытқан.

Ақылымен санаға

Тіл арқылы табысқан

Орыс тілің меңгерген

Оқытуды жөн көрген

Гаухар апай әр кезде

Ұрпаққа жаңа өң берген.


Дана: Жақсылықты құйып берген санама,

Жақсы мінез дарытатын балаға.

Ардақ апай сабырлы әр кез жүретін

Жақсы ойды ұялатар санаға


Медина: Оқушыға қатаң тәртіп қоятын,

Сыныбында тәртіпсізді жоятын.

Ұмытсаңыз әкелетін форманы

Думан ағай тұрғызып қоятын.


Арманай: Қатты айтып жөндейтін әр кез қатенді

Ақылын айтар шәкіртіне әсерлі.

Сапқа қойып бой түзетер әрдайым,

Манат ағай сабағы өтер әсерлі.


Дана:Салтанат апай мектепте орны бөлек ,

Сүйеді шәкірттерін сізді ерек.

Тамырын тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Әрдайым аман болып жүрсіндер ек.


Медина: Шынар апай, кем көрмейміз сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық бізде сан арман.

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған


Арманай: Он мен солды танытатын аяулы,

Шәкіртін алғаш өзі қабыл алған.

Жылы шырайғ мейірімі тағы бар

Бейбітгүл апай балапандарын қанаттырған


Дана: Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сандуғаш апай шәкіртіне ерекше

Үйрететін жақсы менен жаманды


Медина: Қолға қалам алдырдың,

Ою-өрнек салдырдың

Әсем әуен жаттатып,

Білімімді жандырдың

Ұлжан апай алғысымыз көп біздің.


Арманай: Әр адамға құрметпенен қараған ,

Жақсы мінез болмысында тараған.

Сымбаттай жас маман ағамыз

Спортқа бізді баулыған.


Дана: Good morning деп бастаймыз әрбір сабағын,

Ағылшын оқып ескереміз заман талабын.

Айқын ағай алғысымыз ерекше

Жемісті болсың жұмысың, ұштала берсін қаламың


Медина: Ұстазым екінші анам аялаған,

Қамқорлығын білімін аямаған.

Жетекшіміз қорғанымыз біздердің

Жаста болса Құралай апай аяулы жан


Арманай: Дүниемен танысуға берген талай көмегін,

Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.

Оны үйреткен жас Еркежан апайымыз

Сіз барда физикамен сусындап келеміз.


Медина:Тәрбиесін тәлімін беретұғын,

Тәлімгер деген біздер үшін қасиетті ұғым

Ақылымен әрдайым баулайтұғын

Гүлнұр апай, мақтан етер ұл-қызың.


Дана: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Ұстаздарға арналсын тілегіңіз! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектеп оқу ісінің меңгерушісі Бану апайға береміз. Рахмет!

Арманай: қыздар, енді мұғалімдерімізбен ойын ойнасақ қалай болады

Дана: иа, Арманай дұрыс айтасың. Қазір біз ортаға аттары аталған ұстаздарды шақырамыз.

Медина: Сіздердің көздеріңізді байлап, қолдарыңызға әріптер береміз. Сұрақ қоямыз сол сұрақтың жауабын құрастырасыздар.

Арманай: дайын болсаңыздар сұрақтарға назар аударыңыздар:

  1. Шкафта бар, үстелде жоқ (сөре)

  2. ..... оның ісі шала (бала)

  3. Грузияда ең танымал шырын жасалатын жеміс (анар)

  4. Алтын адам табылған қала (есік)

  5. Шайға қосылатын ең тәтті дәм (қант)

Медина: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз. Би «Kiss kiss».

Арманай: “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Медина: иа, Арманай. Осы қыр-сыры мол еңбек жолында ұстаздарымыз өз шәкірттерінің түрлі қызықтарына куә болғаны анық.

Дана: дұрыс айтасың Медина. Осы 11 жылда біздің қандай қызықты сәттеріміз болғаны маған қызық болып тұр.

Арманай: олай болса келесі кезекті ұстаздарымызға берсек, ұстаздарымыз бізге біздің қызықты сәттеріміз жайлы айтып берсе.

Дана: иа, құрметті ұстаздар сөз кезегі өздеріңізде! Біздің қызықты сәттерімізді айта отырсаңыздар.

Медина: Шәкірттің жүрегіне дем бересің,

Екінші анам болып сен келесің.

Мейірім – шуағыңды күндей шашып,

Барлығына шәкірттің дән себесің – дей отырып, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріп танытқан ұстазымыз Шынар апайға сөз береміз. Рахмет!

Арманай: Өлеңге көңілің құмар, даусың жатар,

Созылтып ән мұржасын созсаң зытар.

Ән сүйгіш, жылы көңіл, сөзге тақсық,

Жылпыңдап жылы сөзді неге ұмытар – дей келе ұстаздарымыздың ескі әндердің сөздерін ұмытып қалдадыма екен соны тексерсек.

Медина: иа, Арманай. Олай болса келесі кезекті ұстаздарымыздың мектеп кезіндегі әуендеріне берсек.

Дана: Сіздерге өлеңдер жасырылады, өлеңнің атын немесе өлең жолдарын табуларыңыз керек.

  1. «Учат в школе»

  2. «Бақыт құшағында»

  3. «Ана туралы жыр»

  4. «Школьный вальс»

  5. «Ақ бантик»

  6. «Вместе весело шагать»

  7. «Арсы жағасында»

  8. «Дважды два четыре»

Арманай: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат апайға береміз. Рахмет!

Медина: қыздар, ендігі кезекте мұғалімдеріміздің тапқырлығын байқасақ.

Арманай: иа Медина, ұстаздарымызды ортаға шақырсақ.

Дана: сіздерге сұрақтар қойылады сол сұрақтарға таратылған әріптерден басталатын сөздермен жауап бересіздер.

Медина: Білімнің кәусәр бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің-мұғалім,

Ұстаз да, ғылым дана да.

Арманай: Ән «Ұстазым»

Дана: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

Медина: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап,пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.

Арманай: бүгінгі айтулы мерекеде бізден сіздерге естелік болып қалсын деген ниетпен дайындаған аздаған сыйлығымызды қабыл алыңыздар!

Дана: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырлары сан тарапқа тараған.

Медина: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімімен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Арманай: Құрметті ұстаздар! Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

БІРГЕ: ТАҒЫ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АЯУЛЫ ҰСТАЗДАР!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!