Ұстаз ұлы тұлға

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаз ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз ұлы тұлға екендігін балаларға ұғындыру.Ұстазға деген құрметті бала бойына сіңіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы

бойынша білім бөлімінің «Еркемай» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК





«Бекітемін»____________


Әдіскері:Каирхожаева О.Б.



«Ұстаз ұлы тұлға»
Мерекелік ертеңгілік


Дайындаған: тәрбиеші Толесинова Д.


2024 оқу жылы


Тақырыбы:«Ұстаз ұлы тұлға»


Мақсаты: Ұстазар мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.


Жүргізуші:Құрметті ұстаздар,балалар "Ұстаз ұлы тұлға" атты мерекелік 

ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 

Құрметті ұстаздар және балалар!

Ұстаздарға арналған  мерекемізді  бастай отырып, сіздерді төл мерекелеріңізбен 

құттықтаймыз! Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. 

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай "Ұстаз" сөзі ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Алдымызда отырған балалардың бір-бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан да осы мерекелік іс-шарамызды ұстаздарға арнаймыз. Сіздердің шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!


Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол адамның.
Бүкіл адам мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың!

Ендігі кезекте "Қарлығаш"ересек тобының "Ұстазым менің ұстазым" әнін қабыл алыңыздар. 

Жүргізуші:

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!-дей отырып


Келесі кезекті биші қыздарымыздың  ұстаздарға арналған би шашуын қабыл алыңыздар.

Би: Қыздар-ай

Жүргізуші:Бала тілі бал демекші, келесі балдай тәтті балаларымыздың ұстаз туралы тақпақтарын  тарту етеміз.

Альтаир:

Ұстаздар ұлттық тірегі,
Ұстаздар мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.



Айкөркем:

Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.



Жүргізуші: Құрметті педагогтар сіздердің мерекелеріңізге арнайы балаларымыздың дайындаған биіне кезек берейік.

Би:

Жүргізуші: Біздің балалар өнерлі әнде айта алады ,биде билей алады тақпақ жолдарында айтады.Бүгінгі мерекеге арналған балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Көзайым:

Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз - осы үйдің гүліміз
Біз - осы үйдің сәніміз.


Нұртілеу:

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың дара.

Шұғыла:

Бізге тәртіп үйреткен

Ән салдырып,билеткен.

Таныстырған еі алғаш

Әріптермен,суретпен-

Тәрбиеші апайымыз.



Жүргізуші:Құрметті ұстаздар қауымы сіздерге арналған ойын арқылы сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Ойын:

Мақсаты:

Шарты: Құрметті  ұстаздар, балалар! Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз,ұлы тұлға!" атты мерекелік іс-шарамызды «Тәрбиеші»әнімен  аяқтаймыз.

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекелеріңіз ұстаздар, құтты болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!Қош сау болыңдар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі