Бекітемін:
Күні: 04.10.18.
Тәрбиеші: М.Шынбергенова
Тақырыбы:
Ұстаз -ұлы тұлға
Мақсаты: ұстаздар
мерекесімен ұстаздарды құттықтап, ұстаздарға шағын мерекелік кеш
ұйымдастыру, шәкірттеріне бар мейірімін аямаған аяулы ұстаздарға
мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлау.
Сахна сыртынан
Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып
сенен,
Атақ-даңқын асырды бар
әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл
жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы
өлең!
1- жүрг. Армысыздар,
бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық
күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол
адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен
тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән
қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды
ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Ән Алдарыңызда Кабулов Нұрлыбай мен Қуанов Нүрбектің
орындауында «Ұстаз» әнін қабыл алыңыздар
1-
жүрг. Гүлсім, Бүгін бізде үлкен
мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі
күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге
қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Ақырын жүріп
анық бас.
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден
балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын
калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын,
біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ:
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Би Ендеше
кезекте мың бұралған ару қыздарымызды Қазақ биімен
Н.Жанерке,Ж.Данагүлді қарсы алайық
1-жүргіуші: Сен қалай
ойлайсың, ? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды.
Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу
кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін
табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Мен осы сөзім
дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу –
жүректің батырлығы,
Ұстаз болу –
сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу –
мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын
адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай,
біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін
түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік
емес пе?!
1-Жүргізуші: Ендеше,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер
тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем
әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн
сіздерге арналады.
Видиоролик Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл
алыңыздар
Ән Алдарыңызда «Ұстазым менің » әнімен Н.Жанерке
2-жүрг. Күллі өмірін
жеткіншекке арнаған
Мұғалімді
ардақтайды барша жан
Ол мектептен
шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның
жердің жүзін шарлаған
Бала десе
ойламайды өз қамын
Керсем дейді
күнге де кол созғанын
Шәкірттерін
өзінен де озғанын.
1-
жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап
халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай
биік алыпсыздар.
Жан біткен
жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп
күлімдеген жарықсыздар.
2-жүрг. Айдана, екеуміз
ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек
қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше
баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз
болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға
қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген
ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды
ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы
жақсының-ұстамы жақсы»
Жанерке,
екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса
алмаспыз.
Ойын Келесі
кезекті ұстаздарға берелік Ұстаздарға арналған ойын
1-жүргізуші: Табан тіреп
төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде
кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған
балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында
солардың қоршауында
2
жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу
да
Қанша терің
төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің
ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің
ұстазы боласың да!
Би Деп
келесі кезекте биші қыздарымызды «Қазақ биі» биімен ортаға
Данагүл,Нарқызды шақырайық
1-жүргізуші: Шәкірттер
санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ
лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға интернат меңгерушісі
С.Тілеубай ағайды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші: Асыға сәлем
жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен
жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй,
асқақ ән мен әсем биді,
ән Сіздерге
тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда қыздарының орындауында
Қазақ қыздары
1-жүргізуші: Жақсы жандар
жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін
биік ұстаған
Ардақты ұстаз
асыл анаң секілді
Тәрбиелейді
балапандай жасыңнан
2-жүргізуші: Ұстаз
мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат
болып таралар
Көп жасаңдар
бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім
берген ұстаздар.
Би Келесі
кезекті биші қыздарымызға берейік ортада Жастар биі
2-Жүргізуші: Мұғалім,
ғазиз мұғалім- Төгілген арай, шуағым Арманым қонса, қолыма, Арқаң
деп сенің ұғамын Мұғалім, ғазиз мұғалім- Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда Арнайды саған бұл әнін.
Ән «Ұстаз ана »
әні орындалады
1-
Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты,
киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан
сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге
отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан
сипайтын адам.
2 -
Жүргізуші: Қадіріңді кезінде білмепті
ғой ұланың.
Қазір әрбір
сөзіңе, елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп
ұстадың.
Демей бізге
бөтенсің.
Кейде акылын
ұстаздың,
Сағынады
екенсің.
Сол ұстазға
жаны нұр,
Демек үлкен
адаммын.
Есейсек де бәрі
бір,
Баяғы шәкірт,
балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан
ұмытпаймыз.
1-Жүргізуші: Ғылым иесі
ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал
бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де
бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар
сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Хор Сіздерге
арналған әнімізді қабыл алыңыздар
/Көңілді күй,
сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас
иеді/.
Бүгінгі
ұстаздарға арналған мерекелік кешіміз аяқталды, сіздерге көп
рахмет, сау саламатта болыңыздар!