400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ұстаз-ұлы тұлға»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Ұстаз-ұлы тұлға»

Мақсаты.

Білімділік: Ұстаздың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды тану.

Дамытушылық: Балалардың өлең шумақтар арқылы ой – өрісін кеңейту, ойлау қаблетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.



Армысыздар, құрметті ұстаздар, сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Мұғалімдер күні – әлемдегі ең көрікті мерекелердің бірі. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

Ұстаз деген – ұлылардың анасы,Ұстаз деген – ұлылардың данасы,Ұстаз деген – жақсылардың жалғасы,Ұстаз деген – ұлылардың қаласы – дей келе ұстаздар күніне арналған «Ұстаз ұлы тұлға» атты кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

Егемен еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі жолындағы асқақ та абыройлы қызметке жігер мен талантты, еңбекқорлық пен ұстамдылықты қатар ұстап үнемі биіктен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

Ұстаз сөзі – күн нұрына парапар,Шәкірті оның әр сөзінен нәр алған,Ізгілік пен мейірімге толы олШуақ болып жүректерге таралар.

Өлең шумақтары:

Нұрлан: Білім алған өзіңнен, Дәрігер, ұшқыш не ғалым. Саған ыстық сезіммен, Қарайды жұрт мұғалім.

Ердаулет: Алда талай өтермін, Өмірдің зор сынағын. Мақсатыма жетемін, Өнегеңмен мұғалім.

Дамир: Доспен тату ойнайды, Мерекені тойлайды. Бойымызға сіңірген, Көптің қамын ойлайды. Тәрбиеші апайымыз.

Шамсейт: Қызық – қызық ертектер, Бізге оқып береді. Жылауық та , тентек те, Сол апайға көнеді.

Бауыржан: Тәрбиеші апайды, Елдің бәрі мақтайды. Қамқоршысы баланың, Деп ауылда айтады.

Айзере: Нұрлысын – ай мына күннің, Мейірлі де үлгілі. Білім күні мұғалімнің, Бақыт күні, нұр күні.

Ән: «Балабақша»

Би: «Домбыра биі»

Жарқынай: Мен бақшаға барамын, Ойнаймын, ән саламын. Тәрбиеші әпкилер, Досы барлық баланың.

Еркеназ Е: Жақсы көрем апайды, Күліп сабақ үйреткен. Жақсы көрем апайды, Ән салдырып үйреткен!

Назым: Жақсы көрем апайды, Бәрімізді тең керген. Қызықтырып сабаққа, Білім нәрін тең бөлген.

Би: «Көңілді қыздар биі» Балжан: Әрқашанда бізбен бірге, Мейірімді мұғалім. Гүлшоқтарын мұғалімге сыйлаймын, Сыйлайтын күн мына күн.

Ән: «Ұлағатты ұстаздар»

Жүргізуші: Ұстаздар – ұлттың тірегі, Ұстаздар – мектеп жүрегі, Ұрпаққа – жетер ұстазбен, Халықтың ұлы тілегі – дей келе, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Осымен балаларымыздың құттықтау ертеңгілігі аяқталады. Келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыныздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі