Ұстаздар күні-2020 мерекелік сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар күні-2020 мерекелік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік !

(онлайн форматтағы мерекелік кеш бағдарламасы)


Баяу музыка ойнап, тұрады ...

Қазбек: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім - ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат өзіне әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Айкүміс: Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез - келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады.

Қазбек: Сәлем бердік ұстаздар, баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

Айкүміс: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Қазбек: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Айкүміс: Армысыздар, ағайын !

Қазбек: Мектебіміздің оқушыларының тікелей эфирде өткізуге дайындаған «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік ! » атты онлайн концертімізге қош келдіңіздер !

Айкүміс: Бүгін бізде үлкен мереке. Себебі: бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Олай болса бүгінгі күн ардақты ұстаздарымызға арналмақ.

«Ардақты ұстазым» әні – Арыстанбекова Жансая (әнші өзі шығады)

Қазбек: Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтау үшін мектебіміздің директоры Нурбаев Роллан Қанатұлына сөз береміз !

Қазбек: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Айкүміс: Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

Қазбек: Биылғы жылы мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларының ұстаздарға арнаған тамаша жырларына кезек берейік !

Қазбек: Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль — Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.

Айкүміс: Ұстаз - шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылымен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде,
Бар байлығым, шәкірттерім сен дейтін!

Қазбек: Ардақты ұстаздар қауымына «Інжу» бишілер тобы өздерінің би шашуын арнайды. Қабыл алыңыздар ! (қазақша би)

Айкүміс: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Қазбек: “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, аяулы ұстаздарымыздың қадіріне жетіп, ардақтай білейік!

Айкүміс: Ардақты ұстаздар қауымына арналған «Ұстазым» әнімен ортаға ағайынды Жармахан мен Назым Балтабайларды шақырамыз! Қошеметтеп қойыңыздар!

Қазбек: Бүгін бізде ерекше күн, басқаша,

Ұқсамайтын өзге күнге, басқаға.

Әннен шашу шашылады дәл бүгін,

Ұлағатты, ардақты жан – ұстазға !

Айкүміс: Ұстаздарымызды бүгінгі қуанышты күнімен құттықтау үшін ортаға жас әнші Төлеубек Аяжанды «Мереке» әнімен шақырамыз! Қазбек: Қошеметтеп қойыңыздар !

Айкүміс: Ұшсам да түлеп мектептен,

Қия алмай жүрмін ұстазды!

Шәкірттік жылы лебізім,

Ұстаздарыма арналады!

Қазбек: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортаға 2020 жылдың алтын түлегі Даукенова Айгерімді шақырамыз. Қошеметтеп қойыңыздар !

Айкүміс: Құтты болсын ұстаздар, мерекеңіз !

Қуанышпен өтсін әр кез, әр күніңіз !

Шәкірттердің өнеріне қол соғып,

Қуанышты сәттерге куә болыңыз !

Қазбек: мектебіміздің «Інжу» бишілер тобының тамаша биіне кезек берейік! Қабыл алыңыздар !
Айкүміс
: Ұстаз — шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау — адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Қазбек: Біз кешпеген өмірдің ақ, қарасын,
Жалықпай соны үйретіп ақтарасың.
Біз түгіл бүкіл әлем бас иеді,
Ешбірі өзіңдей жан таппағасын !

Айкүміс: Сахна төріне мектебіміздің әншісі Аралбай Аружанды «Ұстазым менің, ұстазым!» әнімен шақырамыз!

Айкүміс: Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу — адамның асылдығы !

Қазбек: Құрметті ұстаздар, сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен тағы да құттықтай отырып, сіздерге егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде мықты денсаулық, қажырлы қайрат, шығармашылық табыс тілейміз! Сіздер тәрбиелеген шәкірттер еліміздің түкпір — түкпірінде ел игілігі үшін жемісті еңбек етіп, сіздердің үміттеріңізді ақтап, абыройларыңызды асқақтата берсін!

Айкүміс: Меркелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар!

Қазбек: Құрметті қонақтар, бүгінгі қашықтықтан ұйымдастырылған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік ! » атты мерекелік бағдарламамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз !

Айкүміс, Қазбек бірге: Келесі кездескенше сау болыңыздар !


 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2020
1400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі