Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ұстаз-ұлық емес, ұлы –қызмет" атты мерекелік іс-шара
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
-
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
2. Жүргізушілер шығады.
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
-
жүрг. Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Бүгінігі «Ұстаз-ұлық емес, ұлы –қызмет» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!!!!
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектебіміздің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда! (қонақтарды таныстырады)
1...............................................................
2............................................
3..............................................
4........................................................
5..................................................
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән…………………………………………………………………………………………………..
1-жүргіуші: Аружан, сен қалай ойлайсың, Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Нұрсұлтан, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-Жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Тілеубергенов Аңсар.
2-жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
1- жүрг. Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
2-жүрг. Нұрсұлтан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1 жүргізуші:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Сембин Жангелді Көденұлын шақырамыз.
2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
Би..Үкілі ару............................
орындайтын………………………………………………………………………………….
1- Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – комиссия келгендегі мұғалімдердің жағдайы.
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 40 минут.
Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.
“Мұғалімге айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
1-Жүргізуші: Нұрсұлтан, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-Жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2-Жүргізуші: Иә, иә,тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Жүргізуші:- Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған шағын ойынымызды немесе емтиханымызды бастаймыз.
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-жүргізуші: Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
2-жүргізуші: Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Ана туралы ән. Орындайтын …………………………………
1-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән « » орындайтын ……………………………………………………………
2-жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рахметін.
Оқитын: Ахметжанов Қадірәлі
1- жүргізуші: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде ақылын ұстаздың,
Сағынады екенсін.
Сол ұстазға жаны нұр,
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.
1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді
Ғажап жандар.... (Ұстаздарға)
Көз ілмей-ақ атырған таңдары бар,
Мұғалімдер не деген ғажап жандар,
Ғажап жандар, жүрегі таза жандар,
Еттен емес темірден жаралғандар.
Араласып тіршілік тынысына,
Өзінің де өзгенің жұмысына
Кейде тіпті асығып киімінде,
Теріс киіп жүгіретін жұмысына,
Өйткені оның көңілі балаларда,
Өйткені оның бар ойы жұмысында,
Таң қалмаңыз, күлмеңіз мұнысына!
Мұғалім ғой қоғамды ұстап тұрған,
Сол қоғамға болатын биік қорған
Тарихтағы құдіретті ханның өзі
Ұстазымен ақылдасып билік құрған.
Ал қазір ше, қазір ол универсал,
Бірнеше сайыстардың финалисті
Тіпті қала әкімінің өзінің де
Мұғалімсіз өтпеген жиналысы.
Қайда концерт, қай жерде мереке бар,
Ұстаз жүрген барлық жерде береке бар,
Жаңбыр жаусын, қар жаусын, бұршақ жаусын,
Өкіметтің бұйрығы орындалсын,
Көңілі кең шалқыған жайықсыздар,
Судан алып өтетін қайықсыңдар,
Сондықтан да ұстаздар Сіздер ғана,
Әлемнің асылына лайықсыздар!!!
10