Пікір
Ш.Амонашвили
«Ұстаз, мені шығармашылыққа шабыттандыр»
Жукенова
Гүлмира Мұратқызы,
өзін-өзі
тану мұғалімі
«Май
орта мектебі» КММ
Май
ауылы
Ақжар
ауданы
Солтүстік
Қазақстан облысы
Gulmira_z.84@mail.ru
Шалва
Александрович Амонашвили – жаңашыл
педагог, ынтымақтастық педагогикасының
негізін қалап насихаттаған Ұлы педагогтың
«Ұстаз, мені шығармашылыққа шабыттандыр!»
атты еңгегін оқып шықтым. Еңбегін оқу
барысында менің рухани бастауымның
көзі ашылғандай болдым. Осы еңбегі
арқылы біз күнделікті педагогикалық
қызмет барысында ақ парақтай таза
баланың әрбір өткізген уақытын
шығармашылықпен шабыттандыра алуымыз
керек екенін ұқтым.
Шығармашылық
шабыт ұшқыны әр баланың табиғатында
бар, тек соны тұтата білсек, өзіміз де,
балалар да шабыттанып, берген білім мен
тәрбиеміздің нәтижесін көре алады
екенбіз. Ш. Амонашвили ұстаздардың тек
дайын білім бермей, шығармашылық шабытын
оята отырып, яғни сүйіспеншілікпен әр
баланың жүрек үнін ести алуын шығармашылық
шабытқа теңейді. Іс-тәжірибеде біз
шығармашылық шабыт-байқауларға,
сайыстарға, олимпиадаларға т.б. қатысу
деп білеміз. Ал Шалва Александровичтің
«Ұстаз, мені шығармашылыққа шабыттандыр!»
атты еңбегінде шығармашылық шабыт
іздеген ұстаз Шабыт отын алуға барғанда
тек оның қорғаушысымен пікірлеседі.
«Маған Шабыт отын берші» деген ұстаз
сұрағына, қорғаушысы «Сен кімсің?»
егерде жер тұрғыны болсаң саған шабыт
берілмейді деп жауап қайтарады. Себебі,
болашаққа өткеннің жүгін мықтап сақтаған
адам қажет емес. Өмір бір ортада тұрмай,
өзгереді. Сол кезде бізге тамашаны
тудырып, ғажайыпқа ұмтылатын адамдар
керек. Сондықтан да біздің әр оқушымыз
шығармашылыққа шабыттанып, қазіргі
сәтті құра алатындай, болашаққа «жолдама»
беруге тиіспіз. Ұстаз оқушының өзін
келешектің отын тарта білуге үйретсе,
бүгінгі күні жарық болады.
Баланың
шабыт күші бізден де жоғары болып келеді,
бірақ авторитарлы ұстаз алдында дәрменсіз
болып келеді де, шыны сияқты сынып кетеді
екен. Сондықтан да әрбір баланың жарық
жұлдыз екенін білуге тиіспіз.
Шабыт...
Бұл Жаратқанның сыйы, әрқайсымызда
туғаннан бар. Оны жарыққа шығару үшін
рухани жан дүниемізді оятып, көкірек
көзімізді ашуымыз қажет.
Қазіргі
уақытта біз шығармашылық Шабыттың
тереңіне үңілмей тек, дайын білімді
беріп жатырмыз. Бірақ сол стандартты
білімнің өзін, ұстаз шеберлігіне қарай,
баланы сүю арқылы шығармашылық Шабытпен
беруге болады. Күнделікті сабақта бала
ойының ұшқырлығын пайдаланып, өздерінің
ойларын, ішкі әлемін айтуына жағдай
жасасақ, біздің 40 минуттық сабағымыздың
өз қалай өткенін байқамай қалар едік.
Осының барлығын Ш.Амонашвили өз еңбегінде
жеңіл түрде мысалдармен түсіндіріп
берген. Ұстаз өзінің ерік жігерін, жарық
күшін, Шабыттануға деген құпия сырларын
түсініп оқушыға келетін болса, әрбір
сабақ нұрын шашқан күн сәулесі болады.
Шығармашылық шабытына бөлеген ұстаз
өз оқушыларымен бірге лаулаған от бола
алады. Шығармашылық шабыт біз үшін
атақ-дәреже, басқаның айтқанын тыңдау,
толған мақтаулар емес, ол біздің
жүрегімізде бар рухани әлемнің есігін
айқара ашу.
Егерде
сол есік ашылатын болса барлық бала мен
әлемге өз шабытымызды береміз, баланың
өміріне қуаныш пен сүйіспеншілік, шынайы
Өмір нәрін себеміз.
Ш.Амонашвилидің
осы еңбегінен өз тәжірибеме алатыным:
періште кейіптегі баланы өзіммен теңдей
көру, үнемі сүйіспеншілікпен ой бөлісу,
қандайда болсын ең алғашқы бастамаларына
қолдау көрсету. Мен үшін үлкен әріппен
жазылатын, ізгілік жолындағы педагог
Ш.Амонашвилидің «Ұстаз, мені шығармашылыққа
шабыттандыр!» атты кітабы нәтижелі
қызмет ету үшін үздік кітап болып қала
бермек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
«Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы эссе жинағы: Астана
2016 жыл
Білімді
Ел/Образованная страна: №11-12 20 наурыз
2018 жыл
Ш.Амонашвили
«Учитель, вдохнови меня на творчество»
Хмельницкий 2011 жыл