Материалдар / Ұстаз мәртебесі қашан да биік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұстаз мәртебесі қашан да биік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз- ел құрметтейтін абыройлы маман . Сондықтан өмір бойы оқудан да, оқытудан да жалықпайтын мұғалімдердің өзара озық тәжірбиелерімен алмасуы -кәсібилікті арттыруды мақсат тұтқан мамандар үшін қашан да маңызды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2021
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Түркістан облысы

Шардара ауданы

Қызылқұм жалпы орта мектебінің директоры

Сазанбаев Нурлан Тасберикович





ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ ҚАШАН ДА БИІК!

Тәуелсіз елімізде педагог мәртебесін арттыру мақсатында іргелі реформалар жүзеге асырылып жатқаны барша ұстаздар қауымына ерекше шабыт сыйлауда.Арнайы заң аясында мұғалімдердің ерекше статусы мен кәсіби этикасы белгіленді.Оқу орындарында білім алып жатқан болашақ ұстаздардың да шәкіртақысы өсіп , мамандыққа түсудің талаптары қатаңдай түсті.Бұл сапалы мамандар даярлаудың басты кепілі екені анық . 4 жыл қатар қаңтар айында мұғалімдердің еңбек ақысы 25 процентке артты.

Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жасалып жатқан бұл жүйелі жұмыстар өз кезегінде мұғалімдердің тек әлеуметтік жағдайын ғана жақсартып қоймай , қоғам алдындағы беделін өсіруге бағытталған нақты қадамдар болды.

Ұстаз- ел құрметтейтін абыройлы маман . Сондықтан өмір бойы оқудан да, оқытудан да жалықпайтын мұғалімдердің өзара озық тәжірбиелерімен алмасуы -кәсібилікті арттыруды мақсат тұтқан мамандар үшін қашан да маңызды.

Коронавирус пандемиясының салдарынан әлем елдерінің барлығы дерлік бұрын соңды болмаған оқу жүйелеріне мәжбүрлі түрде көшті. Цифрландыру мен педагогтердің ІТ- біліктіліктері осы сәтте маңызды рөл атқарды. Онлайн оқу мұғалімдердің бұрынғыдан да жан-жақты ізденуіне түрткі болды.Экранның ар жағынан оқушылардың назарын аударту асқан шеберлікті талап ететіні рас. Бұл бағытта да ұстаздар тосылып , орта жолда тоқтаған жоқ . Жаңа жағдайларға бейімделіп , өзіндік ерекше әдіс-тәсілдерін ойлап тауып жатты. Онлайн оқуға арналған жеке методикаларымен виртуалды беттерде әріптестерімен алмасқан мұғалімдер күрделі кезеңде үлкен ерлік жасады. Мұғалім тек мектептің емес , тұтас ұлттың жүрегі.

Ұлы Абайдың : «Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»- деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтың әлемдік ғылыммен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру үрдісінде де өзекті болып отыр. Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Ұстаз-білім мен ізгілікті әрдайым биік санайтын тұлға. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті» дейді. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең , ділі берік болады. Ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен , жас буынға артылатын зор үміт.Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс» деп атап өткен болатын. Биыл елімізде «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданып , ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделуде .Сондықтан да, жас ұрпаққа сапалы білім беру ұстаздар қауымының басты міндеті деп білеміз.

Ұстаз деген-ұлы есім, Ұстаз деген-әлемдегі ең мәртебелі мамандық .Ұстаз-әрқашан ілім мен ізгілікті алға қоятын тұлға . Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу –аса жауапты әрі күрделі міндет.Ұстаздардың арқасында тұтас бір буынның құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. «Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып , білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау-өте маңызды міндет» деп атап өткен Президентіміз барлық ұстаздар қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Елімізде жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде мұғалімдер күні мерекесі аталып өтеді.

Ұстаз жайлы мәңгілік қазынамызға айналған ұлы сөздер де бар. Бауыржан Момышұлы : «Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет» деген екен. Ұлы қызмет жасап жүрген жандардың өздері де ұлы , істері де ұлы деп ойлаймыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов : Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Мұғалімдер- ізгілігімен із қалдырып , мейірімділігімен әлемге шуағын шашқан ұлағатты жандар.Мұндай қиын кезде де жақсы ниетімен , ізгі ісімен барша жұртқа үлгі бола білген ұстаздар қауымымен біз әрдайым мақтанамыз.

Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез-келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып саналады. Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектеріне сапалы білім мен жақсы тәрбие беру ісі ең алдымен мектептегі мұғалімдердің білімі мен біліктілігіне байланысты. Елбасымыз Н.Ә .Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі , яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деп атап өткен еді. Осы тұрғыдан білім беру жүйесінің басты міндеті- өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді , өздігінен білім алуға құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

«Алты алаштың баласы бас қосқанда , төр -мұғалімдікі» деп Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқандай болашақта ұстаздарға көрсетілетін сый-құрмет ерекше болады деп сенемін. Педагогтік әдеп –әр ұстаздың дара қасиеті.

Педагогтік әдеп мұғалімнің жас ерекшелігіне , темпераментіне , мінезқұлқына , алған тәрбиесіне т.б ерекшелікт еріне байланысты болады. Әдепті мұғалім өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды көрсете біледі. Біз әр баланың дара қасиеттерін ескере отырып таң қалдыруға әрекет жасай алуымыз керек. «Баланы таң қалдыруға ұмытпа , даналық таң қалудан басталады» дейді даналар. Әрбір бала –халқының тұлғасы . Сондықтан халықты жасайтын да мұғалім. Берілетін білімді де , тәрбиені де, әдепті де, ұрпақ бойына құр айтумен ғана емес , өз бойымыздағы шынайы асыл қасиеттерімізді іс- арқылы сіңіре алсақ , ұтарымыз көп болмақ. Адамгершілікті мұғалімнің келбеті оның кісілігі мен маман ретіндегі білігінің үйлесімінен тұрады. Олай болса , осы деңгейден жаңа мұғалім шыға алуы қажет-ақ.Ол білікті маманның ғана қолынан келетін шаруа.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне , даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей , жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауакершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

















































































Shape1

Оқушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу

КІТАБЫ

_______________

КНИГА

учёта табелей

успеваемости учащихся



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!