Ұстаз болу – ерекше тұлға болу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз болу – ерекше тұлға болу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз еңбегінің қиыншылығымен бірге қызығы да мол екендігін және де ұстаз болу ұлағатты тұлға болу .
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Сазды орта мектебі

Математика пән мұғалімі

Сегизбаева Нұргүл Сенбайқызы



Ұстаз болу – ерекше тұлға болу


Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болады. Еліміздің дамуы , әрине жастардың қолында , ал болашақ жастарды тәрбиелеу ұстаздың қолында.

Ұстаз үшін мектеп – алтын ұя. Мектепте әр адамның балалық, жасөспірім шақтары өтеді. Жастық шақ асқақ арманға қол созып, ғылымның шыңдарына ұмтылатын кез. Ұстаз әр баланы білім нәрімен сусындатып, биік қияға ұшырмақ. Ұстаздық жолында негізгі менің ұстанған қағидам – оқушының білім мен біліктілігін қалыптастыру, өнерлі де өрелі, тәрбиелі де өнегелі, өз-өзіне сенімді, жігерлі және де шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу. Жаңашылдыққа жаны құмар ,үнемі көп іздену барысында ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының ІІ деңгейлік бағдарламасы бойынша сертификатталғаннан соң , өз тәжірибемде жаңа әдіс – тәсілдерді қолданып жүрмін . Әрине бастапқы кезде математика пәнін Кембридж әдісімен оқыту және жоспар құру қиынға соқтырды . Айталық математика тақырыбын кез келген оқушының өз бетімен меңгеруі мүмкін емес деп ойладым . «Көз қорқақ , қол батыр» демекші сабақтарымды жаңа әдіс – тәсілдермен өткізу барысында , оның тиімді және мүмкін екендігіне көз жеткізіп , ең бастысы әр оқушынының пәнге деген құлшынысын ,қызығушылығын ояту барысында ,мұғалімнің тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткізуге болатынын аңғардым. Оқушының өз бетімен білім алуының бір түрі – шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы білім алу. Бұл математика пәні үшін оқушының логикалық ойлау қабілетін арттырады. Жаңа әдіс –тәсіл бойынша оқыту:

-Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;
-Ізденушілік қабілеті артады;
-Жауапкершілігі жоғарлайды;
-Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады; 
Педагогтың шығармашылығы мен құзіреттілігі мынадан көрінеді.

  1. Мақсатқа жету жолындағы міндеттерді белгілеу және оны жүзеге асыру

  2. Мақсатқа сай белгілі бір проблемалық тақырыппен айналысу

  3. Оқу – тәрбие процесінде кездесетін проблемаларды жоғары біліктілікпен шешу, яғни теорияны практикамен, педагогиканы психологиямен, озық үлгідегі педагогикалық тәжірибені өз тәжірибесімен шебер ұйымдастыра білу.

  4. Оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс-тәсілдерін оқып үйрену, меңгеру.


Ұстаздықтың киесі ізгілікті көрсету

«Ұстаз» сөзі шәкірттің жан-дүниесін тербету.

Ұстаз болу – ерекше тұлға болу деген сөз,

Балалардың қиялын ғарыштарға сермету.



Құмар болу жаңаға, тыным таппай іздену,

Оқушының сезімін қырағыша көзге ілу

Талантына шәкірттің талап қоя білу де,

Өз қайғыңды ұмыту, бала үшін түрлену.



Табыс көзі, білесіз, өз пәніңді сүюде.

Ұғындырып шәкіртке, ұқпай қалса күюде.

Ескі жолды ұмытып, жаңаша сабақ өту,

Бар баланы сабаққа қызықтыра білуде.



Әрбір ұстаз алдына қойсын мына сұрақты.

Қалайша мен өтемін қызықты етіп сабақты.

Оқушы мүмкіндігін жоғарылату міндетім,

Әр сабақта оқушы дара тұлға тұрақты.



Міне осылай мұғалім сапасы көрінеді.

Оқушыдан мұғалім еңбегі білінеді.

Білімді де, саналы шәкірттерден еліме,

Мәңгілік жасампаздық шуағы төгіледі.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі