
Ұстаз-жаңашылдықтың бастауы
Ӛмірде талай ақын, жазушы, батыр ӛткен. Бірақ солардың барлығы ұстаздан тәлім алған.
Ұстаз оқушыға білім беріп, үйретіп жол нұсқаушы. Адам баласының бірінші үйі ӛз үйі, ал
екінші үйі мектеп. Сол сияқты балаға бірінші ата - анасы тәрбие берсе, екінші ұстаз
тәрбиелейді. Оңы мен солын кӛрсетеді, бағыт - бағдар береді.
Осы орайда Боэцидің мына бір сӛзін келтіре кетсек:“Шәкірт болып жарытпаған адам,
ұстаз болып та жарытпайды”. Мен бұған толықтай қосыламын. Себебі ӛзі мықты білім
алмаған адам, ол ешкімді де үйрете алмайды.Сондықтан мықты мұғалім жаңа әдіс-
тәсілдерді меңгеру тиіс.Оқушыларға сабақта тапсырмаларды ретімен беру маңызды.
Топтық жұмысты қарастырып кӛрейін.
Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Бұнда ӛзімен ӛзі диалог
жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар ӛз
ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған
оқушылармен жұмыс істеуге кӛмек кӛрсетіледі. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты
– ӛз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “менін” ашу, сол “менді”
шығармашылыққа жеткізіп, баланың ӛзіне деген сенімін туғызу. Оқушының ӛз бетінше
оқып үйрену оның жеке талабын қанағаттандыруға және кӛкейінде жүрген сұрақтарға
жауап беруге үлкен ықпал етеді. Ӛз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған
ортаның ӛз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың
негізгі тәсілі. Ӛз бетімен оқып білуге үйретудің негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық
мәдениеттің қай саласында болсын ӛз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін
игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру. Ол – белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу
үрдісі. Бұл – адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Әрине, білім беруде тиімді нәтижеге
жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру
– мұғалім құзырындағы іс. Оқушылармен жұмыс жасауда жеке дара, топтық, ұжымдық
топтарға бӛлудің психотерапиялық мүмкіндігінің зор екені де белгілі болып отыр.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет
барлық адам бойынан табылатыны сӛзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге кӛп дегендей. Н.Ә.
Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, ӛмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет ӛте ауыр», – деген.
Сондықтан қазіргі заман мұғалімі ӛз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол,
педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген
ұстаз болуы қажет. Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп
отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады»
дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне кӛшкен мектептер үшін іскер
мұғалімдер қажет, деген ойдамын.