Материалдар / «Ұстаз деген - ұлылықтың бастауы» мерекелік іс - шара -11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұстаз деген - ұлылықтың бастауы» мерекелік іс - шара -11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз деген - ұлылықтың бастауы» мерекелік іс - шара мектеп ұстаздары мен тәлімгерлеріне көмек береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2020
419
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО. Ұлан ауданы, Алмасай ауылы,

«Абай атындағы орта мектеп» КММ тәлімгері Аманжолова Мейрамгүл Аманжолқызы



Тақырыбы: «Ұстаз деген - ұлылықтың бастауы»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау .

2. Танымдық қабілетін арттырып, мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту.

3. Ұстаздарға мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Сабақтың түрі: Әдеби-музыкалық бағдарлама.

Әдіс-тәсілі: Өлеңдер оқу, ән шырқау, ойындар ойнау.

Сабақтың көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары, шарлар, ойынға арналған кеспе қағаздар.


Барысы:



1- жүргізуші:

Қайырлы күн, қош келіпсіздер ұстаздар және оқушылар!

Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

2- жүргізуші:

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен , ұстаз деген ұлы есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің , жаңарған елдің мұғалімдеріне қойылатын талаптар өте ауыр. Ендеше осындай қиын да күрделі жолда балаларға білім беруде ерекше орын алатын ұстаздардың төл мерекесі құтты болсын!

1- жүргізуші:

Ұстаздар мерекесіне арналған құттықтау сөзді мектеп директоры Д.М.Асаубаевка береміз.



1 -жүргізуші:

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той ,

Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер халайық , сергісін бой

Күй: «Ата тоғауы» . Орындайтын «Жігер» ансамблі. Жетекшісі Нұрсұлтанова Әлемгүл.

2- жүргізуші:

Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?



1- жүргізуші:

Шәкірттерді сусындатқан біліммен,

Мейірімің ақ жүзіңнен білінген.

Ұмытпаймын есіміңді ұстазым,

Жүрегімнің нақ төрінде ілінген.





2 -жүргізуші:

Сарқып бізге сөздеріңді сыр тұнған,

Жігеріңді толқындардай бұлқынған,

Даналықпен жанымызға нұр құйып,

Сіңіруге бойымызға ұмтылған.

Ән: «Мың алғыс саған ұстазым» . Орындайтын 8 – сынып оқушлары.


1- жүргізуші:

Ұстазсың ба болуың керек жан жақты

Кездестіресің өмірде талай сұрақты

Білімділік керек саған ұстазым

Жылдамырақ тауып көрші жауапты

Біздің бүгінгі мерекелік шарамыз ерекше болмақ. Бүгін би де, ән де айтылып, ойын да ойналады.

Бұл кезеңде қима қағазда жазылған сұрақтар болады

Ортаға ерікті мұғалім шықсын. Қима қағаздағы сұрақтарды суырады. Жауап береді,көрерменнен көмек сұрауга болады.

1 қағаз:

  1. Тарихта ең үлкен бас киім киген кім?

  2. Домбырада жетеу, сырнайда алтау қобызда бесеу ол не?

  3. Ертістің басында не бар?

  4. Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
    нәрсе?

  5. Елімізде талдармен жасалған қорған қай
    қалада?

2 қағаз:

  1. Есікті ашу үшін не қажет?

  2. Стаканға қанша жаңғақ кіреді?

  3. Шәугімдегі су қайнағанда ең бірінші не саламыз?

  4. Мені ешкім түсінбейді, неге?

  5. Үйдің ең суық жері?
    3 қағаз:

  1. Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады?

  2. Суды елеуішпен қалай тасуға болады?

  3. Автобус аялдамасына қыз тусіп келе жатыр еді ,шал қасынан жүріп кетті (мағынасын түсіндіріңіз)

  4. Король кімнің алдында тәжін шешеді?

  5. Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай
    шығады?

    4 қағаз:

  1. Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
    келеді?

  2. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
    машинаны бір қолымен кім тоқтата
    алады?

  3. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?

  4. Есікті ашу үшін не қажет?

  5. Алма жегенде ішінен құрт көруден де
    жаман не болуы мүмкін?

1 жүргізуші:

Ұстаздарымыз ойланғанша мектеп оқушысының биін ттамашалайық.

Ұстаздарымыз болса жауаптарын тыңдайық.

Би : «Үкілі ару» мектеп қыздар тобы

2- жүргізуші: Мұғалімдер келіп орындыққа отырыңыздар.

Сіздерге айтылмай орындықтың арт жақтарына әншілеріміздің есімдері жапсырылған. Сол әншілерге пародия жасайсыздар.

Роза Рымбаева

Медеу Арымбаев

Мақпал Жүнісова

Сәкен Майғазиев

Ақбота Керімбекова

Ұстаздарымыз демалып сергіп алсын. Ән «Мектебім»

1- жүргізуші:

Математикалық ойын

Бұл ойын музыка арқылы орындалады. Бірнеше ойыншы шығып би арқылы ауада сан (цифр) жазады. Ал көрермендер қандай сан жазылғанын табуы керек. Есеп жазуға да болады бірақ, оңай болуы керек мысалы: 2+5. Қалғандары шешуін тапқанша ойыншылар биін жалғастыра береді.

Фанфар 1 – сынып оқушылары. Қолдарына кеспе қағаздарға жазылған әріптерді ұстап шығады. Әр оқушы тақпақтарын айтады.

( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М — мейірімді
Ұ — ұлағатты
Ғ — ғазиз
А — ақылшы
Л — лайықты
І — іскер
М — маман

1 — оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 — оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 — оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 — оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 — оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 — оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 — оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

Мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)

Бүгінгі мерекелік шарамыздың мақсаты көңіл көтеру еді. Сол мақсатымызға жете алдық деп ойлаймыз.
2 — жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.

1 — жүргізуші:
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!

Ұстаздар сіздерге мың алыс, бас иеміз!

Ән: «Ұстазым менің ұстазым!» Мектеп оқушыларының хоры. Шымылдық жабылады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!