жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ұстаздар ғұмыр -ұстаз нұр"
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Ақтерек ауылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
№26 негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Смагулова Бақытжан Бауыржановна
Тақырыбы: «Ұстаздар-ғұмыр.
Ұстаз- нұр! »
Мақсаты: Оқушыларға ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге ұстаз еңбегін бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыр-сыларын түсініндіру. Оқушылардың ұстаздарға деген құрметтері және ұстаз бен
шәкірттер арасында тығыз байланыс орнату.
Көрнекілігі: қабырға газеті, тақырып даналық сөздер
-
Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең
2. Жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар!
Сіздерді 5-қазан мұғалімдер күнімен шын жүректен қ ұ т т ы қ т а й м ы з
Биік сенің ұстаздың қасиетін,
Мінез жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызда сақталар өсиетін ,-дей отырып, білімді.
Білікті тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеудегі тынымсыз еңбектеріңіз табысты болуына тілектеспіз.
Видеоролик Білім ғылым министр құттықтау сөзі
2-жүргізуші: Бақытжан Мұғалімдік мамандығы – құрметті, қоғамдық мәні жоғары, қиыншылығы мен сыры мол жауапкершілікті талап ететін мамандық. өйткені, әрбір отбасы мен қоғамның болашағы болып табылатын білім мен тәрбие мектепте мұғалім арқылы беріледі.
Мектебіміздің директоры Абенова С.Қ. сөз кезегін береміз.
Мәнерлеп оқу 2-сынып оқушылары мен 3-сынып оқушысы Шынарбек Балауса «Ұстазым» 4-сынып оқушысы Төлеген Балым «Мұғалім» 5-7сынып оқушылары
1-жүргізуші: Арай
Ұстаз жолы –ұлы жол. Сабақ түсіндіруде бірі ғылымға сүйенсе, екіншісі бойындағы білімге сүйенеді. Енді бірі ғылымды да, білімді де тұрмыспен ұштастырып, оқушыға ойын жеткізіп, жанын сала білім береді.
Бала жанын ұғатын,
Ардақты адам – Мұғалім.
Білім шыңы шығатын,
Асқақ тұлғаң – Мұғалім.
2-жүргізуші: Ел жұртына қадірлі,
Абыройлы – Мұғалім.
Ақылшысы, әншісі,
Терең ойлы – Мұғалім
Видеоролик мұғалім
1-жүргізуші: «Мұғалім мектептің жүрегі, өйткені, ол бәрінен де қымбат» деген сөзге сен қалай қарайсың?-----------
Ұстаз деп тек мектепте жүрген ұстаздарымызды ғана айтамыз ба?
2-жүргізуші: Әрине,жоқ, «ҰСТАЗ»деп мәңгі өшпейтін, мәңгі жасайтын есім. Ол қай жерде жүрсе де әрбір шәкірт болған адамның жүрек түкпірінде болуы тиіс деп ойлаймын.
1-жүргізуші:
6-8 сынып оқушыларын орындауында Телеқұттықтаулары қабыл алыңыздар.
Ұстаз болу – жүректің батылдығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның ақылдығы – дей келе ортаға 1-сынып шақырамыз.
2-жүргізуші:
Үйреткен өмір «уставын»
Үлгілі іске нұсқадың,
Ақ көңіл, іскер қашанда,
Ақылшым менің – ұстазым! – деп ортаға 2 сынып оқушыларының орындауында Ән: «Оқуда озат боламын» шақырамыз.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Ән: «Мектебім»орындаушы 5-сынып оқушысы Тельман Дариға
Би: 4-сынып оқушылары орындауында қазақ биі
1-жүргізуші:
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Ән: «Алғашқы ұстазым» орындайтын 3-сынып оқушылары.
2-жүргізуші
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Бастауыш сынып оқушыларының орындауында Флеш-моб
1-жүргізуші:
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Ән: «Ұстазым» орындайтын 6-сынып оқушысы Тельман Камила
2-жүргізуші
Ұстаздарым биік тұлға
байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
Ортаға ұстаздарымды шақырамын: «Кім мықты ойыны»
Сіздерге сұрақ .1.сізге берген ұстаздарды атаңыз?
2.Ең алғашқы шәкіртерінізді атаңыз?
3. Жас мамандарға бүгінгі мерекеде әріптестерінізге арнап тілек артынан ән айтыңыздар.
Майра ұстаздың орындауында ән
1-жүрг
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың
Би: 6-сынып оқушысы Мейрамбай Нүргүл орындауында
Ұстазыңды түсінген сен
тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Ән; «Ананың тілі» орындайтын 8-сынып оқушысы Аманжол Айназ
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай,дей келе 9-сынып оқушыларына беріледі.
2-жүргізуші:
“Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
ӘН: 4-сынып оқушылары орындауында «Ұстаз-ана»
Видеоролик
1 — жүргізуші:
Мұғалімнен өнеге — білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез —
келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Ұстаз «Мектептің жүрегі», «Бала
жанының бағбаны»,….. дей келе
5-7сынып оқушыларына орындауында
би беріледі.
1-жүрг
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
2-жүргізуші:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Хор «Ұстазым»
1 — жүргізуші: Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.
Видеролик Ұстазым әні
1.Мәнерлеп оқу бастауыш сынып –жоғары сынып оқушылары
2. 6-8 сынып «Телеқұттықтау»
3.1-сынып
4. 2-сынып «Оқуда озат боламын»
5. Ән;5-сынып оқушысы Тельман Дариға «Мектебім»
6.Би 4-сынып оқушылары
7. «Алғашқы ұстазым» 3-сынып
8.бастауыш сынып оқушылары Флешмоб
9.Ән 6-сынып оқушысы Тельман Камила «Ұстазым»
10.Би 6-сынып оқушысы Мейрамбай Нұргүл
11. Ән;8-сынып оқушысы Аманжол Айназ
12.9-сынып оқушылары
13.ӘН 4-сынып «Ұстаз-ана»
14. хор «Ұстаз»
15. Би: 5-7сынып оқушылары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген