Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ұстаздар биік-тұлғалар!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне қажетті мерекелік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұстаздар – биік тұлғалар!»

Жүргізуші: Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген-шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.



Ұстаз деген – ұстаз болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ереңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қиғандар.

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есіміде шәкірттерге күндей жарық береді.

Ұстаздар қауымы төл мерекеміз құтты болсын! Бүлдіршіндеріміз биіктерден көріне берсін!

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың- дей келе №12 «Назерке» ересек тобының

«Ұстаз-ана» әндеріне кезек береміз.



Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –дей отырып балалардың тақпақтарына кезек берейік.



Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тіліннен бал тамған ақын да, егін салған диқан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

11 «Ертөстік» ересек тобының тәрбиеленушілерінің орындауында «Қамажай» биі.

Балалардың жүрегіне дем бересің

Екінші анам болып сен келесің

Мейірім – шуағыңды күндей шашып

Барлығына балалардың дән себесің – дей отырып Қалбаева Шолпанның ізгі тілектерін қабыл алыңыздар.



Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, -деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзіннен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелерің құтты болсын – дей келе кезекті №14 МАД тобының балаларын ортаға шақырып «Тәрбиеші» әнін тыңдайық.

10 «Балдәурен» ересек топ тәрбиеленушілерінің орындауында «Вальс» биі.

Бауыржан Момышұлы былай деген: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл ой, адамгершілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам – Ұстаз.

Ойын: «Оңай, қиын» «Жағдаят сұрақтар» «Ойлан тап»

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сендерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады. Ән «Ұстазым менің» караоке.















«Тексерілді»

«№21 Назерке бөбекжай бақша»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК-ның әдіскері

_________А.С.Умирбаева















«Ұстаздар – биік тұлғалар!»













10 «Балдәурен» ересек тобының

тәрбиешісі: Шамурадова М













2018-2019 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
324
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12