Материалдар / ұстаз ұлы есім
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

ұстаз ұлы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
515
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: Сыныбы: 10 «Ә»Тақырыбы: «Ұстаз-ұлы есім» Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
  • Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Гүлмира апке (слайд)Данышпан да, дана да оқып сенен,Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! 2. Жүргізушілер шығады.1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер,Құрметті де аяулы ұстаздар! 1- жүргізуші. Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.Ақырын жүріп анық бас.Еңбегің кетпес далағаҰстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!2 жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, шәкірттеріңіз көп болсын!БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)1-жүргіуші: Сіз қалай ойлайсыз? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.2-Жүргізуші: Мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!Бүгінгі мерекелік іс-шараны ұйымдастырып отырған «Бірлік» шаңырағы «Мұғалімдер күнімен құттықтау» видео (5 оқушы шығып кезек –кезегімен өлен шумақ оқиды)Ән «Мектебім» Қайратқызы Ажар (видео құм анимация) 2-жүрг. Екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді? 1-жүргізуші: Ал ендеше баста. 2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», 1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі» 2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр» 1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» 2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» 1-Жүргізуші: Екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік. 3 сынып оқушылары өлең шумақ айтады. (оқушылар алғаш рет сіздерге арнап өз еңбектерімен жасаған кішігірім сыйлықтарын қабыл алыңыздар!) видео №11 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ұстаздар!1 жүргізуші Үш тұғырлы  тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел  азаматының  міндеті.  Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Ендеше Ұстаз туралы ән ағылшын тілінде орындалады, қабыл алыңыздар! Ән «Ағылшын тілінде» 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға шақырамыз 2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен бізБірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар! Ұстаз туралы ән. (орыс тілінде орындалады) видео көрсетілім 2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.1-ЖҮРГІЗУШІ: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті бейне роликке берсек. Бұл біздің мектебіміздің аяулы ұстаздарына арналады. (Әр пәнге жасалған бейне таспа) 2- Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз-ұлы есім» атты мерекелік іс-шарамызды жабық деп жариялаймыз.2 жүргізуші Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!