
Тақырыбы:Ұстаз – ұлы тұлға
Сахна мерекеге сай безендірілген. дыбыс күшейткіш
аппаратурадан ұстаздар туралы әндер беріліп тұрады. Сахна ашылғанда
жүргізуші шығады.
1 - жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар.
Баланы сусындатып өсіруге,
Білімнің бұлақ көзін аршығандар!
1 - жүргізуші: Мөлдір бұлақ сылдырлаған суымен,
Ормандарың шулап жатыр нуымен.
Ал баланың тәрбиесін беретін,
Құттықтаймыз, ұстаздар мерекесі күніменен.
1 - жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен
сусындатып, тәлім - тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор.
Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға.
Ән «Тәрбиеші»
1 -
жүргізуші: Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар.
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Тренинг «Түстерді
ажырат»А.Ізбасова
1
-
жүргізуші: Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз –
оқушыларды білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді.
Ұстаз деген есім - аз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған,
шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға
оралтады.
ән: әжемнің шәйі Отаралы
Айару
1 - жүргізуші: Ұстаз болу -
жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – дей келе топ топ балақан әнімен
қыздарды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Ұстаздар –
тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.
Зердесін болашақтың зерлеткендер.
Балалардың тақпақтары.
1 - жүргізуші: О, Ұстаздар, басымды ием сіздерге,
Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.
Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,
Сая тапсын Ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде - дей отырып, бүгінгі осы
мерекені жүрегі қуаныш пен мейірімге толы ұлағатты ұстаздар қауымын
құттықтау үшін кәсіп одақ ұйымының төрағасына сөз береміз
Би: «Бала, бала балақан»
1 - жүргізуші: Бар тәлімін
беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға.
Ән: «Окуда озат боламын»
1 - жүргізуші: Құрметті
ұстаздар сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге
шығармашылық табыс тілейміз. әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп,
егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өренді өсіріп, тәрбиелеп,
ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.

