жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұстаз ұлағаты" тақырыбында эссе
Ұстаз ұлағаты
«Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та, бар, қалан!»
Дана Абайдың осы бір сөздері ес біле бастағаннан көкейімнен мықтап орын
алған еді. Ғаламда қанша мыңдаған, миллиондаған адам бар болса,сол
адамдардың барлығының бір мақсаты бар. Ол- өмір сүру.Әрине өмір
сүрген соң , қызмет атқару шарт.Бұл - өмір талабы.
Бала қиял болашақта кім, қандай болатындығыма жетелеп алып
баратын. Әр адамның арманына жету мүмкіндігі өз қолында. «Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз» деген кемеңгер Абай бабамыздың сөздері қалай керемет айтылған?! Істер ісіңді бастамай жатып, қолымнан келмейді десең, одан шығатын нәтиже де өз байламыңдай ғана болады.
Бала жасымнан ұстаз мамандығын армандадым. Өсе келе мектептің жоғарғы сыныптарында бұл мамандық жөнінде кеңірек, жан-жақты түсінік алып, алдымда күрделі де қиындығы мол мамандық саласы жатқанын жүрегіммен сезіндім.
Иә, мен ұстаз болғым келетін . Ол үшін көптеген ғылым саласынан хабардар болып қана қоймай,ғылымның соңғы жетістіктерімен қарулану керектігін сезінетінмін.
Қазір жаһандану заманы...Күннен күнге оқу үдерісіндегі соңғы жаңалықтарды меңгерген, әлемдік деңгейге сай маман болуымыз - күн тәртібіндегі алға қойған мақсаттардың бірі. Туған Қазақстанныңөркендеуі мен дамуы жолында мен де маман ретінде өзімнің зор үлесімді қосуым шарт. Белгілі философ Әл-Фараби бабамыз «Сен мағанжастарыңды көрсет, мен еліңнің болашағын айтып беремін» деген көрегендік ойын еске алсам, біз тәрбиелеп жатқан жастар көзі ашық, көкірегі ояу, бір-бір мамандықтың иесі атқаратын қызметі бар, жеке интеллектуалды тұлға болуы- шарт. Еңселі елулікке ентелей ұмтылған еліміз бұл асуды да бағындырып, енді алғашқы отыздықтың құрамына енуге мақсат қойып отырмыз. Бұл жолда ел болашағына үлес қосу - әрқайсымыздың көкейіміздегі ой. «Мен айналамдағыларға жақсылық әкелу үшін келдім» дегенді арайлап атқан әр шуақтытаңда ұмытпағанымыз дұрыс.Әр ісімді халық игілігі үшін арнасамдеген - менің бұлжымас арманым.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің әр жылғы халыққа Жолдауында еліміздің білім саласының қарыштап дамуына айрықша тоқталады. Заводтармен фабрикалардың, корпорациялар мен холдингтердің, жеке кәсіпкерлердің өзіміздің төл өнімдерімізді өндіруін басты назарда ұстады.Әр саладағы мамандардың білімі мен біліктілігіне зор талаптарқойылуда. Соның ішінде ұстаз мамандығын жетілдірудеәлемдік деңгейдегі стандарттарға сай болу мақсатын көздеген Елбасышетелдерге мамандарымызды тәжірибеден өтуге жіберіп отырады.
Елбасымыз әр жылы миллиондаған аудиторияалдында терең де жүйелі, кәсіби талдау жасалған дәріс оқиды.Дәрісте тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстанның ғасырлық жолдан өтіп,бұл күнде экономикасы дамыған , тыныштығы тұрақты ел қатарына айналғаны,сонымен қатар қоғамдағы дамуын тездететін тұстары да бар екені жайлы баяндалады. Бүгінгі Қазақстан ғылымына бірлесіп энергияныалудың жаңа экологиялық таза да тиімді жолдарын табу және табиғиресурстарды пайдалану, биоинженерия, биотехнология, нанотехнологияжәне тағы басқа салаларында зерттеулер жүргізу, қаржыландыру, оныөндірістік сатыға дейін жеткізу жолдарын қарастыруға нұсқау жасалды.
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер атқарылуы тиіс: «Назарбаев Университеті» айналасында зияткерлік кластерқұру және олардың нәтижесін тарату,ғылыми жобалардың нәтижесінкоммерциялизациялаудың тиімді жолдарын дамыту. Сонымен қатар,ғылыми-инновациялық саладағы бизнесті, өндірісті және бәсекеге қабілетті жоғарғы технологиялық өнімдерді шығаруды дамытып,
әртүрлі саладағы кадрлардың әлеуетін барынша пайдалану керектігін
баса айтты.
Елімізде экономиканың барлық саласында, білім мен ғылымсаласында соңғы жылдары шапшаң, терең, түпкілікті әрі заманауиреформалар жүріп жатыр. Әрине, бұның бәрі ұлт болашағы ,халықмүддесі үшін жасалып отырған Елбасы қамқорлығы деп білеміз.Осы берілген мүмкіндіктерге кәсіби біліктілік пен шеберлігін қосаотырып,халық үшін қызмет атқарып жатқан әр саладағы қызметкерлердің қажырлы еңбегін жоққа шығару мүмкін емес.
«Назарбаев Университеті»- болашақ қазақ элитасын қалыптастыратын және ғылыми халықаралық бірлестікті нығайтатын бірден-біржоғарғы оқу орны.
Мамандығым бойынша жұмыс істей жүріп, елім үшін елеулі қызмет атқарсам, бұл- мен үшін үлкен мәртебе. Бойыңда қайрат, жігер, жауапкершілік деген қасиеттер тоғысып жатса, кез келген мақсатқа жетерің анық. Бүгінгі беріп жатқан білімім - ертеңгі күнге жасалған салым, елімнің өркендеуіне қосатын үлесім.
Ертеде өткен би аталарымыздан «батыр болып, елге пайдаңтимесе, елден бөтен үйің күйсін» деген аталы сөз қалған. Әр ісінелдің игілігіне арнау кеудеде намысы бар, көкірегі ояу азаматтықтың белгісі деп ойлаймын. «Бойларында намыс бар, Мен жастарғасенемін» - деп сыршыл ақын Мағжан жырлағандай,біздердің бойымыздағы жалындаған күшті елімніңертеңіне арнаймын. Адам алдынақойған мақсатына бір күнде немесе бір сәтте жете қоймайды.Мақсатқа жету баспалдақпен жоғары көтерілген адам жүрісіндей,сатылай, біртіндеп орындалатын әрекет.Мен өз
мамандығымнан, істеген істерімнен ләззат аламын. Өйткені , бұл елімнің ертеңі – болашақ ұрпақтың тәрбиесі. Сол үшін аянбайтер төгіп, еңбек етуім керектігін жақсы білемін. Болашақтаынтымағы мен бірлігі жарасқан кең байтақ елімнің айтулы
азаматтарын шығару - мені бүгін толғандыратын мәселе.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- жас ұрпақтың қолында» деген болатын. Бұл бізге үлкен жауапкершіліктер мен міндеттер жүктейді. Егемен еліміз бен тәуелсіз жерімізді көркейтіп, оны келер ұрпаққа абыроймен жеткізу жолында бар күш-жігерімізді саламын деген ойдамын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген