Ұстаз күннің нұрынан жаралған, Ұстаздың бойында ізгі нұрлы арман. Ұстазда бар қасиет қамқорлық пен мейірім. Жүрегі таза, ол бір қадірлі жан.
«Ұстаз күннің қасиетті нұрынан жаралған», себебі күн сәулесі, күннің нұры бойыңа ерекше жылулық сыйлайды. Ұстазда да, сол күн сәулесіне пара- пар жылулық бар. Сол жылулық өн бойыңа өткен кез біліміңнің шыңдалғаны, ақылдың таразыланғаны. Күннің жылуынан кім болса да нәр алады, жанын жылытады. Мен де ұстаздықтың бастауын сол жылудан шарпыдым. Ұстаз болашақты бағдарлаушы.Мұғалім болу - балалардың болашақ өмірінің кілтін қолға алу. Оларды өмірге дайындау, жақсыға жақындату, жаманнан алыстату, шындықты ұғындыру. Ол үшін мұғалім тәрбиелі, білімді, іскер, баланы жақсы көретін, әр баланың тілін табатын адам болуы тиіс. Мұғалім - жас ұрпақ тәрбиешісі. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына,болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс. Халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөз бар. Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу - ұстаз парызы. Баланы өмірге бейімдеуде мұғалімнің еңбегі ерекше. Бала көбінесе мұғалімге сын көзбен қарайды, еліктейді, қызығады. «Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп өну, даму көзі –оның тамыры. Адам баласының санасының даму көзі – оның кілтінде».
Менің өмірдегі бақытым –жүрек қалауыммен ұстаз болуым. «Ұстаз болу жүректің - батырлығы» демекші, бала күнімнен ұстаз болуды армандадым. Мен тәлім тәрбие алған ұлы ұстаздарымның ерен еңбегінің арқасында ұстаздық мамандыққа қол жеткіздім. «Бала жанының бағбаны ұлы ұстаз" демекші, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімінің алар орны ерекше әрі қиындықты жеңе білетін және де бүлдіршіндей жас сәбилерді білім нәрімен сусындату болып табылады. Осы қиын да сара жолды мен үлкен қажырлықпен таңдадым.Ұстаз болу –жай ғана мамандық емес. Ол –адам бағдарын жасаушы. А. Байтұрсынов: «Бала –балғын тал, ұстаз -бағбан» деп айтпақшы, мен осы қиын жолды өзім таңдадым. Ұстаздың ұстанымы оның таңдап алған бағытына емес, басты ұстанымы бала бойындағы рухани құндылықты ашуға бағытталуы керек. Әр балаға мейіріммен қарап, сүйіспеншілікпен берілген білімнің нәтижесі болары анық. Өмір атты сан қалтарыстан тұратын үлкен жолда ұстаздан тәлім алмаған жан кемде –кем. Ұстаз –сыр сандықтың құпиясының кілтін ашар мектептің тұғырлы тірегі. Ал оқушы –сол мектептің кіршіксіз бет айнасы. Ұстаз – күннің нұры тәрізді, бойындағы бар нәрін шәкіртіне төгеді. «Шәкіртсіз ғалым –тұл, Ұстазсыз білім –тұл» демекші ұстаз шеберлігі оқушының шығармашылық жетістіктерінен танылады. Мен ұстаз ретінде шәкірттеріммен бақыттымын. Шәкірттерім Өмірбай Тавсия «Көбелектер әлемі», Қанатбек Жұлдыз «Көктемнің алғашқы гүлі-Бәйшешек!» тақырыптарында ғылыми жобалар қорғап,Өмірбай Тавсияның жұмысы облыс бойынша жүлделі II орынға ие болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Зияткер» сайысында Доскен Ералы жүлделі III орынды иеленді. Өз шығармашылығымнан жыр арнаймын: Саяхаттап кемесімен ұстаздықтың , Тәрбиелеп шәкірттерді сан түрлі мың Ұстаздардың ұлы жолын жалғаған Бастауыштың жаңашылы мен болам. Баланы тәрбие нәрімен сусындату, ата –ананың сеніп берген үтіті – алдыңа келген бүлдіршінмен жұмыс жасау, меніңше үлкен бақыт. Ұстаздың ұлысы- ата-ана. Ата-анамен тығыз байланыс жасап,оларды мектепішілік шараларға қамтып,жұмыстар жүргізу әр ұстаздың міндеті деп білемін. Ұстаз қашанда сыршылдығымен, көркем сөзге еркіндігімен, суреткерлігімен танылады. Ұстаз өнерде де шыңдалу керек,өнерімен де оқушылардыбаурап, дамытуы қажет.Ұстаз ұстаздық еткен соң, өмір бойы ізденіс үстінде болып, түрлі оқыту техналогияларын жүйелі әдіс –тәсілдерді меңгеруі аса қажет. «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға» -деген ұлы ақынның қасиетті қағидасы да менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. Халқымыздың парасатты перзенті Б.Момышұлы: «Ұстаз – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауымыз керек» дегендей ,ұстазға зор құрмет көрсетілген. Табиғаттың құдіретті күші сәулесін шашып тұратын күннің нұры сияқты мейірімді, білімді, шығармашыл ұстаздар қатары көбейе берсін. Адам біліммен ғана алға ұмтылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстаз күннің нұрынан жаралған

шағым қалдыра аласыз