400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек

Ұстаз деген киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Алдына келген әр баланы жатсынбай жастайынан баурап, сауатын ашып, тәрбие беріп, білім нәрімен сусындандырып жүрген ардақты ұстаз Турегелдиева Бақтыгүл Абитханқызы дер едік.

Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Бақтыгүл Абитханқызы балаларды білім кемесіне отырғызып, үлкен өмірге дайындап, болашаққа жол көрсетіп, анасындай әлпештеп, маңдайларынан сипап жүрген мейірімді жан.

Турегелдиева Бақтыгүл Абитханқызы 1974ж 21наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысы. Киров ауданы "Жүзімдік" совхозында дүниеге келген. 1981ж "Г. С. Титов" атындағы мектептің табалдырығын аттады. 11 жылдық мектепті үздік аяқтаған Бақтыгүл Мемлекеттік Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледждің бастауыш сыныптарды оқыту бойынша білім алып, бастауыш сынып мұғалімі біліктілігіне ие болды. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Иіржар ауыл округі Мақтажан елді мекені "№15 Мақтажан жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі болып қызмет етіп келе жатқанына 11жыл болды.

«Өнер, білім, бәрі де оқуменен табылған»,- деп Ыбырай Алтынсарин жырлағандай, адам баласы қай мамандықтың да асқарына білім арқылы ғана жетері анық. Бақтыгүл Абитханқызын ұстаздық қызметінде көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің білімділігі мен көрегенділігін дәлелдеп те келеді.

Атап айтар болсақ, аудандық «SMART САБАҚ-2023» сырттай байқауында озық идеясымен көзге түсіп, шеберлігін танытқаны үшін I орынмен марапатталса, мектепішілік «Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» байқауында жүлделі II орын иеленген. Бақтыгүл Турегелдиеваны шәкірттердің сауатын ашып, қанаттарын қатайтып, білімдерін шыңдап, ен жолға бағыт беріп келе жатқан ұлағатты ұстаз деп білеміз. Еш өзгеріссіз қарапайым қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін егуде.

Үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған аяулы жан Бақтыгүл Абитханқызына еңбегіңіздің жемісі еселене берсін! Ойлары ұшқыр, дарындылығын көрсете білетін шәкірттеріңіз көп болсын! Жеңісті күндеріңіз көп болғай! –деп ізгі тілек білдіреміз.

20

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26.02.2024
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі