Материалдар / Ұстаз-білім шырағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз-білім шырағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана мейірімімен ұстаз мейірімі егіз. Себебі анамыз бізге осы өмірдің ең алғаш есігін ашқан адам болса, ұстаз бізге білім жолының алғашқы есігін ашатын адам.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020-2021ж

Баткалова Айнур Жазайбековна

ЭССЕ

Ұстаз – білім шырағы.

Ана мейірімімен ұстаз мейірімі егіз. Себебі анамыз бізге осы өмірдің ең алғаш есігін ашқан адам болса, ұстаз бізге білім жолының алғашқы есігін ашатын адам. Ұстаз ісі сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі. Ұстаз – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті. Біз ұстаздар еш уақытта өз оқушыларымызға ешнәрсе үйретпейміз, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймыз. Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз.

Адамды тәрбиелеу демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. Нашар ұстаз шындықты қайталайды, ал жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді. Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек.

Ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары ашық мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушыларына жақсы әсер етіп, үлгі бола білу керек. Егер мұғалім өз бойына іс-әрекет пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса ол – кемел ұстаз. Оқушылар ең сенімді адамдарының бірі ұстазы, ойларын жасырмай, сырларын ашық айтатын адамы ол әрине ұстаз.

Ақыл тозбайтын,

Білім таусылмайтын. – демекші адам баласы үшін білімнің баға жетпес қазына екенін мойындауымыз керек. Білімді болу үшін көп ізденіп, көп оқуымыз керек. Ал жас ұрпақ сол алған білімдерін ізгі істер жасауға, риясыз жақсылық жасауға пайдаланса, біз ұстаздар ең бақытты адамға айналамыз. Яғни әрбір баланы білім нәрімен сусындап өсуіне ұстаздардың білім беру жолындағы еңбектері орасан зор. Сол себепті де ұстаз – білім шырағы деп текке айтылмаса керек. Ұстаз білім шырағы деп айтуымыз бекер емес, себебе ұстаздар өте зерек, білімге құштар, өз білгенін өзгеге үйретуден жалықпайтын, шаршауды білмейтін адам.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд «Жәй мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» - дейді. Яғни, адамға жылу нұрын шашатын күн болса, ұрпаққа білім нұрын шашатын ұстаз екені баршамызға мәлім.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!