Ұстаз-ұлы тұлға.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз-ұлы тұлға.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздардың еңбегін ұлықтау.Мереке қарсаңында құттықтау мақсатында өткізілген тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Тәрбие сағаты


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Байшагирова Л.Н.

Күні:

07.10.2024ж

Сынып: 3 «Д»

Қатысушылар саны :33

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Ұстаз – ұлы тұлға

Оқу мақсаттары

Оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйренеді, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсінеді.

Құндылықтарды дарыту

Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін

ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Бастал

уы

Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

Ыбырай Алтынсарин.

Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.  Сол жылдан бері қазіргі күнге дейін, 149 жыл бойы бала өміріне жауапты мамандықты таңдаған аяулы ұстаздарымыз тынбай еңбек етуде.

Ал бүгінгі тәрбие сағатымыз ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отыр.


Сұрақтарға жауап береді




Ортасы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын Ғ. Қайырбековтың жырлағандай, сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» , өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

М. Ғабдуллин: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген.

«Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау» - ұстаздық қызметтің бұдан артық анықтамасы болмас!

Бір баланың өмірге танымын, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздың еңбегі сол баланың бақыты өмірімен де есептелмес! Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама! Сондықтан да Сәбит Мұқанов:

«Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты» - деп жыр жазған.

Ұстазын құрметтеген қаншама ақындарымыз небір өлең шумақтарын өмірге әкелді. Енді сол өлең жолдарымен ұстаздарға деген оқушылардың ықылас, пейілін тыңдайық.

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.


Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендерінің саулығы мықты болсын!

Білімменен суарған шәкірттерің,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!


Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал арзан дәріс, айласы.

Ұстаз болу бақыт,әрі абырой,

Ұстаз деген шәкірттердің айнасы.


Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу, әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.

Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.


Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсінеді






















































































Аяқталуы


«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ыбырай атамыз қандай дана!

Жақсы адам ғана жақсы мұғалім болса, ол өз ісіңе өзі ғана сыншы, өзі ғана жауапты. Алдындағы оқушының өміріне, сана сезіміне, рухани өсуіне жауап беру, соны сезіну мұғалімнің темірқазығы.

Үйрете жүріп, ізгілікке үйренетін ұстаздарымыз көбейе берсін.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз.





Үйге тапсырма: Ұстаз туралы өлең шумақтарын жазу








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі