400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз-ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға, тәрбиелік,қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 06.10.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: « Ақылшым – ұстазым »

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге , сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер. нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Кіріспе сөз: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті біздер үшін, елге еккендер.

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлеткендер!,-дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 2 қазан-«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз. Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да таныбынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған.

Оқушылар тақпақтарын айтады

  1. оқушы : Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім,

Ұстаз да, ғалым да, дана да

  1. оқушы: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағу,

Азбайтұғын адамның алтындығы.



Би: «Камажай» 2 «Ә» сынып қыздары.



  1. оқушы: Ұстаз деген – жарық күн ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.



  1. оқушы: Шәкірттің жүрегіне дем бересің,

Екінші анам болып сен келесің.

Мейірім – шуағыңды күндей шашып,

Барлығына шәкірке білімді бересің.



  1. оқушы: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар.

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

Ән: « Ұстазым менің, ұстазым »



Оқушылар ұстаздарға жылы лебіздерін айтады.



Қорытынды: Ұстаздарды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген,

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың.

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның,

Мақтау алсаң ұстаздардың алдына.

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдің ән қылып.

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы.

Қасиеттеп бас иелік мәңгілік! – деп бүгінгі «Ақылшым – ұстазым » сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Ұстазды құрметтейік, сыйлайық, айтқанын тыңдайық. Сабағымызды жақсы оқимыз.













































Болашақ селолық округі №10 орта мектебі



Сынып сағаты

Тақырыбы: « Ақылшым – мұғалім »

Дайындаған: Абдурахманова А.



































2016/2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі