Подкаст атауы: «Ұстаз үні»
Эпизод тақырыбы: «Ұстаздар жолы
– ұлылық, Ұрпағы жүрер
ұғынып»
Мақсаты: Ұлт
ұстаздары Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық
мұрасын насихаттау, қазіргі заман мұғалімдерінің тәжірибесі арқылы
ұстаздық жолдың қадір-қасиетін, жауапкершілігін және ұлт болашағын
тәрбиелеудегі рөлін көрсету; жас ұрпақтың бойында ұстазға деген
құрмет пен сенімді арттыру.
Қатысушылар:
•
Жүргізушілер: Еңлік мұғалім, 6-А сыныбы –
Әлішер, Инара
•
Қатысушы
қонақтар: Айшагул Сериковна Дюсембина,
Асем Рамазановна Куантаева, Перизат Казыбековна
Абдреймова
?
Кіріспе музыка
Еңлік
мұғалім:
-
Құрметті тыңдарман, «Ұстаз үні»
подкастының
«Ұстаздар жолы
– ұлылық, Ұрпағы жүрер
ұғынып» атты айдарына қош
келдіңіздер! Бүгін біз ұлт ұстаздары
– Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет
Байтұрсынұлының сара жолымен келе жатқан,
ұлттық болмысты сақтап қалуды парызы деп білетін, оқушыларға білім
берумен қатар, оларды адамгершілікке тәрбиелеп жүрген ұстаздарымыз
– Айшагул Сериковна Дюсембина, Асем Рамазановна Куантаева, Перизат
Казыбековна Абдреймова ұстаздарымызбен бірге ұлт ұстаздарының
аманаты, сонымен қатар, ұстаздық жолында болған қызықты оқиғалары
жайлы ой өрбітетін боламыз. Бізбен бірге
болыңыздар!
Әлішер:
-
Көкейімізді мазалап жүрген
сұрақтарға көшпес бұрын, Инара, менің айтарым бар. Қазақта мынадай
жақсы мақал бар: «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші,
мен алдымен бүгінгі қонақ болып келіп отырған ұстаздарымызды
таныстырғым келіп отыр. Сіздердің орталарыңызда талаптың мініп
тұлпарын тас қияға өрлеп жүрген шәкірттерді облыстық, республикалық
бәйгеден жүлдемен әкелетін, 40 жылға таяу еңбек өтілі бар,
зерттеуші ұстаз, математика пәнінің мұғалімі, біздің ұстазымыздың
ұстазы – Айшагул Сериковна.
Инара:
-
Додаға қосқан оқушылары
облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүретін, 30 жылға
жуық еңбек өтілі бар, сарапшы ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі және
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Асем
Рамазановна.
Әлішер:
-
Еш байқаудан шәкірттерін
жүлдесіз қайтармайтын, оқушылары шетінен пысық, облыстық,
республикалық байқауларда мектебіміздің атын шығарып жүрген
шәкірттерді тәрбиелеуші, 20 жылға жақын еңбек өтілі бар, сарапшы
ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Перизат
Казыбековна. Қошеметтеріңіз болсын!
Еңлік
мұғалім:
Инара:
Еңлік
мұғалім:
-
Айтпақшы, өздеріңіздің тәжірибелеріңізден мысал
келтірсеңіздер. Сіздер де жас маман
болдыңыздар, ұлтты тәрбиелеу оңай шаруа емес, осы жолға келерде
сіздерде де қорқыныш болған шығар. Қай
кезде өздеріңізді ұлт ұстаздарының ізін жалғастырып жүрмін
деп,
қандай жағдайдан кейін
өздеріңізді ұлт ұстаздарының аманатын арқалап жүрмін деп
сезіндіңіздер? Және ұстаз болу арман ба, әлде тағдырдың таңдауы
ма?
Әлішер:
-
Жауаптарыңызға көп рахмет!
Осыдан 10-20 жыл бұрынғы білім жүйесі және сол білімді алған
оқушылар мен қазіргі білім беру жүйесі және оқушылардың арасында
айырмашылық бар ма және көңілдеріңіз тола ма? Қазіргі мектеп, білім
беру жүйесі Ахмет пен Ыбырай армандаған мектеп мен білім жүйесіне
қаншалықты ұқсайды деп ойлайсыздар?
Инара:
Әлішер:
Инара:
Еңлік
мұғалім:
Инара:
Әлішер:
Инара:
–
«Менің шәкірттеріме қалдырар ең үлкен өсиетім…»
деп жалғастырып берсеңіздер.
Еңлік
мұғалім:
Ақырын жүріп, анық
бас,
Еңбегің кетпес
далаға.
Ұстаздық қылған
жалықпас
Үйретуден балаға,- демекші,
сіздердің еңбектеріңіз еш кетпейді, өз жемісін береді. Оның дәлелі
– мектебіміздің осы күндегі деңгейі.
Құрметті тыңдармандар, біз білім – өткен мен
болашақты жалғайтын алтын көпір екенін, ұстаздың жолы – ұлы жол
екенін тағы бір мәрте түсіндік. «Ұстаз үні» подкастында
қайта жүздескенше!