Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Қош
келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды
еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен
тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен
еленген.
Сенің бағың өрге қарай
өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа
кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді
жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін
алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың
алдында,
Ол өзіңнің орындалған
арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән
қылып,
Одан басқа жүрген кім бар
жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың
ұлысы,
Қасиетіне бас иелік мәңгілік!
– деп ұстаздар қауымы, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты
болсын!
Балабақша директорының уақытша
міндетін атқарушы Ақжігітова Ұ. М. сөз кезегін
береміз.
Мұғалім, ғазиз
мұғалім-
Төгілген арай,
шуағым.
Арманым қонса,
қолыма,
Арқаң деп сенің
ұғамын.
Мұғалім, ғазиз
мұғалім-
Сарқылса мәңгі
бұлағым.
Ұланың бүгін
тойыңда,
Арнайды саған бұл
әнін.
Ән: «Ардақты ұстазым»
орындайтындар: Асылай, Анель,
Жанеркем.
Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі.
Ән-шашу әсем әуен, түрлі
өнер,
Бүгінгі күн сіздерге
арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге
арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
(видеоролик)
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз!
Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының
жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі –
Ұстаз.
Ұлылықтың ұйытқысынан
жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр
алған.
Шапағатты шуақ сепкен
ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар
арман.
«Көгершін» тобы
тәрбиеленушілерінің тақпақтарын қабыл
алыңыздар!
Қазақ қызы күлімдер күн
көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
«Қарлығаш» тобының ұл –
қыздарын вальс «Ұстазға арнау» биімен ортаға
шақырайық.
Ұстаз – ұлағатты есім.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар
беруде еңбегі зор.
Ұстаздар жақсылықтың жол
ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
«Қарлығаш» тобының
тәрбиеленушілерін тақпақтарын қабыл
алыңыздар.
Ұстаздар! Қандай ғажап
халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік
алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр
сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген
жарықсыздар.
«Көгершін» тобының қыздарын
«Көбелектер» биімен ортаға шақырайық.
Тойлайды көптен бұл күнді
,
Біздің байтақ бақытты ел.
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды шәкірттер.
«Тұлпар» тобының
тәрбиеленушілерін тақпақтарымен қарсы
алайық.
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі
пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп
жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген
ұстаздар.
Ән:
«Топ -
топ балақан» орындайтын:
«Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі
-
Қаршыға.
Жақсы жандар жанымызда
әрқашан
Ұлағатты сөзін биік
ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң
секілді
Тәрбиелейді балапандай
жасыңнан.
Мектеп үйім, ұстаздарым ата –
анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр
алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі
бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа
тараған.
Бүгінгі күн құшақтары гүлге
толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты
болсын.
Білімімен суарған
шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты
болсын!
Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған
«Ұстаз – ұлы
тұлға» атты мерекелік ертеңгілігіміз
аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! Сау
болыңыздар!!!
«Ақбота»
балабақшасы

(топаралық
ертеңгілік)

2016- 2017 оқу
жылы