400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұстаздар күні тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге және оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстазым,ұлағатым,үлгі-өнегем


1 жүргізуші:  Армысыздар аяулы ұстаздар! Күздің тамаша шуақты күнінде, қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар

Өздеріңмен бастау алар бар арман!

2 жүргізуші: Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек. Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты кешімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға

Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма.

Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған

Бас иіңдер, ұстаз деген қасиетті жандарға!

1 жүргізуші:   Пейілі қазақтың кең даласындай

Ағайлар бар ортамызда дәл осындай

Берейік басшымызға сөз кезегін

Көзінің ағы менен қарасындай – дей келе «Ұстазым,ұлағатым,үлгі-өнегем»атты мерекелік жиынымызды ашу үшін құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Тәждинов Әділмырза Хайруллаұлына береміз!

2 жүргізуші:  Мұғалім – оқушы үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады. Ендігі кезекте «Ұстазым» әнімен Елеусіз Нұрдана ортада

1 жүргізуші: Ұстаз-ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру ,жақсы қасиеттерді бойына

дарытып,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

 Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашан да кешірген

«Өмір жолы қиын жол» деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

Монолог:«Ұстазға құрмет»Әптай Сағина,Нұрсұлтан Рахат

2 жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Ислам?Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды.Себебі ұстаздық өнер, тағылымы терең өнер,Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.Олай болса шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

1 жүргізуші: Айгерім мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын: Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Данышпанда, дана да оқып сенен

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең.

—  дей келе мектептегі шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,тәлім тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз--Шәркүл апай, Дариға апай,Ақмарал апайларға сөз кезегін береміз.

Ән:  « Ұстазым »Тасболат Әзизбекті ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:  Ұстаз — әке, өйткені ол  шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, шәкірттерін туған баласындай баурап, өмір өрнектерін баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдасс әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.  Ендеше әке, ана, достарымызға арнап тамаша бір ән жолдаймыз.

Хор:   « Ұстазым, достарым » орындайтын 11б сынып оқушылары

1 жүргізуші:  Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.

Ән: Өскенбай Рамазан «Ұстаз» әнімен ортада.

2 жүргізуші:  Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

Би: Флешмоб 11а сынып жігіттері ортада

1 жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін мереке.

Көңіл толқыны:«Мұғалім»11а сынып оқушыларын ортаға шақыамыз 

2 жүргізуші:Қуат алып күндерден алыстағы

Жүресіңдер мініп ап намысқа бір

Дерек сіздер өткеннен,керексіздер

Болыңыздар бай қуатты арыстарым-дей келе ортаға әсем әнге кезек берейік. Ортада: Наматжан Гүлнара «Ұстазым» әнімен ортада

1 жүргізуші:  Ұлағатты ұстаздар! Сіздердің үлгі-өнегелеріңіз әрдайым жадымызда!

2 жүргізуші:  Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!  Сіздерге зор денсаулық Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. ОРТАДА ХОР (11 сыныптардың орындауында)

Жүргізушілер бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
1529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі