«Ұстаз-ұлық емес,ұлы
қызмет»
Қазіргі дамыған жаһандану
заманында мамандық түрлері өте көп .Бірақ , солардың ішінде
мейірімділікті, ұлтжандылықты,шеберлік пен ептілікті
,білімділікті,жан-жақтылықты ,үнемі ізденісті талап ететін ұстаз
мамандығы сияқты мамандық кемде-кем шығар. Нағыз ұстаз атана
білу,оны мақтан тұту ,қадірлеп ,қастерлеу –әр мұғалімнің борышы.Өз
кәсібін ,өз пәнін мыңнан астам шәкірттерінің есімін білетін,
мектебін шексіз сүйетін ,жүздеген ұстаздың жағдайын жан-жақты біліп
отыратын,әлеуметтік-тұрмыстық,қарым-қатынастық мәселелердің түйінін
тарқатып,қолынан келер көмегін ешқашан аямайтын асыл тұлға
Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері , «Алтын жұлдыз» және «Отан
орденінің» иегері ,Алматы қаласының құрметті азаматы Аягүл
Төреқызын туа біткен ұстаз деп айтуға келеді . Жылдар бойы білім
беру ордасын басқарып, ҚР Білім беру ісінің Құрметті
қызметкерлерін,Білім беру ісінің үздіктерін , «Жыл мұғалімі»,
«Үздік педагог» байқауларының жеңімпаздарын шығарған ,ҰБТ-дан ең
жоғарғы бал жинау үшін ,республикалық,халықаралық олимпиадалар мен
ғылыми жобаларға қатысып, жеңімпаз болуда оқушыларға сапалы білім
беріп, жаңа өмір жолын бастауда дұрыс жол көрсетіп,еліміздің туын
биікке көтеретін азаматтар тәрбиелеуде алдына жан салмай еңбек етіп
келеді.
Жаны жайдар,жүзі
мейірімділікке ,адамгершілікке толы Аягүл апайымыздан үйренеріміз
көп-ақ. Кез-келген жерде сыйлы қонақ ,ақылшы,кеңесші болып жүретін,
педагогика саласында болып жатқан өзгерістердің ортасынан табылып
,өз үлесін қосып келеді.
Өз пәні бойынша бірнеше
оқулықтардың,дидактикалық,әдістемелік,электрондық құралдардың
авторы,сондай –ақ білім саласынан бөлек қоғамдық өмірге тікелей
араласып,өз тәжірибесімен,еңбек жолымен бөлісіп,кейінгі ұрпаққа
,жас мамандарға үлкен өнеге,өшпес мұра қалдырып
келеді.
Аягүл апай сынды ұстаздарымыз
барда жас өркеннің болашағы жарқын болатынына мен кәміл
сенемін.
Ұстаздар еңбегі өлшеусіз деп тегін
айтылмаған. Білімі мен бойларындағы барлық жақсылықты оқушыларына
беретін мұғалім ғана жақсы тәлім-тәрбие беріп, шәкірттерін «Білім»
деген үлкен теңізде жүздіре алады. «Өмір » деген үлкен болашаққа
бағыт-бағдар беріп, дұрыс жолды таңдауға септігін тигізе алады.
Оқушыларының бойына біліммен бірге адамгершіліктің нұрлы сәулесін
құйып, бар жақсылыққа баулиды. Міне, ұстаз дегеніміз-балалар
әлемінде тынбай еңбек етіп, балаға оларға тәрбие беру жолында өз
өмірін, күш- жігерін ұсынған
жан.
Алматы қаласы Түрксіб
ауданы КММ «№31 жалпы білім беретін
мектеп»
Сактаганова Айгуль
Омаровна