400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұстаз-ұлағатты ұғым" Ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
“Ұстаз – бұл әр бір оқушының екінші анасы, қорғаушысы. Ол да оқушыларды өз балаларындай көріп, олар үшін уайымдайды. Әрқашан жанынан табылады, қолдайды. Ұстаздар оқушылар үшін керек болса жанын да беруге дайын. Оның мейірімін, махабатын әркім де түсіне алмайды. Не болса да сенің амандығыңды, өмірде өз орныңды табуыңды қалайды. Оған басқа ештеңе керек емес. Ұстаз - әрдайым өз қызметін, міндетін адал орындайды. Өзі білетінін үйретеді, сенен үміт күтеді. Келешекте мақтан ететін адам болуыңды қалайды. Біздің де мектебіміздің яғни, Әл-Фараби мектебінің мұғалімдері біздің екінші анамыз. Себебі, олар анамыздай қамқор, анамыздай быз үшін уайымдайды, анамыздай жүрегі кең жан. Ұстаздарымыз білім беруден басқа өз мейірімін, махабатын береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз – ұлағатты ұғым


Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның журегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзекткес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген әр бір дам баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «анна тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындыұ болып, жан дуниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулығанмұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір суре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылыми негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етудімойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға”,- деген Абай сөзін өзінің қағидасы еткен ұстаз әрдайым қүрметті. Ол өзінің бойындағы бар аналық мейірімін, білімін, тәжрибесін алдындығы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындыйды. Халықтың “Ұстазды атаңнан да әзіз тұт” дейтіні де сондықтан.

Шын ұстаз – ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Қиын дейтінім: әр сабағына жеке дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбие беру, өмірге икемдеу, адалдыққа баулау, адамгершілік қасиеттерді бойына дарыту оңай шаруа емес.

Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен, Абылай хан өзінің Төле бидың, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абай шәкірттері деп есептеген. Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғымдырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болумінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен бірліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.

Ұстаз – бұл әр бір оқушының екінші анасы, қорғаушысы. Ол да оқушыларды өз балаларындай көріп, олар үшін уайымдайды. Әрқашан жанынан табылады, қолдайды. Ұстаздар оқушылар үшін керек болса жанын да беруге дайын. Оның мейірімін, махабатын әркім де түсіне алмайды. Не болса да сенің амандығыңды, өмірде өз орныңды табуыңды қалайды. Оған басқа ештеңе керек емес.

Ұстаз - әрдайым өз қызметін, міндетін адал орындайды. Өзі білетінін үйретеді, сенен үміт күтеді. Келешекте мақтан ететін адам болуыңды қалайды.

Біздің де мектебіміздің яғни, Әл-Фараби мектебінің мұғалімдері біздің екінші анамыз. Себебі, олар анамыздай қамқор, анамыздай быз үшін уайымдайды, анамыздай жүрегі кең жан. Ұстаздарымыз білім беруден басқа өз мейірімін, махабатын береді. Сондықтан шығар менің балалың кезімден ұстаз болғым келетіндігі. Өз ұстаздарымның ақ батасын алып, олардың кәсібін жалғастырғым келеді.

Бұл дүниедегі барлық ана біздің жердегі періштелеріміз. Себебі, олар бізді бұл дүниеге алып келді, ақ сүтін берді. Ұстаздарда солай, бізге қолымызға қалам ұстатып жазуды үйретті, оқуды үйретті. Мен ұстаздарымның алдында бас ием!”

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.03.2019
861
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі