400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздар тәжірибесі насихатталды

Материал туралы қысқаша түсінік
Сатылай кешенді талдау технологиясы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздар тәжірибесі насихатталды

2019 жылдың 26 маусымы  күні  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда «Сатылай кешенді талдау» технологиясын пайдалану жолдары» тақырыбында Талғар, Сарқан, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай аудандары мен Талдықорған, Есік қалаларындағы орта мектеп, гимназиялардан 30-дан аса мұғалім қатысқан облыстық педагогикалық шеберлік сыныбын  өткізді.

Облыстық шеберлік сыныбының  мақсаты  –  «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша педагогтердің педагогикалық шеберлігін шыңдау. Шеберлік сыныбының міндеттері:

  • Сатылай кешенді талдау жүргізу шеберлігі бойынша озық тәжірибені көрсету;

  • педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ «Оқу жұмысы және мониторинг қызметі» бөлімінің басшысы А.Сариев ашып, заманауи білім беру – жаңашыл тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, педагог-ғалым Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби  тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін     көрсететіндігіне тоқталып өтті.Аға оқытушы Н.Қылышбекова іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, Алматы облысының әр түкпірінен келген мұғалімдердің шығармашылық қызметтеріне сәттілік тіледі.

Шеберлік сыныбы жұмысы аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес өз тәжірибелерін көрсетіп, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, талдау үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Облыстық іс-шараны   қорытындылай келе, Н.Қылышбекова іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге құрмет грамоталарын   табыс етті.

 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 маусым
540
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі