400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы».

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы».
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы».

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Ол тек оқу, жазу үйретіп беретін мұғалім ғана емес, қиналған сәтте қол үшін беретін қамқоршы, көмекші. Іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл – кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін дос.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Б. Момышұлы «Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын. Осындай ардақтау мен құрметтеуге лайық ұстаздың бірі Б. Сырттанов атындағы орта мектептің мұғалімі Салтанат Нүрекеқызы Молдабекова. Игі айтар ақылы, көрсетер үлгісі бар, жаңашыл, бойында дана ойдың ыстық лебі бар, шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан Молдабекова Салтанат Нұрекеқызы 1969 – шы жылдың 15 –ші желтоқсанында Алматы облысы, Ақсу ауданы, бұрынғы Қапал ауданы қазіргі Ақсу ауданының Суықсай ауылына қарасты Ащыбұлақ атты алақандай ауылда дүниеге келген. 1977 жылы М. Мәметова атындағы негізгі мектебінің табалдырығын аттап, 1985 жылы осы мектепті үздік оқушы ретінде бітіріп шықты. Оқушы кезінен бастап ұстаздары берген білім нәрін бойына дарытып, алғырлығымен, үлгілігімен, тәртіптілігімен, алдына мақсат қойғыш талаптылығымен, білімге деген құштарлығымен ұстаздарын тәнті еткен Салтанат Нұрекеқызы «Ұстаз жолы ұлы жолды» таңдап арман қуып, Балқаш педагоикалық училишесіне оқуға түсті. Өзі сүйіп таңдаған мамандықтың иесі атану мақсатындағы еңбек жолын Арасан ауылы Арасан орта мектебі қазіргі Барлыбек Сырттанов мектебіне бастауыш сынып мұғалімі қызметімен бастады.
Кейіннен жұмыс ітей жүріп сырттай Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп, бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі факультетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша 1994 жылы бітіріп шықты. Оның бала көңілі әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Міне, арада осы қызметті атқарып жүргенінее 25 жыл толыпты. Бұл әрине, аз уақыт емес. Осы уақыт ішінде Салтанат Нұрекеқызы 2005 – 2009 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі – жөніндегі орынбасары қызметін де аса ыждаһаттылықпен атқарды. Осы қызметте жүріп, ол кісінің көңілі бұрынғы істеген қызметі яғни, бастауыш сынып мұғалімдігіне бұрушы еді. Бәрібір сол өзі сүйіп таңдаған, жүрекпен ұғына білген мамандығына өз еркімен ауысып, қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып жүр. Ұстаздың жеткен жетістіктері де аз емес.

Оқушылардың Кіші Ғылыми акедемиясының байқауында оқушылары ғылыми жоба жарысында дәрежелі 1, 2 , 3 орындарды иеленді. 2012 – 2013 оқу жылында оқушылары Ш. Медетова мен А. Хамитова аудандық Кіші Ғылыми Академия ғылыми жоба мен «Дарын» ғылыми жобасынан І – орын, 2013 – 2014 оқу жылында аудандық «Дарын» ғылыми жоба жарысында оқушылар Ш Медетоваа және А. Хамитова ІІ орынға қол жеткізді. 2013 жылы ХХІІ – ші КҒА-ның ғылыми – тәжірибелік конференциясына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. 2013 – 2014 оқу жылында Мұқашева Камила КҒА-на қатысып, ІІІ орынды иеленді. Салтанат Нұрекеқызы бір орында тоқтап тұрмайтын жанның бірі. Өзінің өмірлік түйген мол тәжірибелерімен бөлісіп, өзіндік жоғары пікірлерімен ұстаздарға көмектесіп әрдайым ізденіс үстінде жүреді. Соның бір нәтижелері 2010 жылы облыстық ғылыми – практикалық интернет конференциясында «Педагогтың құзіреттілігі білім беру сапасын көтеру факторы», 2012 жылы Ақсу ауданы бастауыш сынып мұғалімдерінің іс – тәжірибесі «Білім негізі бастауышта», 2012 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы «Пән семинарлары нәтижелі білім негізі», «Әдістемелік жұмыс – шеберлік шыңдау мектебі» атты жинақтарға жарияланып таратылды. 2013 жылы аудандық «Үздік тәлімгер» байқауына қатысы ІІІ – дәрежелі дипломымен, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Кіші Ғылыми Академиясының президиумының грамотасымен, 2014 жылы аудандық «ACTIVSTUDIO – 2014» байқауында І –дәрежелі дипломымен марапатталды. «bilimdiler.kz» порталында 5 мақаласы жарық көрді.


Суретте: Ұстаз С.Нұрекеқызы дарынды оқушылары Ш. Медетова және А. Хамитовамен


2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың үш айлық Курсын І (ілгері) деңгей бойынша аяқтады. Қазіргі кезде Салтанат Нүрекеқызы көшбасшы мұғалім ретінде Курс бағдарламасының мақсатына сай мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мектеп жүйесін жан-жақты дамытуға өз үлесін қосуда. Мектеп мұғалімдерімен «Орта мерзімді жоспарлау» «Оқыту үшін бағалау» «Сабақтағы кері байланыс» т.б. тақырыптарда коучингтер өткізу жұмыстарын үнемі жүргізіп тұрады. Оның бір дәлелі І (ілгері) деңгей бойынша бітірген көшбасшы мұғалім ретінде жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуде мектепішілік мұғалімдермен ғана шектеліп қалмай Қапал өңіріндегі мектептердің мұғалімдерімен де өзіндік мол тәжірибелерімен бөлісу мақсатында семинар өткізуде. Атап айтсақ, 2014 – ші жылдың 30 –шы қазанында Б. Сырттанов мектебінде семинар – тренинг ұйымдастырды. Бұл семинарға Көшкентал, М.Мәметова, Ю.Гагарин, Ғ.Орманов, Е.Жайсаңбаев орта мектептерінің мұғалімдері мен Қызылжар бастауыш мектебінің мұғалімдері қатысты. Семинарға келген мұғалімдердің осы семинардан деңгейлік курсқа деген қызығушылықтары артып, Салтанат Нұрекеқызының өткізген коучинг сабақтарынан, тренингтерінен өзіндік білім қоржындарын молайтып қайтты. Бұл әрине Салтанат Нұрекеқызының алға қойған мақсаттарының орындалған нәтижесі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі