Ұстаз-ұлағатты есім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаз-ұлағатты есім

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұстаз-ұлағатты есім" тақырыбындағы ардагер ұстаздарға арналған танымдық кездесу сабағының жоспары. Материал сынып жетекшілерге, мұғалімдерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы




«Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбындағы мектептің зейнетке шыққан ардагер ұстаздарымен кездесу тәлімдік сағатының жоспары


Кездесу мектептің «Балауса» бишілер тобының орындауындағы «Көңіл ашар» биімен басталды .


1 жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

Қымбатты ардагер ұстаздар, бейнетінің зейнетін көріп отырған құрметті демалыста болсаңыздар да мектеп үшін, өз шәкірттеріңіз үшін ұстаз деген ұлы есімге лайық болып қала бересіздер.


2 жүргізуші: Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған, аға буын өкілдері ардагер ұстаздарымыз келіп отыр.


Олар: Темешов Әбдіғаппар ағай, Ерназарова Күләш апай, Абдулла Төлбасы апай, Манахаева Сара апай, Төленова Қаныткүл апай,

Нысанбек Гүлнар апайлар.


Ендеше осы ұстаздарымызға қол соғып, қошемет көрсетейік.



1 - жүргізуші:

Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңмен бастау алар бар арман.


2 - жүргізуші: Мектептің абыройын биік ұстап,

Еліңізге адал қызмет еттіңіз.

Үстем болып әрқашан мерейіңіз,

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз!

«Ұстаз-ұлағатты есім» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!



1 - жүргізуші: Бүгінгі шашуымыз, ұлағатты ұстаздар, сіздерге арналады

11а сынып оқушылары Бақытбек Махамбет пен Құсан Назымның орындауындағы «Ұстазым» әні сіздерге арналады. Қабыл алыңыздар.

2 - жүргізуші: «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», - деп Жан Жак Руссо айтқандай кезінде бойларыңыздағы жақсы қасиет пен білімді өз шәкірттеріңізге арнаған абзал жансыздар.

Дегенмен адамда арман таусылған ба, ойларыңызда қалған арман, орындалмаған ой бар ма?


1 - жүргізуші: - Сіздердің алдарыңызда екі түсті шар бар. Егер арманым бар, осы ойымды өзгелер жалғастырса десеңіздер сары шарды, ал өз еңбегіме ризамын десеңіздер қызыл шарды көтерулеріңізді сұранамыз.

  • Бәрекелді, ардагер ұстаздар! Міне, біздің ұстаздарымыз дәл осылай болу керек. Барын да нәрін де баладан аямағандықтарын көріп отырмыз.



2 - жүргізуші:

  • «Келеді жана бергім, жана бергім» демекші апайларымызға мүмкіндік берілсе әлі де шоқтай маздары анық. Сіздерге көп-көп рақмет! Шаршамаңыздар! Сіздерден алар үлгіміз таусылмасын!

Shape1

  • Арман бар.

Shape2

  • Өз еңбегіме ризамын.

( Егер сары түсті көтерсе, 2 - жүргізуші: - Ой мен арман, үміт адамда таусылған ба ..... апай өз ойыңызбен бөліссеңіз екен).

1 - жүргізуші:

Қымбатты ардагер апаларымыз, «Арманым» атты тамаша әнді сіздерге 4а сынып оқушысы Егізек Н орындауында ұсынамыз.


2 - жүргізуші:

 Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде, әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның, -деп сіздердің еңбектеріңізге риза болған талай шәкірттеріңіз бар. Қазір өз сезімдерін өлең шумақтарымен білдіргісі келген шәкірттеріңізді ортаға шақырайық.



1 оқушы: Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

Ұстаз мейірі-Ана мейірі парапар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Көп жасаңдар өмірге шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар!

2 оқушы: Ұстазым- екінші апам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп

Күнде ерте құшақ жая шықты алдан.

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында


3 оқушы: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!


Арылтып түн-түнектен саналарын,

Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын

Бала емес, адамзатты тәрбиелер

Ұстаздар – ар-ұяты замананың.

4 оқушы:

Мәрт мінез елің барда өресі кең,

Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен

Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда

Тағдардың күн шуақты кемесімен.

Игіліктен теріп маржан-жақұтты,

Ізгілікке арнаған бар уақытты.

Қиындықтан қаймықпаған ешқашан,

Барлық ұстаз бола берсін бақытты!


5 оқушы: Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы тұра қал.

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.


6 оқушы: Махаббаты: бала және Отаны

Сүйікті ісі: қағаз, кітап қопару

Демалысы: шәкірттерге хат жазу

Ал кәсібі: от беру мен от алу

Бұл халықтың мектеп жалпы тұрағы

Мектеп деме жан-дүние құрамы

Үсті-үстіне соққылаған жүрекпен

Өзін өзі ұмытудан тұрады.


7 оқушы: Ал мұғалім барса алдыңа дұрысы

Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын.

Кім боласыз ұмтылмаңыз жоғары

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба


Бірге: Шықпаңыздар мұғалімнен жоғары!




  • 1 оқушы: Ғұлама білгіш ғалымнан,

  • 2 оқушы: Оқушы жас жалыннан,

  • 3 оқушы: Ғарышкерден, батырдан

  • 4 оқушы: Өнері асқан актерден,

  • 5 оқушы: Ырыс қазған шахтерден,

  • 6 оқушы Ақ халатты дәрігерден,

  • 6 оқушы: Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен

Ұстаздарға мың алғыс!



1-жүргізуші


«Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз», - Ыбырай Жақаев айтқандай біздің мектебімізде Сіздердің ұстаздық еңбектеріңізден өнеге мен тәлім алып, бұл күнде ізбасарларыңызға айналған талай мұғалімдер бар. Сол мұғалімдердің өздеріңіз туралы лебіздерін тыңдап көрейік.


2 - жүргізуші:


Атамекен туған жер: кір-қоңыңды жуған жер, 
кіндігіңді кескен жер, кісі болып өскен жер, демекші Туған жерге арнау ән . Орындайтын 6а сынып оқушысы Амангелді Арай



1- Жүргізуші: - Қымбатты ардагер ұстаздар! Қазір Сіздермен «Шеберлік минутын» өткізгіміз келіп отыр. Ортаға 1-сынып оқушыларын шақырамыз. Олар мына қима қағаздарды алады да сіздерге барып, түсіндіруін өтінеді. Сіздер 1 минут ішінде сол тақырыпты түсіндіріп өтесіздер. Содан кейін оқушылар «Мен түсіндім...» деп бастап, өз түсінгендерін айтады.


2 - жүргізуші: Жас талапкер шәкірттеріміздің бірі 6 а сынып оқушысы Үсенов Шыңғыстың орындауында әнді өздеріңізге арнаймыз, ұстаздар қауымы.


1 - жүргізуші: Қымбатты ардагер ұстаздар , сіздер туралы , сіздердің ойларыңыз бен өмірлеріңіз туралы біздер біле бергіміз келеді. Сондықтан қазір сіздер топта бірлесе отырып, мына сауалдарымызға жауап берулеріңізді өтінеміз. (топқа бірігеді. плакатқа өз ойларын қысқа -нұсқа түсіреді).

Сауалдар:

  1. «Мектеп» дегенде жүрегіңізде қандай сезім тұрады?

  2. Адам қасиеттерін ретімен орналастырыңыз.

  3. Немере тәрбиелеуде ең үздік әдісіңіз және қазіргі кездегі сүйікті ісіңіз?


1 жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.


Мектеп оқушыларының орындауындағы хор: әнін тыңдауға шақырамыз.


2 жүргізуші:

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!


1 жүргізуші: Бүгінгі ардагер ұстаздарымыздың құрметіне арналған кездесу сағатымыздың соңы да таяп алды. Сөзіміздің соңын мектебіміздің директоры Жанат Қаныбекызына ұсынамыз.


Қорытынды сөз. Оқушылардың ардагер ұстаздарға сый гүлдері берілді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
605
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі