400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұстаз салған сара жол!» Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаз салған сара жол!» Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған 6 сыныптар арасында өткізілген сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Дарьинск жалпы орта білім беретін мектебі» КММ











6 сыныптар арасында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай өткізілген

сабақтан тыс шара: «Ұстаз салған сара жол!».











Жауапты мұғалімдер: Бозумова Г.У., Тулепкалиева Г.Ш., Жайлы Н.Ә. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері







2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы: «Ұстаз салған сара жол!»атты сабақтан тыс шара


Мақсаты:

1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету

2. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

3 Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.









Көрнекіліктер: презентация, суреттер, кейіпкерлердің костюмдері, күй, қоңырау.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, түсіндіру, жұпта талқылау, сұрақ-жауап, сахналау,әңгімелеу, түйін сөз.

Өту барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Музыка ойнап тұрады. Қоңыраудың үні естіледі.

  • Балалар бұл ненің дауысы?

  • Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме?

  • Ия, ол Ыбырай Алтынсарин.

  • Ендеше баллалар бүгінгі шарамызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы –ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз.

(слайд көрсету)



Көрініс: Ы .Алтынсарин бейнесінде сыныпқа кірген оқушы қазақ даласында сол кездегі мектептің ашылуы туралы ойын көрініс ретінде оқушыларға жеткізеді.

Оқушылар: Кел, балалар оқылық! Жатқа оқу.

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның өмірбаянына арналған. Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.


Топқа бөлу

Балалар , алдарыңда екі түсті кәмпиттер қойылады, сол бойынша топқа бөлеміз. Қане, олай болса екі топқа бөлініп отыра қалыңдар.

  1. Кластер құрастыру: көрсетілген слайд бойынша екі топ Ыбырай туралы кластер құрып, соны қорғайды.

Жүргізуші:

Би: Бялт София «Қамажай» биімен

  1. Төл дыбыстарды қатыстыра отырып сөздер құрау, сөздерден сөйлем құрау.

Жүргізуші. Екі топ тапсырманы орындап болғанша ұалған оқушылармен ұстаздар туралы нақыл сөздер айтудан шағын жарыс ұымдастырылады.

1-оқушы: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

2-оқушы: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

3-оқушы: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

4-оқушы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

5-оқушы: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Жүргізуші: жарайсыңдар , олай болса Скрипка үнің тыңдайық

Крымовская Полина

Жүргізуші:

  1. Мәтінмен жұмыс.Сәйкестендіру

Плакаттарға салынған суреттер бойынша сөйлемдерді сәйкестендіру.

Оқушыларды марапаттау!

Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов.

(білім шырағын жағу)


Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин – елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин – даланың қоңырауы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.10.2021
1067
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі