«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз – мектептің айнасы,білім нәрін себушісі. Ұстаз болу – жүректің асылдығы. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Аскарова Мадина Амангельдыкызы


«Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»


(Ж..Ж.Руссо)


Ұстаз – мектептің айнасы,білім нәрін себушісі. Ұстаз болу – жүректің асылдығы.

Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – ұстаз.

Ұстаз болу кез -келгеннің қолынан келе беретін мамандық емес,ол үшін адамда туа біткен қасиет болу керек, ең алдымен өзіңді содан кейін қоршаған ортаны түсініп, тани білуің керексің.Ұстаз тек қана білім беріп қана қоймай, рухани жағынан да сені байытады. Жас ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарды дамыту, өмірдің сындарынан сүрінбей өтуге, қиын жағдайларда жол тауып шығуға, оңын мен солыңды тануға және де өмірде дұрыс жолға түсуге бағыт береді, жол сілтейді.

Адам баласы бірінші Алла Тағалаға содан кейін ұстазға бас июі керек.Себебі, оның анасы да ұстазға бас иген.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек:

Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,

Білімді жан тас қамалды күйретеді.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, маған тәлім-тәрбие беріп,өмірлік тәжірибемен бөлісіп жатқан мектебіміздің барша қадірлі ұстаздарына шексіз алғысымды білдіріп, алдарында шын жүректен басымды иемін.Ол кісілердің зор еңбегінің нәтижесінде мен бұл дүниеде өз орнымды тауып, білімімді жетілдірудемін. Барша ұстаздар қауіміне тілер тілегім: ұзақ ғұмыр кешіп, еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің саны арта берсін. Сіздердің жолдарыңызды қуып, біз, оқушылар, биік жетістіктерге қол жеткізіп, есімдеріңізді белестерден естірте берейік.


Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Есімің биік шаттан көрінетін.

Білімнің есігін айқара ашқан,

Аялы ұстаз бар сенің қасиетің.

Сана берген, тәрбие, ақыл берген,

Жан- тәнімен оқуға көп берілген.

Жүрегімде өшпестей із қалдырған,

Есіміңді ұмытпаймын еш уақытта

Келешекке дұрыс бағдар бересің сен,

Адам болып қалуға баулыйсың сен.

Бабамыздан қалған асыл мұрамызды

Жолғалтып алмай сақтауды көздейсің сен.

Жиып-терген қазынаңды бізге ашасың,

Саф алтындай мейіріммен ұсынасың.


Қараңғыда жетелеп, көзімді ашқан,

Ұлы есімге мәңгілік басымды иемін -деген өлең шумақтарымды әлемдегі барлық ұстаздарға арнап, шығармамды аяқтаймын.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2022
2620
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі