400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз мамандығы жайлы ойларым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз мамндығы жайлы шағын ээсе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз мамандығы жайлы ойларым

(Эссе)


«Бала  оқытуды жақсы  білемін  деген  адам 

әуелі  балаларға  үйрететін  нәрселерін  өзі  жақсы  білуі  керек»

Ахмет Байтұрсынов.


Адам баласының қайталанбас ең бір сәулелі, жаныңа соншалықты ыстық, қимас сезімдегі періште кездері - балалық дәурені мен мектеп қабырғасындағы тезірек ержетуге, бойжетуге ұмтылған шақтары. Бәріміз де сол сағындыратын сағым жылдардағы алып ұшқан балаң көңілдің, тәтті қиялдың жетегінде жүріп, ат жалын тарттық. Әсіресе, балалық тұңғыш таңырқау, таңдану - алғашқы мектеп, алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз - еш ұмытылмайтын сәттер – ай десеңізші! Бағамдап қарасам, осы бір алаңсыз бақытты шақ - бүкіл адам затына ортақтығымен де қымбат. Тарихтан ұққанымыздай, ұлы адамдардың, белгілі тұлғалардың, кемеңгер ойшылдардың негізі, зерделік санасы, сана құдіреті осынау балалық кезде қалыптасып, байқалатын көрінеді.

Балалық шағымның бір сәтін есіме түсірсем. Онда мен мектепте оқып жүрген кезім еді. 5-сыныптан бастап, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін сүйіп оқи бастадым. Жастайымнан кітапқа құмар болып өстім.Оған себепші әкем болатын. Өйткені біздің үйде сол кісінің айтуымен, сол кісінің нұсқауымен қай бала, қай кітапты оқитынын жұмысқа кетерде анама тапсырып жататынын талай еститінмін. Кітапханадан балаларға арналған кітаптарды алып беретін де өзі болатын. Сол кезде: «әкем де қызық, осы кітаптарды оқытпай-ақ, неге бізге өзі мазмұнын айта салмайды екен», деп ойлайтынмын. Осыдан кейін көркем әдебиетке деген ықыласым туып, өмірдің кілті кітапта екеніне көзім жетті. Әкемнен домбыра шертіп, өлең айту да бойыма дарыған. Негізінде жанұямызда мұғалім болған адам - анам, бірақ көркем әдебиет пен өнер жолын таңдауыма ықпал еткен адам – әкем, өйткені ұстаз болмаса да, сол мамандыққа жүрегімен жақын еді. Кейін келе бұл мамандықты таңдауыма себепші болған ұстазым – Нұрғалиева Гүлнар Өкенқызы. Ұстазым әрқашан маған білім нәрін сусындатып, зейінімді ашып, сан салалы ғылым сырын ұқтыра білді. Ол кісіге өмір бойы басымды иіп өтемін.

Сананы саралап, ақылмен ойлап қарасақ, қашанда ұстазы жақсының ұстамы жақсы болады. Бақташысына қарап мал өспеуші ме еді? Сол сынды «ұстазына қарап бала өседі». Әрине, ұстаз болып тумайды, ұстаз болып қалыптасады. Міне, осы қалыптасу жолымда маған кездескен, менің жүрегімді бірден жаулап алған екінші ұстазым Үшінші деңгей бағдарламасының қыр – сырын үйреткен тренерім – Зәмзәгүл Нұрахметқызы Оразаева. Терең білімімен, өресі биік талғамымен, өзге ұстаздардан гөрі оқ бойы озық тұрар өрелі ойымен, алғыр да аңғарымпаз ақылдылығымен, жақынға да, жатқа да әділ, жұрттың бәріне жақсылықпен қамқорлық көрсетсем деген ізгілігімен, жылы жүректі сезімталдығы, адалдығы әрі шыншылдығымен, тіптен сұлу бітім – болмысы, ырғақты әуезді үнімен, мейірімге толы жүзімен ерекше әсер ете білген жанның орны мен үшін бір бөлек. Ол кісінің өзінде бар жақсы қасиеттері мен жинап – терген білімін бойымызға дарыта білу қабілеті ерекше десем артық емес.

Қажымай, талмай, аянбай еңбек еткен осындай ұстаздар арқасында көп нәрсені бойыма дарыттым, көп нәрсені жүрегіммен ұғынуға тырыстым. Мен өзімді жас та болсам білгенім көп болмаса да, түйгенім көп деп ойлаушы едім? Жоқ, «білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» екен. Осы кезде еріксіз ойыма бір ғалымның «Кітапты оқыған сайын өзімнің сауатсыз екенімді түсіндім» деген сөзі түседі. Жан – жақты біліммен сусындаған сайын өзімді аша түскендеймін бе, қалай? Өзімді басқа қырлардан көруге болатынын түсінгендеймін бе, әйтеуір ішкі дүниемде бір өзгеріс, бір жеңілдік бары анық.

Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Сондықтан өзгеру үшін, өзгеріс енгізу үшін не істеуім керек? Өзгергенімді қалай білдім? Мен бұрын қандай мұғалім болдым? Қазір қандаймын?

Міне, осы сұрақтарды әрбір мұғалім ой елегінен өткізіп, заман талабы деп қарап, өзін – өзі дамытуға, өзін – өзі жетілдіруге тиіс деп есептеймін. Мен бұрын қандай едім?

Өткенге көз жүгіртсем, бұл сұрақ мені онша мазаламапты, бұл сұрақ төңірегінде ойланбаппын. Күнделікті жұмыс, қарбалас тіршілік, өтіп жатқан өмір...

Өз – өзіме сын көзбен қарау, менікі осы дұрыс па, әлде бұрыс па деп өз – өзіме сұрақ қою, шапшаң мінезіммен біреуді ренжітіп алмадым ба, бұл қалай болды, өзі? деп өзімді сабырға шақырмаппын.

Көп ретте әрқайсымыз жан – жағымыздағы адамдарға мән беріп қарай бермейміз, өзімізге қажеттіні ғана көріп, өзгеге қажетті деп ойламайтынымыз ақиқат. Сырт көзге бой ұрып тұратын кемшіліктерін бетіне басып, ішкі дүниесіне үңілмейміз, үңілгіміз де келмейді. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осындай қателіктерге болашақта бой алдырмас үшін өзіміз өзгеріп қана қоймай, алдымыздағы көздері жәудіреп, саған сенім артып отырған оқушыларымызды да өзгертуіміз керек. Ондай қателіктердің сыры неде? Қателіктерді жойып, жетістікке қалай жетуге болады? Осы сұрақтардың жауабын іздеймін, табамын және тауып қана қоймай, іске асырамын.

«Нашар оқушы жоқ, нашар оқытатын мұғалімдер бар» деп бекер айтылмаған. Демек, кез келген оқушыны үйретуге болады, кез келген оқушыны өзгертуге болады. Осындай ұстанымды ұстана отырып, сыныптағы оқушыларға бірдей көзқараспен қарауға тырысамын.

Мен ұлылықтың ұйтқысы болып отырған мамандықтың иесімін. Өйткені мен мұғалім болып жұмыс істемеймін, мұғалім болып өмір сүремін. Бойымнан кеңдік те, кішілік те, ірілік те, парасаттылық та табылар үлкен жүректі, алысқа көз тіккен тілекші ұстаз боларыма сөзсіз сенемін. Бәрі де уақыттың құзырында.

Жүсіпбекова Қарлығаш Әділбекқызы

Павлодар облысы «Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі