400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰСТАЗДАР МЕРКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Материал туралы қысқаша түсінік
қалалық мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан обылысы Келес ауданы Абай ауылы.

Алдиярова Эльмира Кудайбергеновна.

ҰСТАЗДАР МЕРКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1940 жылы 2 қазанда «Кәсіптік білім беру саласының ұстаздары күні» КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік еңбек резервтері туралы" Жарлығы қабылданды, онда кәсіптік мектептердің үш түрі анықталды: қолөнер, теміржол және зауыттық оқыту мектептері. Сондай-ақ осы жылдары техникалық минимумның бір жылдық курстары құрылды, олар кейіннен техникалық кәсіптік мектептер деп аталды. Сондықтан ТМД елдерінде биыл кәсіптік-техникалық білім беру күнінің 82 жылдығы-2 қазан атап өтіледі. Ал КСРО Жоғарғы Кеңесінің қазан айының бірінші жексенбісінде жыл сайынғы Мұғалімдер күні мерекесін белгілеу туралы Жарлығына 1965 жылы 29 қыркүйекте қол қойылды. Сондықтан биылғы 2022 жылы бір күнде екі мереке тұспа-тұс болды. Осы мерекені қалт жібермей №13 колледждің белсенділері және «Шабыт» бишілдер тобы ұлағатты ұстаздарға тосын сый жасап, керемет қошемет білдіріп, әрбір ұстазды ерекше көңіл—күймен қоса мерекелік іс-шарамен қарсы алды. Ғалымда, шахтерде бас иетін, ұстаздық жолы көпке өнеге, білім алушыларды білім нәрімен сусындататын ұстаз атты кең пейіл, жомарт жандарға студенттеріміз өз өнерлерін ортаға салып концерттік бағдарлама тарту етті. Іс-шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржігіт Нұрмағанбетұлы ашып беріп, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздық жолдағы істеріне сәттілік тілеп, студент жастарымызға алғысын білдірді. Адам ұрпағымен, ұстаз шәкіртімен мың жасайды десек қадірліде аяулы ұстаздар тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіз ел үмітін ақтар, жақсылыққа бастар, ел болашағының жарқын болуы жолында қызмет ете берсін. Алар ассуларыңыз, жетер жетістіктеріңіз көп болсын. Шәкірттеріңіз ел мақтанар абыройы биік кәсіп иесі болсын.

Ұйымдастырған :Көркем өнерпаз үйрме жетекшісі Алдиярова Эльмира Кудайбергеновна.

Әлеуметті желідегі сілтемесі:

https://www.facebook.com/photo?fbid=819089695949471&set=pcb.819090202616087



Түркістан обылысы Келес ауданы Абай ауылы.

Алдиярова Эльмира Кудайбергеновна.


ТАЛАНТ ШОУ! СЕН ТАЛАНТСЫҢ АТТЫ БИШІЛЕР БАЙҚАУЫ


Келес ауданы әкімдігі “ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ” КММ-нің ұйымдастыруымен жас таланттарды қолдау мақсатында «Талант шоу, сен талантсың» атты аудандық бишілер байқауы өтті.

Келес аудандық мәдениет үйінде өткен байқау көрерменнің көңілінен шыға білді. Байқауға ауданға қарасты ауыл және ауылдық округтерден жиналған 10 команда қатысты.

Байқау 2 кезеңнен тұрды.

1- Қазақтың ұлттық биі

2- Еркін тақырыптағы би

Мың бұралған бишілер көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, әділ-қазы алқаларын таңдай қақтырды. Әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша жүлделі орындар анықталды. Нәтижесінде №13 колледждің «Шабыт» би тобы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

Жүлделі болған жастарға арнайы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы атынан дипломдар және бағалы сыйлықтар берілді.

Жетекшісі: Алдиярова Эльмира Кудайбергеновна.


Әлеуметті желідегі сілтемесі:

ttps://www.facebook.com/photo/?fbid=990556248591410&set=pcb.990558051924563

Picture 4



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
02.03.2023
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі