«Ұстаз деген жарық күні ғаламның» мерекелік іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның» мерекелік іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының жоспары


Педагогтың аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның» мерекелік іс-шара

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.


Сабақтың барысы:


Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.

Амандасады.




Сабақтың ортасы


1-жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен оқушылар,кеш қонақтары!Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!

1-жүргізуші.Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты.

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

Шәкіртінің биікке шыққандарын.

-дей келе,келесі кезекті ұстаздар құрметіне арналған оқушылар лебізіне береміз!

(Оқушылар кезек кезек шығып арнауларын оқиды,артынша хабарлаусыз хор айтылады)

2-жүргізуші

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сізді біз!

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

1-жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
-дей келе келесі кезекті сіздерге арналған видеороликті назарларыңызға ұсынамыз

(видео көрсетіліп жатқанда оқушылар сахна сыртына шығып кетеді)

1-жүргізуші: Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

2-жүргізуші: Құтты болсын мерей той, ұстазымыз,

Орындалсын ойға алған арманыңыз.

Болашаққа біліммен жол сілтеген

Еңбегіңе біз мәңгі қарыздармыз.

Басыңызға бақ ұялап, бақыт қонсын,

Береке-ынтымақпен орта толсын.

1-жүргізуші: Өмірдің ащы-тұщысын,

Сен үшін көрді ұстазың,

Көрмеген қайдан түсінсін ,

Жатпаймын айтып себебін.

Аялап сені өсірді,

Болсын деп жақсы азамат,

Еркелігіңді кешірді,

Ерсіңді айтып саралап.

Арқалай жүріп ауыр жүк,

Жетектей сені оқытты.

Алдымда бар деп зор үміт,

Жеткеніңді көп күтті.

Ақыры жеттің дегенде

Азамат болдың саналы,

Анаң бар қымбат оданда,

Сүйе біл Отан ананы-дей отырып сахнаға сыныбымыздың әнші, мақтанышы Жеткізгенұлы Абылайханның орындауында «Қазағым » әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші

Ұстаздар-тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,

Зердесін болашақтың зерлі еткендер.-дей келе осында отырған барлық ұстаздарды тағы да төл мерекелерімен құттықтап сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Мектебіміздің барлық ұстаздардың құрметіне сыныбымыздың жезтаңдай әншісін «Ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын дей отырып келесі кезекті ұстаздарымызбен өткізгелі отырған қызықты ойынға берейік.Бүгін аяулы ұстаздардың мерекесі,сол себепті ерекше қуаныш пен ерекше сәт сыйлау біздің міндетіміз!

1-жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Білім көшін жылжытып келе жатқандықтан да ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтай отырып келесі кезекті Жолдекешов Бекнұр мен Жапарбаев Рысбектің орындауындағы «Ұстазға арнау» әніне кезек береміз. Қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.

1-жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Тәрбиешісі сенсің адамның

2-жүргізуші:Мұғалім ұстазысың балалардың, 
Болашақ ғалымдардың, даналардың 
Өмірде сенің алар орыныңды 
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың 
Өткізіп өз алдыңнан талай бала, 
Бойына құйдың ақыл,ой мен сана 
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді, 
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға 
Атағым Алатаудай болып биік, 
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп 
Алдыңда әрқашанда ағзым етіп, 
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Сахнаға аяулы ұстаздарымыздың құрметіне әсем «Ұстазым» әнімен оқушыларымызды шақырамыз!Бар сый құрмет шын жүректен тек ұстаздарымызға арналады!(өлең айтылып бастағанда,оқушылар түсіп сыйлықтарды тапсырады және апайларды биге шақырады)

1-жүргізуші. Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
2- жүргізуші: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылықтар

Жүрегінде маздаған жылылық бар.

Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым,

Ұстаздағы сан қырды ұғынып қал!

Ұстаз сөзі күн нұрына парапар

Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар

Ізгілік пен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге аралар.

1- жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.Екінші анамыздай болған жандар бізге қашанда жақын және ұстаздарымызбен өткен әрбір сәт біз үшін ерекше естелік болып қала береді.

1-жүргізуші
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
2- жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

1-жүргізуші:

Туған жер-жинақ атауы әрбір жекенің

Өлеңге қосып өзіңді мәңгі өтемін,

Шетпеден шығып ширатылған жолдың ұшында

Мен туып-өскен Ұштаған елді-мекенім-деп Бисенбек ағайымыз жырлағандай Ұштаған ауылындағы Асқар Өтепбергенов атындағы мектебінің ұстаздарын да осынау кәсіби мерекесімен құттықтап тамаша әсем әнді сіздердің құрметтеріне арнаймыз.

2-жүргізуші: Келесі кезекте оқушылардың орындауында «Ауылым» әнін ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші.Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Конец формыНачало формы2-жүргізуші. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз да ұстаздың жөнінің бөлек екендігін айтқан!

ХОР: «Ұстазым»
Айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын демекпіз! Бүгінгі сіздерге ,яғни ардақты ұстаздарымыздың құрметіне арналған « Ұстаз деген- жарық нұры ғаламның » атты кешіміз өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші.Отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге саулық ,істеріңізге сәттілік тілейміз!Біздей шәкірттеріңізден сый мен құрмет қана көріп,аман сау мерекеден мерекеге жете беріңіздер.


Сабақтың соңы


Қорытындылайды. Мұғалім сөз сөйлейді. Өз тілектерін айтады.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2024
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі