Ұстаз-ұлы тұлға.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз-ұлы тұлға.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

3 «Балауса» ортаңғы тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ұстаз –ұлы тұлға»

Мақсаты:Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру.

2. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

3. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ұстаз-учитель.

Керекті құралдар:ұстаз туралы суреттер, видео ролик.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Билингвальды компонент: Ұстаз-учитель.

Оқу қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық

ізденушілік

- Cәлеметсіңдер ме, менің сүйікті балаларым! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Біз тағыда өзіміздің кең де, жарық тобымызға келіп тұрмыз. Қош келдіңдер!

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз

Бір – бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Осы шеңбер аясында.

Сәлеметсіз бе!

Қош көрдік!


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Бір – біріне деген татулық, достық сезімдерін білдіреді.

Ізденушілік

ұйымдастырушы


1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?

3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?

- Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге «Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін.

Өнерлі жігіт!

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

- Күніне қанша табасың? – деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана. - Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:

- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?

Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Әрине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Ұстаз! (А. Сопыбеков)

Күлімдеген, Әрбір жастың -

Күнім деген, Қарлығаштың

Қамқор болып ұстазым.

Көңіл сырын дәл басқан.

Жаны жайсаң,

Жайдары жан, Талаптанып,

Ұғындырған сөз сазын.

Қанаттанып…

Өмір сырын ұғамыз.

Бәрін білген, Білім алып,

Білім берген Тұлғаланып…

Жас ұрпаққа талмастан.

Азамат боп шығамыз.

1. Өлеңде ұстаз деп кімді айтып отыр?

2. Өлеңде ұстаз бойындағы қандай қасиеттер айтылған? деген сұрақтарға қандай пікір айта аласыңдар?

Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.

Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. Тақтада берілген суретке қарап, ұстаздың еңбек туралы өз ойларыңды толықтырайық.

- Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып.Бізде бүгін дәйексөз суретті ребус, соны шешіп көрейік.

« Мұғалім – мектептің жүрегі »

Ы. Алтынсарин

- Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның«Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді.

Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.


Сергіту сәті.

- Кәне, бәріміз сергіп алайық.

Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)

Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды)

Бір, екі, үш, (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады) 2 рет

Бойымызға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)

Жарайсыңдар, балалар. Енді орнымызға жайғасайық. Мерекеге орай ұстаздарға ашық хат дайындаймыз.

- Ашық хат бетінің сол жақ бөлігінде ұстаздың суреті салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос торкөздерге өз ұстазыңа сыйлағың келетін суретті жабыстырайық.

«Мен жақсы бала болу үшін…» қандай бала болуымыз керек?

Күн тармақтарына өзіміздің жақсы бала болуға керекті қасиеттерімізді толтырайық. Мысалы:рухани бай адам,білімді адам,өзіне сенімді бала,еңбекқор бала,…болуымыз керек.

- Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз.

Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз.

Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.

Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.



Балалар хормен ән айтады.


Балалар өлеңді қайталайды, жаттайды.








- Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана –ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.


Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.












Оқуды, білімді, жазуды.



Көп, терең.


Жұмыс жасау үшін, еңбектеніп нанын табу керек.

Болашақта еліне қызмет етуге.












Балалардың жауаптары.








































Балалар қимылмен жасайды.












Балалар ашықхатты дайындауға қызығушылықпен жұмыс жасайды.









Рефлекциялық

түзетушілік

Тілегіміз қабыл болсын деп «Ұстаз ана» әнін айтамыз.

«Ұстаз ана» әні.

- Ия, шәкіртерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі – ұстаз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан ұстаздарыңды ренжітпеңдер деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! Сіздерге арнайы тобымыздың атынан жасаған жүрекшелерімізді қабыл алыңыздар!

Балалар хормен әнді айтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
55
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі