Материалдар / ұстаз ұлы тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ұстаз ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаз ұлы тұлға. оқушылар ұстаздарына арнап мерекелік кеш өткізді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
547
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:5.10.2018

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты тұлға»

Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету; жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру; ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, сурет, гүлдер, шарлар.

Барысы:

І. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.

ІІ. Ұстаздарға арнау (өлеңдер оқу).

ІІІ. Пікір алысу.

ІV. Ұстаздар құрметіне өнерлерін көрсету.

V. Қорытынды.

Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар, қымбатты оқушылар! «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып, Қадірлі Ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

5-сынып оқушысы Жарқынбаева Мөлдірдің «Ұстаздар бар ардақты» атты өлең шумақтарын тамашалаңыз.

Ұстаз деген, уа шіркін, атың қандай,

Балаға пейілің кең, тілің балдай.

Сіздермен мына мектеп мерейленіп,

Мың-мың шәкірт ұшады қарлығаштай.

Бұл мектепте ұстаздар бар ардақты,

Бәрі ақылды,білгірлер ғой жан-жақты.

Ұстазым деп мақтана алам әрқашан,

Жалғыз сіз ғой бұл өмірде салмақты.

Біз сіздерді ұстазым деп сыйлаймыз,

Ешқашан да біз сіздерді қимаймыз.

Әрқашан да ұстазым деп жырлаймыз,

Бұл әнді тек сіздерге біз арнаймыз.

Ән: «Ұстазым».Орындайтындар: Хор

Жүргізуші:

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Олай болса ендігі кезекті оқушылардың өлеңдеріне берейік.

Аружан. Мұғалімдік-ең құрметті мамандық,

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан адамзатқа таралған

Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.

Бар тәлімін беріп елдің жанына,

Бір кездері қырауланар шашы да.

Ұстаз адам ұстаз болып қалады,

Қол соқтырып заман менен ғасырға.

Тамерлан

Айта берсек ұстаздарға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген.

Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің,

Құттықтайды барша халық осы күн.

Өзің берген біліміңе қандырып

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.

Назерке . Ұстаз деген – ұлы есім, ардақты,

Ақындардың өлеңдерін жаттатты.

Жақсылықты бойымызға сіңіріп,

Жамандықты, жалқаулықты тастатты.

Есенжан . О,ұстаздар, басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

Келесі тамашалайтындарыңыз ән: «Қазақтай ел қайда»

Жүргізуші: Өмір кейде қисық айна секілді,

Санаңнан тыс билеп алад еркіңді.

Оқиғалар еніп кетіп бір түрлі

Келтіреді күлкіңді.

-Апай, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші:

- Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2-жүргізуші:

Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын,ал біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-жүргізуші:

-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.

(Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек).
Сұрақтар: Сұрақтар:

Жазғы күн тоқырау күні қашан? (22 шілде)

Ертеде жіп иіруге қандай құралды пайдаланған? (Ұршық)

Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш рет қай жылы шықты? (1978)

Шәкәрім Құдайбердіұлы орыс әдебиетінің қай классигімен пікірлес болған (Л.Толстой )

Үндістер қай құрлықтың байырғы тұрғындары? (Американың )

«Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Чарлз Бэбэдж)

Бұл термин тіл ғылымы саласында, математикада, биологияда кез-деседі. Сөзде, өсімдікте және теңдеуде болтын бұл қай сөз. (Түбір)

Адамдар санауды ежелгі кезден бастап үйренген. Сандарды бейнелеу үшін ағашқа, тасқа таңбалар қалдырған. Күрделі есептеулер жүргізу қажеттілігінен цифрлар пайда болған.

Адамдар сандарды бірінші рет не арқылы бейнелеген және алғашқы санау құралы не? (Саусақ)

Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қандай күн келеді? Жексенбіден 3 тәулік бұрын қандай күн келеді? (Сәрсенбі, Бейсенбі)

Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың ортасында  бір қаз  және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз?

                                                        Жауап Үш қаз

Еліміздің рәміздерін және олардың авторларын ата (

Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-1945ж)

Сіздерге рахмет айта отырып мына өлең жолдарды арнаймыз:

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейміз мәпелеп

Ұстаздардың есімін.

Келешекке- алтын бақ,

Қосар таудай үлесін.

Жасай берсін жарқылдап

Ұстаз атты ұлы есім!

Жүргізуші:

5 сынып оқушылары атынан ұстаздарға арналған сәлемдемесін қабыл алыңыздар. (видео ролик көрсетіледі)

Келесі тамашалайтындарыңыз «Үнді биі». Алдарыңызда биші қыздарыңыз

Жүргізуші: Жүрегі кең, ұстаздар, данасың ғой!

Қамқор болған біздерге баласындай.

Сынып жетекшілері, ыстық ықыласымызды

Қабыл алыңыздар,

Аялаған біздерді баласындай.

Қымбатты Ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бүгінгі күннен естелік ретінде 5- класс оқушыларының дайындаған сыйлығын қабыл алыңыздар!

1.Мирас

Суретшілік мамандығы-мектебімнің басшысы,

Сауаттылық, іскерлікке талап қояд ол кісі.

Ұлан ағай өзіңіздей болса егер,

Шәкірттердің алға басар бар ісі!

2.Шыңғыс

Тәрбие мен білім егіз қашанда,

Мықты тірек керек әрбір ұжымға.

Шәкірттерің мектеп атын шығарар,

Салима апай ортамызда сіз барда.

3.Мәди

Өміріме қажетті орыс тілі,

Көп тіл білу-артық емес бұл күні.

Лариса апай әрқашан еңбектеніп,

Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын.

4. Дәулет

Қазақ тілдің қасиетін үйреткен,

Сөз сөйлетіп, жыр жаттатып, мәнермен.

Таншолпан, Айнаш ұстаздарым сіздерді,

Құттықтаймыз ұстаздар күніменен

5.Сүндет

Математика-күрделі пән мектепте,

Ұстаздарым үйретеді еңбекпен.

Қоныс ағай, Айдана апай үнемі

«Рахмет» деп бас иеміз сіздерге!

6. Жарас

Ағылшын тілі-жаңа заман талабы,

Біздің Алтынгүл апайымыз сол саланың маманы.

Апайымыз сияқты

Жетік білу шет тілін

Әр баланың арманы.

Құрметтеген шәкірті.

Сыйымызға риза бол,

Мұғалімдер қауымы!

Осымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау – саламатта болыңыздар!





















Сынып сағат


Тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты тұлға»











Сынып: 2 Г

Мұғалімі: Құбай Ә











2018-2019 оқу жылы














36 мектеп – гимназиясының 2 «Г» сыныбында өткізілген тәрбиелік шараның

АНЫҚТАМАСЫ

Күні:5.10.2018

Тақырыбы: «Ұстаз – ұлағатты тұлға»

Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету; жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру; ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.


Көрнекілігі: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, сурет, гүлдер, шарлар.


Барысы:

І. Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.

ІІ. Ұстаздарға арнау (өлеңдер оқу).

ІІІ. Пікір алысу.

ІV. Ұстаздар құрметіне өнерлерін көрсету.

V. Қорытынды.




Қорытынды: Сынып сағат мақсатына жетті. Оқушыларға бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын түсіндірілді. Жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру; ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге туралы айтылды.



Өткізген мұғалім: Құбай Ә.Д. Қолы:________________











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!